Мәзір

№ 4 (96) (2022): Ізденістер, нәтижелер

қазан-желтоқсан 2022

 

 

Жарияланды: 30.12.2022

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

ХЛАМИДИОЗ АУРУЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ХЛАМИДИОЗҒА РЕЗИСТЕНТТІ ПОЛИМОРФИЗМДЕР АССОЦИАЦИЯСЫН ТАЛДАУ

Ауыл шаруашылығы жануарлары өнімділігінің генетикалық әлеуетін арттыру барысында маркер-ассоциацияланған селекциялық іс-шаралармен қатар бактериялық инфекцияларға төзімділіктің генетикалық маркерлерін қолдану ветеринария саласы үшін елеулі демеу бола алады. Осы ретте, инфекциялық ауруларды, оның ішінде хламидиозды заманауи әдістерді қолдана отырып диагностикалау,емдеуге жұмсалатын шығындарды және хламидиозға резистентті полиморфизмдер ассоциациясын талдау, ауру жануарларды өлім-жітімнен, іш тастаудан және іріктеуден болатын шығындарды төмендету есебінен шаруашылықтың рентабельділігін арттырады. Аталмыш жұмыста зерттелетін жануарлардағы хламидиоз инфекциясы диагностикаланып, жануарлардың генотиптері анықталды, сонымен қатар аталмыш жануарларда мутациялардың кедесу жиілігі және әрбір жеке полиморфизмнің бактериялық инфекцияларға төзімділігі бар ассоциациялары талданды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде зерттеу топтарындағы жануарлардың генотиптері анықталды. Аталмыш жануарлардың биологиялық үлгілері bTLR4-BstU1 және bTLR6-Tag1 полиморфизмі бойынша мономорфты. Сол себепті, зерттеу жұмыстарына басқа авторлардың зерттеулерінің негізіндежасалған қорытындыларға сәйкес, ірі қара малдың бактериялық инфекцияларыменбайланысты қосымша MBL1-HaeIII және LTF-EcoRIекі полиморфты ген қосылды; хламидиозбенауыратын жануарлар тобында байқалған генотиптердің жиіліктері Харди-Вайнберг заңы бойынша теориялық күтілгеннен статистикалық маңызды ауытқуы бар екендігі анықталды. TLR9-BfaI полиморфизмі бойыншаTLR9-BfaIAG гетерозиготаларының және LTF-EcoRI полиморфизмі бойынша LTF-EcoRIAB гетерозиготалар санының жоғары болуы байқалады. Бұл TLR9-BfaIAG және LTF-EcoRIAB генотиптер ассоциациясының хламидиозға төзімділігінің төмендеуін сипаттайды; TLR9-BfaIАА және MBL1-HaeIIICC генотиптері хламидиозға жоғары төзімділіктің генетикалық маркері ретінде анықталды; TLR9-BfaIAG және MBL1-HaeIIIТТ генотиптері хламидиозбен сырқаттанушылықтың жоғары қаупінің генетикалық маркері ретінде анықталды.

ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМДЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖАНУАРЛАР АҒЗАНЫҢ ТАБИҒИ ТӨЗІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ

12 бас бұқашықардан тұратын 4 сынақ тобының мақалада мәліметтері келтірілген. I және II – ге қазақ ақбас малдарының зауыттық шағатай түріндегі  ақ бас бұқалар мен кесірілген, III және IV топтарға-шағатай сиырларын орал герефорд бұқаларымен шағылысырып өтуден алынған жануарлар-ұрпақтар жатқызылды. Мақалада қазақтың ақбас тұқымды бұқаларының сынақ топтарында организмнің табиғи төзімділігінің әртүрлі генотиптерін анықтау сипатталған. Кестеде қан сарысуындағы бактерицидтік белсенділік, қан сарысуындағы лизоцимдік белсенділік, бета - лизиндер көрсетілген. Таңертең  тамақтандыруға дейін тәжіребиелі бұқашықтардан мойын венасынан қан алынды арнайы емес иммунитеттің  көрсеткіштерін анықтау  үшін.

Ауыл шаруашылығы жануарларының сыртқы ортаның әртүрлі қолайсыз әсерлеріне табиғи төзімділігі ағзаның өмірдің бірінші күнінен бастап болатын және жануар өлгенге дейін сақталатын ерекше қорғаныс факторларымен қамтамасыз етілмейді. Олардың ішінде қорғаныс жасушалық механизмі бар фагоцитоз және гуморальды қарсылық факторлары шешуші рөл атқарады, олардың ішіндегі ең маңыздылары лизоцим, опсонин, комплемент және пропердин. Иммунитеттен айырмашылығы табиғи төзімділіктің ерекшелігі-ағзаның аранайы емес қорғаныс факторларын мұра ету қабілеті.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАБЕ ТИПІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫНЫҢ ҚАН БИОХИМИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ РЕФЕНЦИЯЛЫҚ МӘНДЕРІ

