Аңдатпа
Puccinia striiformis, қоздырғышын тудыратын бидайдың сары тат ауруы – дүние жүзіндегі бидай дақылдардың ең маңызды ауруларының бірі болып табылады. Тат аурулары, адамзатқа белгілі ежелгі өсімдік ауруларының бірі болып қала береді. Сары тат ауруы алғаш ашылған сәттен бастап көптеген ғылыми зерттеулер оның өмірлік циклі мен күресу әдістерін зерттеуге бағытталған. Тат спораларының ұзақ уақыт бойы өміршең болып қалу қабілеті желдің ұзақ қашықтыққа таралуына байланысты және қолайлы жағдайда өсімдіктерді залалдап спораларды жаппай өндіруге негізделген. Қоздырғыш популяцияларындағы жаңадан пайда болған генетикалық мутациялар бидайдың төзімді сорттарына вирулентті жаңа нәсілдердің пайда болуына ықпал етеді. Бүгінгі күні дүниежүзілік эпифитотиялар мен егіннің орасан зор шығыны сирек кездеседі, дегенмен ауру әлі де ошақты немесе тіпті бидай өсіретін бүкіл аймақтарда дами алады. 2022 жылы Жамбыл және Түркістан облыстарында жүргізілген мониторинг жұмыстары нәтижесінде сары тат (P.striiformis) ауруымен жоғары деңгейде залалданған Казахстанская 10 және Память 47 сорттары болып анықталынды, аурудың таралуы –32% –18%, ал залалдану индекісі –1,60% –1,30-ды көрсетті. Сонымен қатар осы зерттелінген екі облыс бойынша P.striiformis патогеніне төзімді IT – 0 иммунды аса жоғары төзімділікті көрсеткен сорттар анықталынды олар: Стекловидная 24, Таня (Россия), Стекловидная 24, Евклид (Франция), Стекловидная 24 (егіс алқап 5) және Стекловидная 24 суперэлита (егіс алқап 1), Шөл суперэлита (егіс алқап 1), Красноводопадская 210, Шөл суперэлита (егіс алқап 2), бұл сорттарды селекция бағдарламасына сары тат ауруына төзімді үлгі ретінде ұсынуға болады. Егін шаруашылығының алғашқы міндеттерінің бірі - астық дәнін өсіруді арттыру болып табылады. Осы міндетті орындау үшін қазіргі заманғы егін шаруашылығының талаптарына сай өнімділігі жоғары, сары тат ауруына төзімді жаңа көздерді іздеуге негізделген жұмыстарды жалғастырудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Зерттеу нәтижелерінде сары тат ауруына төзімді жаңа бидай сорттарын анықтауға, мониторинг жұмыстарын әлі де жалғастыру қажет.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Shujie Huang. Three formae speciales of Puccinia striiformis were identified as heteroecious rusts based on completion of sexual cycle on Berberis spp. under artificial inoculation [Текст] / Shujie Huang, Shuxia Zuo, Dan Zheng, Yao Liu, Zhimin Du, Zhensheng Kang & Jie Zhao, Phytopathology Research volume 1, Article number: 14 (2019).
- 2. Liu M. Taxonomic study of stripe rust, Puccinia striiformis sensu lato, based on molecular and morphological evidence. [Текст] / Liu M, Hambleton S. Fungal Biol. 2010;114 (10):881–99.
- 3. Brown JKM. Epidemiology-aerial dispersal of pathogens on the global and continental scales and its impact on plant disease. [Текст] / Brown JKM, Hovmøller MS. Science. 2002;297(5581):537–41.
- 4. Zadoks JC. On the spread of plant disease: a theory on foci. [Текст] / Zadoks JC, van den Bosch F. Annu Rev Phytopathol. 1994; 32:503–21.
- 5. Wan AM. Wheat stripe rust in China. [Текст] / Wan AM, Chen XM, He ZH. Aust J Agric Res. 2007;58(6):605–19.
- 6. Chen XM. Epidemiology and control of stripe rust [Puccinia striiformis f. sp. tritici] on wheat. [Текст] / Chen XM. Can J Plant Pathol. 2005;27(3):314–37.
- 7. Wellings CR. Puccinia striiformis in Australia: a review of the incursion, evolution, and adaptation of stripe rust in the period 1979-2006. [Текст] / Wellings CR. Aust J Agric Res. 2007;58(6):567–75.
- 8. Beresford RM. Stripe rust (Puccinia striiformis), a new disease of wheat in New Zealand. [Текст] / Beresford RM. Cereal Rusts Bull. 1982;10(2):35–41.
