Мәзір

№ 2 (90) (2021): Ізденістер, нәтижелер

сәуір - маусым 2021

Жарияланды: 30.06.2021

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

ҚАЗАҚСТАНДА САЗАН ӨСІРУ ӨНДІРІСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖƏНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Бірлесіп жасалған зерттеу жұмыстарының негізінде, мəліметтер жинап реттеу əдісін пайдалану арқылы, Қазақстан сазан өсіру өндірісінің қазіргі жағдайы мен даму болашағына талдау жасалды. Нəтиже 20-ғасырдың басында Қазақстан көптеген өңірлеріндегі су алаптарына сазан балығын (Cyprinus carpio Linnaeus) жерсіндіру, қолдан көбейту, тоғандарда жетілген шабақтарды өсіру жəне сол шабақтарды ірі су алаптарына жіберіп, оның ауланатын кəсіптік балық түріне айналдырғандығын көрсетті. Қазіргі уақытта, сазанның жетілген шабақтарының өсірілу барысында өмір сүру коэффициенті 21.5%, салмағы 22.5 грамм/дана, бірлік өндіріс өнімі 450кг/гектар, су алаптарына жіберілу жалпы саны 103400000 дана/жыл, ірі су алаптарынан ауланатын жəне тоғандарда өсірілетін тауарлық балықтарының жылдық өнім мөлшері 150-3100 тонна болған. Қазақстанда сазан өсіру технологиясы кенде, тоғандарда жетілген шабақтарын өсіру өнімділігі төмен, көлемі кішігірім су айдындарында тауарлық сазан өсіру жоқтың қасы, сазан өсіру кəсібін дамытуда шетелдің озық техноло-гияларын енгізумен бірге, еліміздің балық шаруашылығына баса назар аударып, балық өсіру өндіріс құрылымын реттеуді күшейту керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметі бойынша, əр адам жылына кемінде 16-18 кг балық тұтынуы керек. 2030 жылға қарай елімізде балықты тұтынуды жылына жан басына шаққанда 28 кг-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін тиімді ғылыми негізделген əзірлемелерді енгізу жолымен көл-тауарлық, тоған, индустриялық сияқты тауарлы балық өсірудің барлық бағыттарын қарқынды дамыту қажет. Балықтардың өсімдікқоректі түрлерінің балық өсіру материалын өндірудің экономикалық тиімді технологиялық тəсілдерін енгізу, елдің əртүрлі өңірлерінде тауарлы балық өсірудің рентабельділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЖЫЛҚЫЛАРДЫ САҚАУЫНЫҢ STREPTOCOCCUS EQUI - ҚОЗДЫРҒЫШЫНА ҚАРСЫ БАКТЕРИОФАГТАРДЫ ОҚШАУЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Биологиялық препараттарды жасауда, бактерияларды бөліп, ажыратуда сақау фагының биологиялық қасиеттерін зерттеу маңызды кезең болып табылады. Фагтың сезімтал бактерияларға әсер етуінің басты белгісі олардың лизисі болып табылады, ол қоректік ортаға фагтардың жаңа вириондарының шағуымен бірге жүреді.
Осы жұмыстың жаңалығы Қазақстанда алғаш рет Алматы облысының шаруашы-лықтарынан бөлінген сыртқы орта объектілері мен биоматериалдарды, жылқы малын емдеу үшін бактериофагтардың биологиялық қасиеттерін зерттеу.
Зерттелген барлық фагтар: Аппелман әдістемесі бойынша 107 - 109 және Грациа әдістемесі бойынша 109 - 1010 титрге тең болды, Streptococcus equi - ге қатысты айқын белсенділік танытса, ал Streptococcus aureus және Escherichia coli-ге қатысты белсенділік танытпады, олар 2 ай бойы литикалық белсенділіктерін сақтап, 30 минут бойы 60°С-95°С арасында қызуға төзімді болды. Сақау фагтары 45 минут ішінде 10% хлороформ ерітіндісіне төзімді болды.

AЛМAТЫ ОБЛЫCЫНДA ОРНAЛACҚAН ШAРУA ҚОЖAЛЫҚТAРЫ ТОПЫРAҚТAРЫНЫҢ AУЫР МEТAЛДAРМEН ЛACТAНУ ДӘРEЖECІН ЗEРТТEУ

Мaқaлaдa Aлмaты облыcындa орнaлacқaн «AлeмТрeйд KZ» ЖШC жәнe «Aйдaрбaeв ш/қ» шaруa қожaлықтaрының топырaқтaрынaн aлынғaн үлгілeрдің aуыр мeтaлдaрмeн лacтaнуын зeрттeу нәтижeлeрі бeрілгeн. Зeрттeу жұмыcы үшін топырaқ үлгілeрі 2020 жылдың көктeм aйының бacындa, жaздa жәнe күзіндe aлынды. Топырaқ жaмылғыcының eгіcтік қaбaтындaғы Hg, Cd, Pb жәнe As дeңгeйлeрі aнықтaлды. Cынaмaлaрдaғы токcико-элeмeнттeрдің мөлшeрін aнықтaу бойыншa жүргізілгeн зeртхaнaлық тaлдaулaр Қaзaқcтaн-Жaпон инновaциялық ортaлығындaғы TaLab вольтaмпeромeтрлік тaлдaушыcы бaр novaa350 aтомдық-aбcорбциялық cпeктромeтріндe орындaлды.
«АлемТрейд KZ» ЖШС шаруашылығы бойынша алынған нәтижелер шекті рұқсат етілген концентрациямен салыстырғанда ауыр металдар құрамының төмен деңгейін көрсетті. Кадмий мөлшері орта есеппен 0,0869 мг/кг, қорғасын - 0,0395 мг/кг, мышьяк - 0,0062 мг/кг және сынап - 0,0094 мг/кг құрады. Барлық маусым бойынша екі шаруашылықтың топырақ сынамаларындағы сынап пен күшәннің орташа концентрациясы орташа есеппен 0,02239 мг/кг және тиісінше 0,0194 мг/кг құрады, бұл ШРК-дан аспайды.
Топырақ сынамаларын зерттеу бойынша кадмий, сынап, қорғасын және күшән шекті рұқсат етілген концентрация шегінен аспайтынын көрсетті. Алынған нәтижелер Республиканың табиғи объектілеріндегі ауыр металдардың құрамы бойынша қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізу үшін негіз бола алады.