Мақалада қазақтың жабы типі жылқы тұқымының биохимиялық көрсеткіштерінің референстік мәндерін зерттеу деректері көрсетілген. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылдық округінде орналасқан "Қалқа" шаруа қожалығында еркін жайылымда өскен, дені сау толық жетілген 50 бас жабы типі жылқы тұқымының биелері мен айғырларынан, эталонды биохимиялық көрсеткіштерді алу үшін А15 (Biosystems, Испания) автоматты биохимиялық анализаторында қан үлгілері зерттелді. Жабы типті жылқыларының биохимиялық нәтижелері белгіленген қалыпты көрсеткіштерге жақын болды. Гепатобилиарлық жүйе ферменттерінің деңгейі (аспартатаминотрансфераза, сілтілі фосфатаза), триглицеридтердің мөлшері жабы типті жылқыларда, қалыпыты жағдайдан 3-5 есе жоғары болды. Альбумин мен мырыштың неғұрлым төмен концентрациясы анықталды (тиісінше 22,22±3,67 г/л және 4,86±1,49 мкмоль/л), сондай-ақ креатинин концентрациясы қалыпты жағдайдың төменгі мәнінде (77,84±14,19 мкмоль/л) анықталды. Осылайша, Қазақстан Республикасының Оңтүстік өңірі жағдайында жабы типті жылқылардың организмдегі зат алмасу процестерінің қалыпты жүруіне тән, қанның биохимиялық референтік аралық көрсеткіштері (альбуминдер, жалпы ақуыз, мочевина, несеп қышқылы, креатинин, билирубин, холестерин, триглицеридтер, глюкоза, кальций, фосфор, магний, темір, мырыш, сілтілі фосфатаза, аланинаминтрансфераза және аспартатаминтрансфераза) анықталды.

ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ SNP ГЕНОТИПТЕУ КЕЗІНДЕ ДНҚ ОҚШАУЛАУ ӘДІСТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ

Мақалада ірі қара малдың генотипін SNP жүргізу кезінде оқшаулау әдістерін салыстыру нәтижелері келтірілген. Генотиптеуді сәтті жүргізу үшін жеткілікті мөлшерде және сапалы ДНҚ-ны бөліп алуға байланысты. Бұл зерттеуде нуклеин қышқылдарын бөліп алу үш әдісі қолданылды. Коммерциялық Purelink Genomic DNA Mini Kit (Thermo Fisher Scientific, USA) көмегімен бөліп алынған нуклеин қышқылдарының өнімділігі мен тазалығының сапасы ең жоғары болды. PureLink Genomic DNA Mini Kit жиынтығымен ірі қара малдың түк фолликулаларынан ДНҚ оқшауланған кезде үлгілердегі ДНҚ-ның орташа концентрациясы 151,78 нг / мкл құрады, ДНҚ-сорб-В жиынтығымен 21,51 нг/мкл құрады және фенол-хлороформ әдісі 175,08 нг / мкл құрады. Бөліп алынған ДНҚ кейіннен SNP генотиптеу жүргізу үшін қолданылды. Қалған әдістермен салыстырғанда PureLink Genomic DNA Mini Kit көмегімен оқшауланған үлгілер генотиптеу нәтижелері 100% амплификациясын көрсетті. Осы зерттеуде сылыстырған әдістердің ішінен осы жиынтықпен ДНҚ-ны экстракциялау және одан әрі анықтау үшін ең тиімді болды.

ЖАНУАРЛАР ҚҰТЫРЫҒЫНА ҚАРСЫ «RHАBDOVAС®» ВАКЦИНАСЫНЫҢ ИММУНОГЕНДІ БЕЛСЕНДІЛІГІН ӨНДІРІСТІК ЖАҒДАЙДА ЗЕРТТЕУ

Ғылыми зерттеу тақырыбы жануарлар құтырығына қарсы «Rhabdovac®» вакцинасының иммуногенді белсенділігін өндірістік жағдайда анықтауға арналған.