- 9. Boshoff WHP. Establishment, distribution, and pathogenicity of Puccinia striiformis f. sp. tritici in South Africa. [Текст] / Boshoff WHP, Pretorius Z, van Niekerk BD. Plant Dis. 2002;86(5):485–92.
- 10. М.Н. Атишова.Бидайдың сары тат ауруына Puccinia striiformis f. sp. Tritisi төзімділік ген тасымалдаушыларын идентификациялау. // Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтының хабарлары. [Текст] / М.Н. Атишова., А.М. Кохметова., Г.Т. Есенбекова Г.Т., А.К. Маденова., Қ. Ғалымбек., Ж.С. Кеишилов. Биология және медицина сериясы №5 (323) Алматы, ҚР ҰҒА, қыркүйек – қазан 2017ж – Б. 127-134.
- 11. Кеишилов Ж.С. Бидайдың сары тат (Puccinia striiformis f.sp. tritici) ауруына алматы облысы бойынша 2019-2021 жылдары жүргізілген мониторингі. [Текст] / Кеишилов Ж.С., Кохметова А.М., Кумарбаева М.Т., Жанузақ Д.К., Рсалиев Ш.С. «Вестник Карагандинского университета, им. Е.А. Букетова. №2 DOI 10.31489/2022BMG2/82-88
- 12. Malysheva.“Identification of Carriers of Puccinia Striiformis Resistance Genes in the Population of Recombinant Inbred Wheat Lines”. [Текст] / Malysheva, A.A., A.M. Kokhmetova, M.K. Kumarbayeva, D.K. Zhanuzak, A.A. Bolatbekova, Zh.S. Keishilov, E.I. Gultyaeva, A.M. Kokhmetova, V. Tsygankov, Y.B. Dutbayev, and S.B. Dubekova. 2022. International Journal of Biology and Chemistry 15 (1):4-10. https://doi.org/10.26577/ijbch.2022.v15.i1.01.
- 13. Кумарбаева М.Т. Фитопатологический мониторинг возбудителя жёлтой ржавчины в Казахстане // [Текст] / Кумарбаева М.Т., Кеишилов Ж.С. Сборник Международной научной конференции «Становление и развитие экспериментальной биологии в Таджикистане», посвященная 90-летию со дня рождения академика Ю.С. Насырова. – Душанбе, 2022. – С. 290-292.
- 14. Кохметова А.М. Қазақстанда өсірілетін бидай сорттарының пиренофороз Pyrenophora tritici-repentis ауруына төзімділігіне фитопатологиялық скрининг жүргізу [Текст]/ А.М. Кохметова, Ж.С. Кеишилов, Қ. Ғалымбек, М.Т. Кумарбаева «Ізденістер, нәтижелер-Исследования, результаты», –Алматы, 2019. – 213-218 б (ККСОН МОН РК).
- 15. Ғалымбек Қ. Қатты қаракүйе (Tilletia caries (dc.) ауруына төзімділігімен ерекшеленетін бидай генотиптерін идентификациялау [Текст]/ Қ. Ғалымбек, А.К. Маденова, А.М. Кохметова, М.Н. Атишова. Ж.С. Кеишилов «Ізденістер, нәтижелер-Исследования, результаты», –Алматы, 2019. – 191-197 б (ККСОН МОН РК).
- 16. Кеишилов Ж.С., Күздік бидай коллекциясының пиренофорозға (pyrenophora triticirepentis) төзімділігін бағалау [Текст]/ Ж.С. Кеишилов, А.М. Кохметова, А.К Маденова, М.Т. Кумарбаева, А.Д. Жигитбекова // «Ізденістер, нәтижелер-Исследования, результаты», –Алматы, 2020. № 2 – 128-135 б.
- 17. Маденова А.К. Қатты қаракүйе (tilletia caries, t. laevis) ауруына болгариялық сорттардың төзімділігін бағалау [Текст]/ А.К. Маденова, Ж.С. Кеишилов, Қ. Ғалымбек, М.Н. Атишова. // «Ізденістер, нәтижелер-Исследования, результаты», –Алматы, 2020. № 2 – 252-258 б.
- 18. W.Chen. Wheat stripe (yellow) rust caused by Puccinia striiformisf. sp. Tritii / [Текст] / W.Chen, C. Wellings, X. Chen, K. Zhengsheng // Molecular Plant Pathology. 2014. -Jun;15(5):433-46. DOI 10.1111/mpp.12116.
- 19. Р. Касымханова. Методические указания по проведению регистрационных испытаний фунгицидов, протравителей семян и биопрепаратов в растениеводстве /[Текст]/ учебник / под ред. Р. Касымханова. – Алматы-Акмола, 1997. – 64 с.