ЭШЕРИХИОЗ ҚОЗДЫРУШЫСЫНЫҢ ЗАРДАПТЫЛЫҚ ҚАСИЕТІ

Мал шаруашылығы өнімдерін арттырудың негізі жаңа туылған төлдерді сақтап қалу, күтіп-бағудың жаңаша жағдайларына бейімделген, жақсы дамыған төлдерді өсіру болып табылады.
Төл басын жоғалтудың негізгі себептері асқазан-ішек жолдары мен тыныс жолда-рының инфекциялық аурулары.
Осы аурулар шаруашылыққа әжептәуір экономикалық шығын әкеледі, оны, төл басының 50-80% ауруға ұшырап, оның ішінде 30-40% өлім жітімге ұшырайтындығымен түсіндіруге болады.
Мақалада төл ауруларының кең көлемде тараған ауруларының бірі эшерихиоз ауруына шағын сипаттама бере отырып, өлгeн жәнe клиникалық сау бұзаулардан бөлініп алынған адгeзивті антигeнгe иe эшeрихия өсінділерінің зардаптылық қасиeтін әртүрлі жануарлар эритроцитін гeмолиздeу қабілeтінe қарай анықталған, сондай-ақ ақ тышқандарға биосынама қойылған. Зардапты эшeрихиялар үш – альфа, бeта жәнe дeльта гeмотоксиндeрін түзетіндігі, E.соli гeмолитикалық бeлсeнділігін анықтау нәтижeсі анықталған. Арнайы зертханада морфологиялық, биохимиялық, антигендік және уыттылық қасиеттерін зерттеу нәтижелері бойынша 6 штамның екі штамын - E.coli 21 (K 99), E.coli 36 (F-41) сұрыптап алынып, гипериммундеуге пайдаланылған. Жүргізілгeн зeрттeу нәтижелері жаңа туылған бұзаулардың арасында асқазан-ішeк жолдары ауруларының этиологиясында бактeриалық инфeкцияның маңызы зор eкeнін көрсeтті.

ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ САҚАУ АУЫРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ

Бұл әдебиеттерді талдау әлемнің көптеген елдерінде жылқы сақауы шаруашылығының дамуына айтарлықтай экономикалық зиян келтіретін кең таралған аурудың бар екенін көрсетеді. Қиындықтан туындаған экономикалық залал ауру жануарлардың өсуі мен дамуының артта қалуынан, жас жылқылардың майлы және өлімінен, сондай-ақ жыл сайын осы аурумен күресуге бағытталған емдеу және ұйымдастырушылық - экономикалық шараларды жүргізуге жұмсалатын қаражаттан тұрады.
Жылқылардын сақау ауруы бұрыннан белгілі болғанына және ол туралы кең ғылыми ақпарат жиналғанына қарамастан, осы аурудың көрінісі мен оған қарсы күрес туралы көптеген мәселелерді зерттеу қазіргі уақытта өзекті болып қала береді.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ МИКОБАКТЕРИЯЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ БАКТЕРИОФАГТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Бактериофагтардың биологиялық қасиеттерін зерттеу биологиялық өнімдерді жасауда, фагтік индикацияны және бактерияларды фагтік - сәйкестендіруде маңызды кезең болып табылады. Фагтың сезімтал бактерияларға әсер етуінің басты белгісі-олардың лизисі, ол фагтың жаңа вириондарының қоректік ортаға шығуымен бірге жүреді.
Сыртқы орта объектілері мен биологиялық материалдан бөлінген микобактерияларға қатысты бактериофагтардың негізгі биологиялық қасиеттерін зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілді.
Барлық зерттелген фагтарда Аппелман бойынша 107 - 109 және Грациа бойынша 109 - 1010 титрі болды, микобактерияларға қатысты айқын ерекшелігі болды: M. bovis, M. tuberculosis, M. kansasii, M. avium, M. scrofulaseum, M. phlei, M. terrae, M. intracellulare, M. smegmatis және микобактериялардың басқа түрлеріне қатысты белсенділік танытпады.

Барлық көрсетілген фагтар 2 ай бойы литикалық белсенділікті сақтап қалды, 30 минут ішінде 50°С - 70°С шегінде қыздыруға төзімді болды. Фагтар 45 минут бойы 10% хлороформ ерітіндісінің әсеріне төзімді болды.