Жұмыстың негізгі мақсаты антирабиялық «Rhabdovac®» вакцинасының иммуногенді қасиетін жануарларға өндірістік сынақтар жүргізу арқылы анықтау, вакцинаның иммуногенді белсенділігі антирабиялық вирустық бейтараптау реакциясы арқылы антиденелердің өндірісін индукциялау қабілеті бойынша сынақтан өткізу болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында «Антиген» Ғылыми-өндірістік кәсіпорнының мал шаруашылық фермасында жануарлар құтырығына қарсы инактивацияланған сұйық «Rhabdovac®» вакцинасы 4-12 айлық жастағы 5 бас қойға бір рет егілді (сынақ хаттамасы №33, 14.07.2019 ж), және нәтижені салыстырмалы анықтау үшін референс ретінде алынған «Biocan-R» вакцинасы 4-12 айлық жастағы 5 бас қойға егіліп, бақылау ретінде дені сау, вакцинацияланбаған 5 бас қой алынып, тәжірибе жүргізілді. Зерттеу алдында қойларда құтырыққа вирусты бейтараптандыратын антиденелердің бар-жоғы анықталды. Сондай ақ, келесі зерттеуімізде «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының вивариінде иммуногенді белсенділігі 2,0 ХБ/мл құрайтын «Rhabdovac®» вакцинамен 2 - 5 айлық 4 итке тері астына 1,0 см3 дозада егіліп, 12 ай ішінде иммуногенді белсенділігі вирусты бейтараптау реакциясындағы титрі динамикасы зерттелді (сынақ хаттамасы №29, 07.02.2020ж).

Жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмысының нәтижесінде құтырыққа қарсы «Rhabdovac®» вакцинасын жануарларға өндірістік жағдайда иммуногенді белсенділігін вирусты бейтараптау реакциясы арқылы анықталды.

САУЫННАН КЕЙІН СИЫРЛАРДЫҢ ЖЕЛІН ҮРПІСІН САНИТАРИЯЛЫҚ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ

Аңдатпа

Бұл мақалада, сауын сиырлардың желін үрпісін сауыннан кейін санитариялық өңдеу жұмыстарын іске асыруда, субклиникалық желінсаудың алдын алуға бағытталған отандық дезинфекциялық препарат құрастырылып, оның тиімділігін анықтау үшін, өндірістік жағдайда жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі келтірілді. Қазіргі таңда, еліміздегі сүт бағытында өсіріліп отырған ірі қара шаруа қожалықтары сүттің көлемін арттыруға заманау технологияларды ендіріп, көптеген шаралар іске асырылып жатыр. Барлық шаруашылықтардың басты мақсаты – шикізат көлемін арттырып, халқымыздың сұранысын қамтамасыз ету мен қатар пайда көзін арттыру болып отыр. Сондықтан еліміздегі барлық шаруа қожалықтары бәсекеге қабілетті өнім өндірумен айналысу болып отыр.

Сол үшін қайта өңдеу орындарында өндірілетін өнімдердің сапалы болуына, ең алдымен шикі сүттің сапасына көңіл бөлуді талап ететінін естен шығармағанымыз жөн. Өндірілетін сүттің сапасына әсер ететін факторлардың бірі - субклиникалық желінсау ауруын алдын алуға бағытталған бұл препарат, шетелдік препараттармен («Блокада», «Vet Clean I-Film») салыстыра отырып зерттегенде, олардан кем түспейтіндігі анықталып, аурудың жазылуына септігін тигізетіндігі анықталды. Біз құрастырылған препарат сауын сиырлардың желін үрпісінде бактериологиялық қорғаныс қабат түзіп (пленкалы қабықша), микроорганизмдермен ластану дәрежесін әлдеқайда төмендететіндігіне көз жеткізілді. Сондай-ақ, олардың желін үрпісінен ішке ену процесіне кері әсерін тигізетініде анықталды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, АГРОХИМИЯ, АЗЫҚ ӨНДІРУ, АГРОЭКОЛОГИЯ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА КӨПЖЫЛДЫҚ МАЛАЗЫҚТЫҚ ШӨПТЕРІН ӨСІРУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Бұл мақалада 2015-2020 жылдардағы селекция, тұқым шаруашылығы және көпжылдық малазықтық шөптерін өсіру технологиясы бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Ғылыми зерттеулер Солтүстік Қазақстанның дала аймағында орналасқан "Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы" ЖШС (Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Чаглинка ауылы) тәжірибелік танабында жүргізілді.

Бұл ғылыми зерттеулердің мақсаты Солтүстік Қазақстан жағдайында көпжылдық малазықтық шөптерінің өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру және өндіріске белгілі түрлерін ұсыну болып табылады.

Зерттеулер жүргізу кезінде агрономияда жалпы қабылданған далалық тәжірибелерді қою әдістері пайдаланылды, зертханалық зерттеулер қазіргі заманғы жабдықтарда белгіленген әдістер мен стандарттар бойынша аккредиттелген зертханаларда жүргізілді.

Зерттеу объектілері көпжылдық малазықтық шөптер.

Жүргізілген ғылыми-өндірістік тәжірибелер өнімділігі төмен тұзды жерлерде мәдени шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту немесе құру үшін міндетті түрде шөп қоспаларын қолданған дұрыс екенін көрсетті. Көпжылдық малазықтық шөптерінің егіншілік жүйесі топырақтың құнарлылығын сақтап қана қоймай, сонымен қатар органикалық заттардың оң тепе-теңдігіне байланысты гумустың құрамын арттырады. Зерттеу нәтижелері өнімділігі мен төзімділігі жоғары көпжылдық шөптердің сорттарын өндіруге кеңес береді.

