КТ-ПТР ӘДІСІМЕН ҚҰС ТҰМАУЫ ВИРУСЫН ТИПТЕУ
Жабайы және үй құстарының арасында құс тұмауының өршуі бүкіл әлемде жиі кездеседі. Соңғы 15 жыл ішінде құс тұмауының өршуі, атап айтқанда, 1996 жылы Оңтүстік-Шығыс Азияда пайда болған А/Goose/Guangdong/1/1996 сызығынан шыққан H5 вирустары Еуропа мен Азияда көбірек орын алды. 2005 жылдан 2020 жылға дейін әлемде ҚТВ H5 кем дегенде он жаһандық өршуі анықталды, бұл үй және жабайы құстардың жаппай қырылуына әкелді. Соңғы жылдары вирустық нуклеин қышқылдарын анықтаудың молекулалық әдістерін қолдану құс тұмауының вирусын анықтауға және гемагглютинин (HA) және нейраминидаза (NA) тип түрлерін анықтауда маңызды құралға айналды. Мұндай әдістердің қатарына КТ-ПТР жатады. Кері транскриптаза - полимеразды тізбекті реакция - арнайы ферментті – кері транскриптазаны қолдана отырып, РНҚ матрицасында ДНҚ көшірмесінің (кДНҚ) синтез реакциясы, және оны ревертаза деп те атайды. Содан кейін кДНҚ полимеразды тізбекті реакция (ПТР) арқылы амплификация жүргізіледі. Бұл мақалада ПТР әдісімен құс тұмауы вирусын типтеу нәтижелері көрсетілген. 2020 жылы Алматы облысы аумағындағы жеке аулалардың бірінде құс тұмауы вирусына ұқсас белгілері бар үй құсының өлімі тіркелді. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде ОТ-ПТР әдісімен Н5 типті құс тұмауы вирусы анықталды.