СУБДОМИНАНТТЫ, ДОМИНАНТТЫ ФОЛЛИКУЛДЕРДІҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ СИЫРЛАРДЫҢ АНАЛЫҚ БЕЗДЕРІН УДЗ ӘДІСІМЕН СКАНЕРЛЕУ ТЕХНИКАСЫ

Мақала авторлары сиырларда эстралдық цикл кезінде аналық бездерінде субдо-минантты және доминантты фолликулдардың өсу динамикасын зерттеу үшін жиілігі 5,0-7,0 МГц дөңес эндоректальды түрлендіргішпен жабдықталған PU2200Vet қондырғысы қолданылды. Сиырларда субдоминантты және доминантты фолликулдердің өсу қарқынын анықтау үшін екі аналық бездерді де арасына 48 сағат уақыт салып Ультрадыбыстық әдіспен зерттеу оңтайлы әдіс болып табылады. Мақала авторлары субдоминантты және доминантты фолликулдердің көлемін анықтау үшін келесі әдісті – фолликулдердің көлемін анықтауды ұсынады, ал фолликулдердің ені мен ұзындығын өлшеу дәл әдіс болып есептелмейді. Субдоминантты фолликулдардың минималды көлемі 6,4064 мм2 (3,08-2,08 мм) құрады. Зерттелген жануардағы ультрадыбыстық сканерлеудің алдын-ала нәтижелері бойынша доминантты фолликулдардың екі өсу толқыны анықталды, бірінші доминантты фолли-кулдардың өсу толқынының ұзақтығы 4 күн, доминантты фолликулалардың екінші өсу толқынының ұзақтығы-12 күнді құрады, доминантты фолликулдар өсуі әдетте субдо-минантты фолликулдар популяциясының өсуімен қатар жүреді, субдоминантты фоллику-лалардың басым көпшілігінде фолликулалардың көлемі 6,4064 мм2 мен 42,042 мм2 аралығында болған. Жүргізілген эксперименталдық жұмыстардың нәтижесі көрсеткеніндей, субдоминантты және доминантты фолликулдердің өсу динамикасын зерттеу үшін тәжірибені эстралдық циклі өз бетінше өтіп жатқан сиырларда бір эстралдық кезінде жүргізу қажет.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, АГРОХИМИЯ, АЗЫҚ ӨНДІРУ, АГРОЭКОЛОГИЯ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕМІС АҒАШТАРЫНДАҒЫ АҚ ҰНТАҚ АУРУЫНЫҢ ТАРАЛУЫ МЕН ДАМУЫ, ҚОЗДЫРҒЫШТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАСЫ

Мақалада Түркістан облысы жағдайында жеміс ағаштарының ақ ұнтақ ауруы қоздырғышының биологиялық ерекшеліктері, аурудың таралуы мен дамуы зерттелді. Ауруға қарсы фунгицидтер қолданылып, олардың биологиялық тиімділіктері туралы мəліметтер келтірілді. Түркістан облысының негізгі жеміс аймақтарының – Темірлан, Қазығұрт, Келес аудандарында орналасқан алма бақтарына маршрутты тексеру жүргізілді. Тексеру жұмыстары жемістің тауарлық пісіп-жетілу кезеңінде фитопатологиядағы және өсімдік қорғаудағы жалпылама қабылданған әдістер бойынша орындалды. Келес ауданы «Абай» шаруақожалығында 2 гектар алма бағын тексеру барысында, алма жапырақтарында ақ ұнтақ ауруының таралуы 60,8%, ал даму деңгейі 38,0% көрсетті. Алма жемістерінде таралуы 44,2 көрсетсе, даму денгейі 25,6% көрсетті. Қазығұрт ауданы «Ерімбетова» шаруақожалығында 3 гектар алма бағын тексеру нәтижесинде ақ ұнтақ ауруының жапырақтарындағы таралуы 63,4%, ал даму деңгейі 42,1% көрсетті. Жемістерінде ақ ұнтақ ауруының таралуы 58,8% көрсетсе, даму денгейі 26,2% құрады. Түркістан облысы Темірлан, Қазығұрт, Келес аудандары шаруақожалықтарында алманың вегетация кезінде ақ ұнтақ ауруына қарсы Топаз 100, к.э., шығу мөлшері гектарына 0,4 л (эталон), байлетон, 25% с.ұ. шығу мөлшері гек-тарына 0,2 кг фунгицидтерімен 3 қайтара; триафол, 25% с.к шығу мөлшері гектарына 0,15л фунгицидтерімен 2 қайтара бүрку жүргізілді: біріншісі - гүл түйіні қызғылттана бастағанда; екіншісі - гүлдеуден кейін; үшіншісі - екінші өңдеуден 10-15 күн өткен соң қолданылады. Алманың ақ ұнтақ ауруына қарсы ең тиімді фунгицид Триафол, 25% с.к 0,15 л/га болды. Биологиялық тиімділігі 97,8%, ал эталон, Топаз 100 к.э 65,3 % құрады. Демек, алманың ақ ұнтағымен күресуде Триафол, 25% с.к фунгициді, өте жоғары тиімділік көрсетті.