Нәтижелерді пайдалану саласы – Солтүстік Қазақстанның жемшөп өндірісі.

КУМАРИННІҢ ТҮЙЕ ЖОҢЫШҚАНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ КУМАРИННІҢ ЖОҒАРЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ТӨМЕНДЕТЕТІН МАЛАЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ӘДІСІ

Бұл мақалада түйе жоңышқа құрамындағы кумариннің құрғақшылық пен зиянкестерге төзімділігіне әсерін зерттеу және кумарин құрамын төмендететін малазығын дайындау әдісін анықтау бойынша 2019-2022 жылдардағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері келтірілген.

Ғылыми зерттеулер Солтүстік Қазақстанның дала аймағында орналасқан "Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы" ЖШС (Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Чаглинка ауылы) тәжірибелік танабында жүргізілді.

Бұл ғылыми зерттеулердің мақсаты – кумариннің түйе жоңышқаның құрғақшылық пен зиянкестерге төзімділігіне әсерін анықтау, сондай-ақ өсімдіктің жапырақ сабағының массасында кумариннің жоғары концентрациясын қауіпсіз шектерге дейін төмендету.

Зерттеулер жүргізу кезінде агрономияда жалпы қабылданған далалық тәжірибелерді қою әдістері пайдаланылды, зертханалық зерттеулер заманауи жабдықтарда белгіленген әдістер мен стандарттар бойынша жүргізілді.

Зерттеу объектісі – түйе жоңышқа.

Жүргізілген ғылыми-өндірістік тәжірибелер көрсеткендей, кумариннің жоғары концентрациясы түйе жоңышқа сорттарын өсіру өсімдіктерді құрғақ жағдайлар мен зиянкестерден қорғаудың тиімді әдісі болып табылады, сонымен қатар әртүрлі температуралық режимдермен шөп дайындау кумарин концентрациясын төмендетеді және шөптің құндылығын арттырады.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері мал шаруашылығына арналған жоғары өнімді, құрғақшылыққа төзімді және зиянкестерге төзімді сорттарын өндіруге және кумариннің қауіпсіз концентрациясы бар шөп дайындау әдісін ұсынады.

Нәтижелерді пайдалану саласы – Солтүстік Қазақстанның жемшөп өндірісі және мал шаруашылығы.

СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖOҒAPҒЫ ДӘЛДIЛIКТI GPS ҚҰPЫЛҒЫЛAPЫН ПAЙДAЛAНУ EPEКШEЛIГI ЖӘНE ҚOЛДAНЫCҚA EНГIЗУ

Орман шаруашылық мекемелері қазіргі таңда ГАЖ технологияларды біртіңдеп қолданысқа кіргізіп жатыр. ГАЖ технологиясын және мәліметтерді сандық өңдеуді қолдану арқылы «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» бірінші орман қоры туралы, аудандарын есепке алу жайлы және т.с.с мәліметтерді жинау, жиналған мәліметтерді мекемелерге жіберу, қолданысқа енгізу жағынан үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар бұрынғы қағаз планшеттердің орнын электронды тасымалдауыштар алмастырады. Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) деректерді көрнекі көрсетудің және оларды талдауға арналаған құралдардың сан-алуан түрлерінің есебінен көптеген ғылыми, практикалық және басқару мәселелерін тиімді және жедел шешудің басты элементі.

ГАЖ технологияларын қолдану үлкен көлемді картографиялық және тақырыптық ақпаратты, оның ішінде қашықтан зондылаудың (ғарыштық суреттердің), далалық ғылыми зерттеулердің, инженерлік зерттеулердің, мониторингтің, түрлі шаруашылық қызметтің, құжат айналымының деректерін бірыңғай құрылымға біріктіруге мүмкіндік береді.

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС ГАЖ құру, табиғатты қорғауды жобалау, орман шаруашылығы, экология, табиғатты пайдалану, геологиялық барлау, топография мен картография, мұнай-газ кешені үшін жобалау салаларындағы түрлі мәселелерді шешу үшін деректерді жинақтау және жүйелендіру тәжірибесі мол. «Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС өз жұмыстарында географиялық ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланады және осы салада қызметтер көрсетеді. Әр телімнің ауданын есептеу, өзендердің, жолдардың ұзындығын ауданын есептеу компьютерлік программалармен атқарылады. Сонын арқасында жұмыстың сапасы, дәлділігі арта түседі. Және де бұл программаның басқа программалармен жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар, мысалға: МS Excel, MS Access, ArcGis, WinPLP, SoliM т.б.  Сrystal Reports пакеттері арқылы кәсіби есептерді кесте түрінде шығару.