ГОЛШТИН ТҰҚЫМДЫ СИЫРЛАРДА ҚАННЫҢ ТЫНЫС АЛУ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТРУДАҒЫ КОРТИЗОЛ МЕН ПРОГЕСТЕРОННЫҢ РӨЛІ
Голштин тұқымы қашарларының ағзасындағы эритрацитарлы гомеостазға және оның стероидты гормондардың – кортизол мен прогестеронның мөлшерімен байланысына сандық баға берілді. Тәжірибелік топтың (n=10) қашарларынан 3, 6, 9, 12, 15-айлық жастарында қан алынды. Эритроциттер, гемоглобин және гематокрит мөлшері 15 айға қарай 36,33; 12,93 және 40,18%-ға артады. Бұл жағдайда эритроциттердің көлемдік сипаттамалары (эритроциттің орташа көлемі, эритроциттердің көлемі бойынша таралу индексі) іс жүзінде жасына байланысты емес, бірақ олардың гемоглобинмен қанықтылығы (эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшері, эритроциттегі гемоглобиннің орташа концентрациясы) төмендейді.Стероидты гормондардың - прогестерон мен кортизолдың деңгейі жас ұлғайған сайын 46,06 және 8,24 есе артады (р≤0,05). Бұл ретте кортизолдың концентрациясы эритроциттер санымен (r=0,71 - 0,95), көлемі бойынша эритроциттердің таралу индексінің шамасымен (r=0,74 - 0,98) статистикалық маңызды арақатынаста болады. Прогестерон деңгейі, 9 айдан бастап, сондай-ақ эритроциттер (r=0,82 ‒ 0,93) және гемоглобинмен (r=0,63 ‒ 0,73) байланысты. Алынған нәтижелер қанның жасушалық құрамы мен стеоидты гормондар арасындағы тығыз байланысты бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселені одан әрі зерттеу өзекті болып табылады.