АЗИЯЛЫҚ ШЕГІРТКЕЛЕРГЕ ҚАРСЫ ЭНТОМОПАТОГЕНДІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ ШТАММДАРЫН (ТОПТАМАСЫН) ВИРУЛЕНТТІЛІК БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША СКРИНИНГТЕУ

Мақалада Beauveria bassiana саңырауқұлағының әртүрлі систематикалық топтарына жататын бунақденелілерден бөлініп алынған 25 изоляттарының уыттылық белгілері бойынша азиялық шегірткесінің 2-3 жас шамасындағы дернәсілдеріне алқашқы скрининг жасалды. 25 штаммның ішінен бес штаммы 21 тәулікте (BCo1-14, BSc1-15, BSc2-15, BTr1-16, BPit-16) инокуляция процесі аяқталған соң, дернәсілдердің өлім деңгейі 90-100% жетіп, оларға қарсы жоғары биологиялық белсенділік көрсетті. Ие организмнің өлімге ұшырау деңгейі мен жылдамдығы бойынша ең жақсы әсер еткен штаммдар - BCo1-14, BSc1-15, BSc2-15, BTr1-16, BPit-16. Ал ең жоғарғы биологиялық белсенділік BSc1-15 штаммында байқалды, себебі залалданғаннан соң бар-жоғы 15-тәулікте тест-бунақденелілердің өлу деңгейі 100% құрады. Ең төменгі белсенділікті BCi4-14 штаммы 35,0-62,5% аралығында көрсетті. Бақылау нұсқасындағы (өңдеусіз) азиялық шегіртке дернәсілдерінің 21-тәулікте өлу деңгейі 15,0±2,88% байқалды. Осылайша зерттеуге алынған штаммдардың жалпы санынан жоғары уыттылыққа (өлуі 80-100%) ие формаларының үлесі 44%-дан аспады, ал әлсіз уытты формаларының меншікті салмағы (белсенділігі 80%-дан төмен) 56%-ды құрағандығы анықталды.

ЖАЗДЫҚ АРПА ГЕНОТИПТЕРІНІҢ ФОТОСИНТЕТИКАЛЫҚ ПИГМЕНТТЕРІ МЕН ӨНІМДІЛІГІ

Бұл мақалада Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалық аймағы жағдайында жаздық арпа дақылы сорттарының фотосинтетикалық пигменттерінің құрамы, оның ішінде хлорофилл (Chlа), хлорофилл b (Chlb) және каротиноидтар мөлшерінің өсімдіктің түптену, түтікке шығу және масақтану кезеңдеріндегі өзгеруі мен зерттеу жылдарындағы өнімділік деңгейінің арасындағы байланысы көрсетілген. Математикалық талдаулар нәтижесі бой-ынша анықталған корреляциялық байланыс деңгейі көрінісін сызықтық тәуелділік бейнелері де растайды. Хлорофилл b (Chlb) мөлшері төмен болуымен қатар дақыл сорттарының өнімділігі тәуелділік сызығынан алшақ жататындығы анық көрінеді, ал хлорофилл a (Chlа) және каротиноидтар мөлшері дақыл сорттарының өнімділігі тәуелділік сызығына жақын орналасқан. Өнімділік - өсімдіктердің өсіп-даму кезеңдерінде жүретін фотосинтетикалық үрдістердің сипатына тікелей байланыста болады. Өз кезегінде фотосинтетикалық үрдіс-тердің жүруі өсімдік жапырақтарындағы фотосинтетикалық пигменттердің мөлшеріне тікелей байланысты.
Жаздық арпа генотиптері бойынша жапырақтардағы фотосинтетикалық пигменттердің жоғары мөлшері (С Chl а -0,42, C car - 0,083) өсімдіктің масақтану кезеңінде байқалғандығы және олардың өнімділік арасында оң корреляциялық байланыста болатындығы дәлелденіп, ол сызықтық тәуелділік бейнелерімен расталған.
Арпа дақылының өнімділік деңгейі өсімдік жапырағындағы хлорофилл a (Chlа) мөлшерімен тығыз байланысы (r-0,680438) келтіріліп, пигменттер кешені бойынша Астана 2000 стандарт, Сабир, Монолит сұрыптарын донор ретінде пайдалану ұсынылады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП СОРТТАРЫН ЗЕРТТЕУ

Өндіріс көлемі, тағамдық құндылығы және тұтыну деңгейі бойынша Қазақстанда картоп басым дақылдардың қатарына жатады. Республикадағы картоптың ауданы 210 мың гектарға жетті, жалпы өнім 4 миллион тоннадан асты. Алайда орташа өнімділік әлі де төмен (18-19 т/га). Картоптың өнімділігін арттыруда жоғары өнімді сорттарды таңдау үлкен маңызға ие. Қазақстан аймақтарының агроклиматтық әлеуеті картоптың алуан түрін өсіруге қолайлы. Бұл жағдайда белгілі бір аймақ үшін қолдануға рұқсат етілген картоп сорттарын қолдану қажет. Картоптың 120-дан астам түрі «Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне» енгізілген, оның 55%-ы шетелдік асыл тұқымдылар. Қазақстанның оңтүстік-шығысы үшін 30-ға жуық шетелдік сорттар қолдануға мақұлданды. Алайда олардың көпшілігінде экономикалық пайдалы қасиеттер жиынтығы жоқ. Осы аспектіде көптеген құнды белгілерімен ерекшеленетін сорттарды құру қажет. Картоп өсіретін шаруашылықтар үшін өнімділікпен, сапа көрсеткіштерімен және сақтау кезінде сақталумен қатар, сыртқы ортаның зиянды аурулары мен стресс факторларына төзімділігі де маңызды. Сондықтан, картоптың жаңа сорттарының адаптивті қасиеттерін зерттеу және экономикалық құнды белгілерін бағалау бойынша зерттеулер өте өзекті болып табылады, бұл осы жұмысқа жасаланады. Қазақстанның оңтүстік-шығысының тау бөктері аймағында, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Қайнар» аймақтық филиалының картоп селекциясы, тұқымы және биотехнологиясы зертханасының ғылыми станциясында әртүрлілік зерттеу картоп өткізілді. 2018-2020 жылдары шетелдік сорттағы картоптың 39 түрі мен шетелдік Аладдин және Невский сорттарынан жасушалық селекция әдісімен алынған 14 өздік клон сыналды. Жидектердің түзілу процесі, өнімділікке, сақталуы және сақтау кезінде түйнектердің сезімталдығы, ыстыққа, құрғақшылыққа, қауіпті ауруларға төзімділіктеріне бағаланды. Картоптың 39 шетелдік сортының ішінен 7 таңдалды. Донцовский және Детскосельский сорттары құрғақшылыққа жоғары төзімділік көрсетті. Буран, Астерикс, Славянка, Янтар және Осень сорттары жоғары ыстыққа төзімділікті көрсетті. 

ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНЫҢ ТҰҚЫМДЫҚ МАТЕРИАЛЫН САҚТАУ МЕРЗІМДЕРІН ҰЛҒАЙТУ ҮШІН БИОПРЕПАРАТ ҚҰРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ӘЗІРЛЕУ

Қант қызылшасы плантацияларында қазіргі уақытта негізінен саңырауқұлақ ауру-ларының кең таралуы байқалады. Салмағы бұл аурулар кешені қызылша өсіруге айтарлықтай зиян келтіреді, өнімнің сапасы мен сақтау кезіндегі жеңілдігін нашарлатады, ал қант қызылшасы дақылдарының зиянды организмдерден орташа шығыны 24% құрайды, олардың 16%-ы зиянкестер мен аурулардың өсімдіктерге зиян келтіруінен болады. Өскіндерді зиянды организмдерден қорғау және қант қызылшасы тұқымдарының өнгіштігін арттыру мақсатында зертханалық жағдайларда жүргізілген тәжірибелер мен олардың талдауларының негізінде қант қызылшасының тұқымдық материалын сақтау мерзімдерін ұлғайту үшін биопрепарат құру жөнінде ұсыныстар әзірленді, атап айтқанда, Қазақстан жағдайында қалыптасқан фитосанитариялық жағдайды ескере отырып, үстем саңырауқұлақ ауруларына қарсы бағытталған қант қызылшасының тұқымдарын сауықтыру жөніндегі қорғаныш биопрепаратын әзірлеу мәселесі өткір қойылып отыр.
Алматы облысының оңтүстік-шығыс аудандарында тұқымдық материал мен топы-рақтың жай-күйі географиялық, аумақтық, климаттық және басқа да әсер етуші факторларды ескере отырып зерделенді, сондай-ақ өнімге зиян келтіретін микроорганизмдер анықталды және қант қызылшасы тұқымдарының қанттылығы мен өсу көрсеткіштерін арттыру үшін неғұрлым қолайлы тиімді тәсілдер ұсынылды, ал алынған нәтижелерді жеткізе отырып, тұқымдық материал мен топырақтың жай-күйін зерттелді. Қант қызылшасының тұқымдық материалын сақтау ұзақтығын ұлғайту үшін және зиянды зиянкестер мен ауруларды азайту мақсатында биопрепараттарды қолдануды.

ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖАҒДАЙЫНДА АҢЫЗДЫҚ ДАҚЫЛДАР ӨНІМДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада аңызға себілген дақылдардың өсу мүмкіндігі мен өнімділік қалыптастыруын басқа технологиямен салыстыра отырып оның тиімділігін бағалау қарастырылған.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде өсімдік шаруашылығын әртараптандыру резервтерінің бірі дәнді-бұршақты, майлы және жемдік дақылдарды қайта сеуіп өсіру мүмкіндігі бар. Дақылдар мен сорттарды дұрыс таңдау және бұл дақылдардың өз уақытында біркелкі көктеп шығуы аралық және аңыздық дақылдары үшін толық өнім алудың кепілдігі болып табылады. Екінші егіннің есебінен егіс алқаптарын ұлғайтпай дәнді-бұршақты, майлы және жемшөп дақылдарының қосымша өнімін өндіру орнықты жемшөп базасын құрудың, елдің ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттары – биоотын алудың маңызды көзіне айналуы мүмкін.
Зерттеулер нәтижесінде негізгі дақыл ретінде 1 га-дан 100 және одан да көп центнерден жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін күздік бидай ең қолайлы екені дәлелденді. Күздік бидай мен арпаны өсіру кезінде алғашқы негізгі дақыл ретінде тұқым себудің оңтайлы нормасы 1 га-ға 4 миллион өнгіш дән болып табылады. рапс, қыша, майлы зығыр және қарақұмықтың достық және толық көшеттерін алу үшін өңделмеген сабанға тұқымдарды тікелей себу тиімді. Іле Алатауының тау бөктеріндегі аймағында қыша мен рапс, Қырғыз Алатауының тау бөктеріндегі аймағында қыша, бұршақ және тары жасыл массадан қосымша өнім алу үшін аңыздық себу үшін неғұрлым жарамды дақылдар болып табылады. Егін егу кезінде генеративті бөліктің тауарлық өнімін алу үшін ең қолайлы дақылдар-майлы зығыр, қарақұмық және қыша алынды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРҒАҚ ДАЛА АЙМАҒЫНЫҢ АШЫҚ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ДЕГРАДАЦИЯЛАНҒАН ЖАЙЫЛЫМДАРЫН БАҒАЛАУ

