Аңдатпа
Алматы облысында вегетациялық кезеңде зиянкестер мен аурулардың санына мониторинг жүргізу және есепке алу кезінде олардың жоңышқа, соя, жүгері, бидай, арпа, рапсқа таралуы белгіленді.
Рапста өскін пайда болған кезде және нақты жапырақтардың екінші жұбының кезеңіне дейін зиянкестерден крест тәрізді астық бүргелері (Phyllotreta cruciferae) 7-9 дана/м2 мөлшерінде табылды, бұл көрсеткіш ЗЭШ-дан асып кетті (3-5 дана/м2). Фитофагтарға қарсы Актарофит, Греен Голд 0,3% және Экстрасол препараттарымен өңдеу жүргізілді, биологиялық тиімділік - 95,8-96,5% құрады.
Жүгері мен рапс дақылдарында қабыршаққанатты зиянкестердің нашар қоныстануына қарамастан, егіс алқабының 3 учаскесіне арнайы трихограмма, грабробракон және алтын көз биоагенттері шығарылды. Жүгері егістігіндегі мақта көбелегі мен жүгері көбелегінің дамуын тежеу үшін оларға қарсы паразит трихограмма 350 гр./га мөлшерінде қолданылды. Жекелеген учаскелерде аталған зиянкестерге қарсы габробракон биоагентін 500 дарақ/га есебінен және алтынкөз биоагентінен 500 жұмыртқа/га есебінен шығару жүзеге асырылды.Қорғау шараларын экологияландыру мақсатында биологиялық препараттар мен энтомофагтарды рапс, жүгері, бидай дақылдарының зиянкестеріне қарсы сынақтан өткізіп, органикалық егіншілікті ұйымдастыруда қауіпсіз әдістерді кешенді қолдану мүмкіндігін көрсетті. Өсімдіктерді қорғауды экологияландырудың маңызды әдісі тұқымның фитоэкспертизасы және оларды жақсарту үшін қорғаныс – ынталандырушы қосылыстарды енгізу болып табылады.
Мысалы, Экстрасол және БисолбиСан биопрепараттарымен өңделген бидай мен арпа тұқымдарының себу сапасының зертханалық өнгіштігін 92,5 – 100% - ға арттыруға мүмкіндік беріп, ауруларды жұқтыру пайызы 0,8 – 1,7% деңгейінде болса, ал бақылау нұсқасы 97,5% - ды көрсетті.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1 IFOAM (International Movement of Organic Agriculture Movements). - Definition of Organic Agriculture, 2018 https://www.ifoam.bio/en/organic-landmarks/definition-organic-agriculture20.09.2018.
- 2 Hole DG, Perkins AJ, Wilson JD, Alexander IH, Grice PV, Evan AD. Definition of Organic // Agriculture Biological Conservation. – 2005. №122. –Р. 113-130.
- 3 Gomiero T, Pimentel D, Paoletti MG. Environmental impact of different agricultural management practices: Conventional vs. organic agriculture // Critical Reviews in Plant Sciences. – 2011. №30. – Р. 95-124.
- 4 Henning J, Baker L, Thomassin P. J. Critical Reviews in Plant Sciences // Canadian Journal of Agricultural Economics. – 1991. №39. – Р877-889.
- 5 HonekA.The effect of plant cover and weather on the activity density of ground surface arthropods in fallow field // Entomological Research in Organic Agriculture. – 1997. №15. –Р. 203-210.
- 6 А.Зубов. Нам нужен опыт Аргентины 2016, 6 AnZubov. We need the experience of Argentina. 0:01 3476 https://365info.kz/2016/06/nam-nuzhen-opyt-argentiny-zejnulla-kakimzhanov/01.06.2016.
- 7 Кирюшин В.И. О развитии агротехнологий и формировании государственной политики в сельском хозяйстве. – М. – 2005. – 32 с.
- 8 Бахарев Г.И. Районирование пашни по совокупности агроэкологических признаков // Сб. докл. Межд. науч.-прак. конф. по интенсификации, ресурсосбережению и охране почв в адаптивно-ландшафтных системах земледелия. – Курск. – 2008. – С. 74-77.
- 9 Наумова Н.А. Анализ семян на грибную и бактериальную инфекцию. – Л.: Колос, 1970. – 207 с.
- 10 Фасулати К.К. Полевое изучение наземных беспозвоночных. – М.: Высшая школа, 1971. – 424 c.
- 11 Бабенко А.С., Булатова У.А., Нужных С.А. Методы учета почвенных беспозвоночных. – Учебно-методическое пособие, Томск, 2010 – 58 с.
- 12 Сагитов А.О., Исмухамбетов Ж.Д. Справочник по защите растений. – Алматы: РОНД, 2004. – 320 с.
- 13 Чумаков А.Е., Минкевич И.И., Власова Ю.И., Гаврилова Е.А. Основные методы фитопатологических исследований. – Москва, 1974. – 188 с.
- 14 Тряпицын В.А., Шапиро В.А., Щепетильникова В.А. Паразиты и хищники вредителей сельскохозяйственных культур. – Л.: Колос, 1982. – 2-е изд. – 256 с.