Мақалада Қазақстанның құрғақ дала аймағының ашық қара-қоңыр топырақтарының деградацияланған жайылымдары сипатталып, оларға жан-жақты толық баға берілген. Физикалық (топырақтық) және биологиялық (өсімдік жамылғысы) көрсеткіштері келтірілген. Құрғақ дала аймақтары жайылымдарының геоақпараттық мониторингісі жасалған. ГАЖ технологиясы мәліметтері мен далалық зерттеулер нәтижелері арқылы құрғақ дала аймағы жайылымдарының деградациялану дәрежесінің картографиялық моделі ұсынылған. Соны-мен қатар, мақалада ең күрделі мәселелерді іс жүзінде шешу, жайылым аумағындағы табиғи жем-шөп ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды ғылыми негіздеуге және жасауға мүмкіндік берілетіндігі көрсетілген, бұл тұтастай ауылшаруашылық өндірісін нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді. Зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу республикамыздың мал шаруашылығын дамытуда жайылымдық жерлерді тиімді қолдану мен оларды қалпына келтіруде, жақсартуда үлкен негіз болып табылады. Жербеттік зерттеулер мен рұқсаттығы орташа және төмен ғарыштық мәліметтер негізінде жайылым-дардың деградациялануының карта-схемасы жасалды және олар деградациялану дәрежесіне байланысты контурларға бөлінді. Әрбір полигонның деградациялану контурлары бойынша NDVI вегетациялық индексіне талдау жасалды. Қазақстанның шөлейт және құрғақ дала жайылымдарының деградациялану дәрежесінің М 1:1000000 карталары құрастырылды, олар жайылым деградациясының М 1000000 сандық картасын 2020 жылдың күнтізбелік жоспарына сәйкес жасауға негіз болып табылды.

ІЛЕ ОЙЫСЫНЫҢ СОДАЛЫ-ТҰЗДАНҒАН ЖАРТЫЛАЙ ГИДРОМОРФТЫ КЕБІРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Іле ойысының содалы тұзданған жартылай гидроморфты кебірлердіңтүзілу шарттары және кескінде соданың пайда болу мүмкіндіктері тек топырақ түзу факторларының, топырақтың, грунттардың және жер асты ыза суларының химиялық құрамының үйлесімдері жағдайында қарастырылған. Іле ойысының ортаңғы бөлігінде өрбіген тектоникалық процестердің салдарынан жіпсу су құбылымыжағдайындатүзілген карбонатты сульфатты сортаңдардың жоғарғы қабатын тұзсыздандыру орын алғандығы анықталды. Осы процестің әрі қарай жүруі және карбонатты қабаттар арқылы натрий сульфаты бар ерітінділердің төменге қарайағысы арқылы баяу және ұзақ уақыт сүзілуі соданы түзіп және жинақтап, сульфатты шалғынды сортаңдарды сортаңданыңқыраған және кебірленгеншалғындау сұр топырағына, ал жоғарыда аталған процестердің ұзақ жүретін болса жартылай гидроморфты кебірге айналдырады.
Кез-келген тұзды топырақты мелиорациялау құрамы мен қасиеттерімен қатар олардың генезисін зерттеуді қажет ететіні белгілі. Сондықтан олардың пайда болу ерекшеліктерін білмей топырақтың құнарлылығын анықтау және реттеу мүмкін емес. Содалы тұзданған топырақ ошақтары бір-бірінен алшақ болғандықтан, олардағы сода түзілуін анықтайтын факторлар комбинациясының өзара әсерін анықтау қажет. Оның топырақта және жер асты суларында пайда болуы әр жағдайда жеке және жан-жақты яңни табиғи-тарихи және салыстырмалы-географиялық әдістерді қолдана отырып, "топырақ түзуші факторлар-қарапайым топырақ түзуші процестер-топырақ қасиеттері" үштігіне негіздей отырып қарастырылуы керек. Табиғатта содалы тұзданған топырақтың пайда болуын анықтау тарихты зерттеуді және топырақта соданың түзулуінің қолданыстағы теорияларын білуді қажет етеді. Соңғысы зерттеулерді талдау және біздікіне ұқсас жағдайларды анықтау болашақта содалы тұзданған топырақты мелиорациялаудың ең дұрыс жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

2020 ЖЫЛЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРЛІ МОРФОТИПТЕРДЕГІ ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЛИНИЯЛАР ӨНІМ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨНІМДІЛІГІМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Шығыс Қазақстанда климаттың өзгеруіне және егіншіліктің ілгерілеуіне байланысты қарқынды түрдегі жаздық жұмсақ бидай сорттарын жасау және енгізу қажеттілігі пісіп-жетілді. Авторлар зерттеу аймағында алғаш рет морфотиптері бойынша сараланған: жартылай ергежейлі (өсімдік биіктігі 66...80 см), орташа бойлы (81...95) және жоғары (96 см-ден) бидай селекциялық линияларын құруды, іріктеуді және салыстырмалы зерттеуді бастады. 2020 жылы СТ-2 тәлімбағында осы үш тобы кірістілік, оның компоненттері (15 про-және 16 индекстік) және дақыл құрылымының белгілері мен мөлдектің өнімділігі ара-сындағы корреляциялық байланыс сипаты бойынша зерттелді. Зерттеу мақсаты – дақыл құрылымының ерекшеліктерін және оның элементтерінің әр топтағы өнімділікпен арақаты-насын анықтау, сонымен қатар морфотиптерді таңдалған интенсификация стратегиясына сәйкестігін алдын-ала бағалау болды.
Егіннің құрылымын талдау көрсеткендей, сызықтық өлшем мен биомассаға байлан-ысты белгілер жартылай карликтерден жоғары линияларға дейін артады; стерильді масақшалардың саны және индекстер (салыстырмалы өнімділік және дән саны), керісінше, азаяды; 1000 дәннің массасы шамамен бірдей, ал жеке өнімділіктің бірқатар параметрлері бойынша орташа линиялар тобының артықшылығы бар.
Корреляциялық талдау көрсеткендей, жартылай ергежейлілердің өнімділігі өсімдік саны және масақтың тығыздалуымен байланысты болды; әлсіз байланыстар өсімдіктің биіктігімен және 1000 дән салмағымен белгіленеді. Зерттеу аймағындағы осы топтың болашағы даулы деп танылды, әрі қарай зерттеу қажеттілігі туындады. Биік линиялар экстенсивті заңдылықтарды көрсетті: өсімдіктің биіктігі мен (әлсіз) – биомассасы, масақ-шалар саны, жалпы өміршеңдік (құю индексімен теріс байланыс) өнімділікпен байланысты болды. Жоғары бойы линиялар астық өндірісін қарқындату мақсатына сәйкес келмейді. Орташа линиялар тобында кірістіліктің 7 белгімен (масақшалар саны, сабан мен масақтың массасы, масақ пен өсімдіктің дән саны мен өнімділігі) және 8 индекспен орташа корреляцияның сенімді оң күші анықталды. Негізгі масақтың дән санына байланысты белгілермен корреляциялар ең айқын болды. Орташа күштің сенімді теріс байланысы – дән құю индексі, бұл бейімделу қасиеттерінің оң әсерін көрсетеді (жоғары өміршеңдік). Орташа бойы линиялар тобы зерттеу аймағында қарқынды сорттарды құру үшін оңтайлы деп танылды.

СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ

ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, ҚИЫНДЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

Мақалада зерттеу және жобалау ісін қалыптастыру және ұйымдастыру қағидаттарын кеңінен қолдануды, сондай-ақ жерге орналастыру саласында бірыңғай ақпараттық өріс құруды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жер ресурстарын басқару қажеттілігі туралы мәселелер қарастырылды. Қазақстан Республикасында заманауи Жерге орналастыруды дамыту бойынша талдау жасалды, ол қазіргі уақытта жетілдіріліп жатқан зерттеу әдістері мен құралдарымен, әсіресе жүйелік тәсілді пайдаланумен, матема-тикалық картографияны, есептеу техникасы мен компьютерлік технологияларды дамытумен байланысты анықталды. Кешенді жүйелік зерттеулер үшін әртүрлі білім салаларынан әртүрлі пәндерді интеграциялаудың негізі ретінде цифрлық технологияларды қолдану бойынша жерге орналастыру жүйесіндегі прогрессивті зерттеу саласы жүйесі келтірілген.

Сондай-ақ, мақалада жерге орналастыру саласындағы елдің коммуникативтік саясатын цифрландыру бағдарламасының дамуын тежейтін негізгі факторларға талдау жүргізілді, сондай-ақ Қазақстанның цифрлық мәдениетін қалыптастырудың жай-күйіне қысқаша баға беріледі. Қазіргі заманғы жер ресурстарын тиімді басқару міндеттерін іске асырудағы рөлі, жерге орналастыру саласындағы ақпараттық технологиялардың рөлі және олардың жер ресурстарын тиімді басқару және жерге орналастыру қызметтерін көрсету міндеттерін іске асырудағы маңыздылығы көрсетілді.
Бұдан басқа, жер операцияларын бақылау мен мониторингілеудің бірыңғай жүйесін құрудың, өтініш берушілерге қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру және мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы бюрократиялық шығындарды қысқарту мақсатында құжат айналымын бақылау үшін электрондық басқару жүйесін пайдаланудың негізгі артықшылықтары атап өтілді. АӨК геоақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі заманауи ведомстволық ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері қаралды. Жерді пайдаланудың тиімділігін айтарлықтай арттыруды қамтамасыз ететін жерге орналастырудың жаңа тәсілдері мен цифрлық технологиялары ұсынылды.

«НАРЫНҚОЛ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ АУМАҒЫНДАҒЫ ЯРМОЛЕНКО ҚАЙЫҢЫ МЕН ШРЕНК ШЫРШАСЫ АЛҚА АҒАШТАРЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Қазақстандағы орман шаруашылығының дамуына тек антропогендік факторлар (өрттер, заңсыз ағаш кесу және т.б.) ғана емес, сонымен қатар табиғи жағдайлардың өзгеруіне себеп болатын факторлар мысалы, аурулар эпифитотиі немесе орман массивтерін толықтай деградацияға ұшырата алатын қауіпті және карантинді орман зиянкестері ошақтарының пайда болуы мен жаппай көбейюі кедергі келтіреді. Осыған орай орманпатологиялық мониторинг бойынша зерттеулер жүргізу мен орманды зиянкестерден қорғау шараларының жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде орындалуы өте маңызды болып табылады. Әсіресе, Betula Jarmolenkoana Golosk. сияқты сирек және жойылып кету қаупі бар ағаш түрлерін зиянкестерден қорғауда орманның санитарлық жағдайын анықтаудың маңызы арта түседі.
Зерттеу жұмысының негізінде алғаш рет Алматы облысы «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағындағы Ярмоленко қайыңы (Қызыл қайың) алқаағаштары орманпатологиялық тұрғыда сипатталып, санитарлық бағалау нәтижесі беріліп отыр.
Мақалада «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағындағы Шренк шыршасы мен Ярмоленко қайыңы алқаағаштарының орманпатологиялық жағдайын зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеуді жүргізу мақсатында мониторингтік алаңдар салынды және әр алаң бойынша ағаш жасын морфологиялық белгілерін, зиянкестердің қоныстануын ескере отырып ағаштың жағдайы толық сипатталған карточка толтырылады, сонымен қатар онда тұқымдас, ағаш диаметрі, биіктігі, жасы, санитарлық жағдайы, зиянкестер мен аурулардың негізгі түрлері көрсетіледі.

«ШАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕГІ БҮРКІТТІҢ (AQUILA CHRYSAETOS) САНДЫҚ ДИНАМИКАСЫ

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігі түр құрамының жоғарғы деңгейін көрсетеді. Әсіресе, сүтқо-ректілер мен құстарға өте бай. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы орнитофаунасының жазғы аспекті – 130 түрден тұрады, яғни Қазақстанда ұя салатын құстардың 30%-ын құрайды. Жалпы, жыл бойына парк аумағында 236 түрлі құстарды кездестіруге болады (Қазақстан орнитофаунасының 48,1%), оның ішінде Қызыл кітапқа енгені – 22 түр, яғни Қызыл кітапқа кірген құстар санының 39,2%-ын құрайды. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жалпы 34 түрлі сүтқоректі мекендейді, оның ішінде ҚР Қызыл кітабына енгені – 4, соның бірі – бүркіт (Aquila chrysaetos). Мақалада «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мекендейтін бүркіттерді есепке алу әдістері, далалық есепке алу жұмыстары, есептік ақпарат жазбасы, санын есептеу тәртібі сипатталған. 2011-2020 жылдар аралығындағы анықталған бүркіт туралы мәліметтер, бүркітті маршрутты есепке алу нәтижелері (19 наурыз 2020 жыл), бүркіттің 2020 жылдың көктемгі санағы туралы мәлімет мен бүркіттердің салыстырмалы сандық көрсеткіші келтірілді. «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі бүркіттердің сандық динамикасы тұрақты екендігі анықталды. Ұялар мен аймақтық жұптар туралы бастапқы мәліметтер картаға түсіріліп, бүркіт кездесетін аймақтар анықталды. Табылған ұялардағы балапандарды ай сайын жағдайын тексеріліп, дәлел ретінде фотосуреттер келтірілді.
Соңғы онжылдықта Қазақстанда ерекше қорғалатын аумақтар 2 есеге ұлғайғаны белгілі, бұл іс жүзінде көптеген жойылып бара жатқан жыртқыш құстарды құтқарудың және сақтаудың жолы болып отыр.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАРАҚТАНДЫРЫЛУЫН АРТТЫРУ

Өндіріс нәтижелері көбінесе техниканың жай-күйі мен даму деңгейіне, ауылша-руашылық өнімдерінің шығымдылығына және өндіріс тиімділігіне байланысты, саланың техникалық жабдықталу деңгейін, машина-трактор паркінің техникалық жағдайын, оның тозуын, жүктеме дәрежесін және басқа параметрлерді анықтайды. Техникалық әлеует бұл ауыл шаруашылығын дамыту мен пайдаланудың стратегиялық мақсаты болып табылатын техникалық ресурстардың жиынтығы. Өндірістік процестің материалдық факторы ретінде әрекет ете отырып, ол ауылшаруашылық тауар өндірушілері қызметінің түпкілікті нәтижелеріне әсер етудің белсенді элементі болып табылады. Ауыл шаруашылығының техникалық әлеуетін бағалау кезінде сандық және сапалық сипаттамаларын зерттеуде кешенді тәсіл қолданылуы тиіс, бұл оның жай-күйін объективті бағалауға және қалпына келтірудің негізгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда экономикаға жеткізілетін техникада сапалы өзгеріс бар, онда өнімділік айтарлықтай өсті және ақпараттық технологиялар, күрделі электрондық және гидравликалық жүйелер қолданылады. Бұл агроөнеркәсіптік кешеннің инженерлік-техникалық жүйесінен машиналардың барлық пайдалану сапасын сенімді іске асыруды талап етеді, дәнді дақылдар өндірудің нөлдік және ең төменгі технологияларын қолдануды кеңейте отырып, егіс кешендеріне сұраныс өсті. Өндіріс технологиясындағы өзгерістер, дамып кележатқан ауылшаруашылығындағы өндірістің мамандануымен шоғырлануы, ауылшаруашылығы жабдығымен жарақтандырудың сандық және сапалық жай-күйі қазіргі заманғы техникамен ауылшаруашылығын механи-каландыру құралдарына сұранысты негіздейтін факторлар болып табылады