Аңдатпа
Мақалада зертханалық және танаптық жағдайларда зығыр тұқымының инфекциясына фунгицидтердің биологиялық және экономикалық тиімділігін анықтау бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеулер жүргізу кезеңінде зертханалық жағдайда 20-дан астам түрлі қорғағыш-ынталандырғыш құрамдар әзірленіп, сыналды. Танаптық сынақтар үшін, олардың арасынан тұқымның себу сапасына оң әсер ететін, сондай-ақ зығырдағы патогендік микрофлораны басатын тұқымдарды өңдеуге арналған 7 композиция таңдалды. Танаптық тәжірибелер Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан "Байсерке-Агро" ЖШС-нің тәжірибелік алқаптарында жүргізілді. Зығыр тұқымдарына фитосараптама жүргізілді және оларды сауықтыру үшін қорғағыш-ынталандырушы құрамдар іріктелді. Зерттеулер нәтижесінде барлық сыналған нұсқалардың зертханалық өнгіштігі 85,0–ден 98,0%-ға дейін, тұқымның зеңденуіне қарсы биологиялық тиімділігі 40,5-100% аралығында ауытқыды. Зығыр тұқымдарының танаптық өнгіштігіне қорғағыш-ынталандырғыш құрамдардың әсері де бағаланды. Өскіндердің ең жоғары танаптық өнгіштігі ТМТД, с.с.к. (5,0 л/т) + Селест–топ, 312,5 с.к. (1,0 л/т) + Экстрасол (1,0 л/т) нұсқасында байқалып, бұл көрсеткіш 95,5% дейін жетті, ал бақылау нұсқасында – 73,1%-ды құрады. Сонымен қатар, іріктеліп алынған нұсқалар дақылдың шырша кезеңінде тамыр шірігіне қарсы жоғары биологиялық тиімділікті көрсетті – 60,7–96,4%, өнім жинар алдында – 59,1–93,8%.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1 Гайнуллин Р.М. Урожайность и качество маслосемян некоторых сортов льна масличного в лестостепи Среднего Поволжья // VI международная конференция молодых ученых и специалистов, ВНИИМК. – 2011. – С.55.
- 2 Жумабекова А.М. Влияние фунгицидов на структуру урожая и масличность льна в условиях акмолинской области // Материалы Республиканской научно-теоретической конференции «Сейфуллинские чтения–12: Молодежь в науке-инновационный потенциал будущего». – 2016. – Т.І, ч.1. – С. 188-191.
- 3 Пивень В.Т., Семеренко С.А., Сердюк О.А., Медведева Н.А. Защита посевов льна масличного от болезней и вредителей в условиях южного федерального округа РФ//Масличные культуры. Науч.-тех. бюл. ВНИИМК. -2011. -Вып. 1. - С. 146–147.
- 4 Нехведович, С. И. Фитопатологическая ситуации в посевах льна масличного в условиях Республики Беларусь и оценка вредоносности доминирующих болезней / С. И. Нехведович, Д. В. Войтка // Земледелие и селекция в Беларуси. – 2020. – № 56
- 5 Пивень В. Т., Тишков Н. М., Семеренко С. А., Бушнева Н. А., Скляров С. В. Защита льна масличного от вредных организмов в условиях Кубани // Масличные культуры. 2013. №1
- 6 Саломатина К.С., Карпова С.Г., Задворнев В.А. Болезни льна и меры борьбы с ними. ФГБОУ ВО «Курганская государственная сельскохозяйственная академия имени Т.С. Мальцева».
- 7 Наумова Н.А. Анализ семян на грибную и бактериальную инфекцию. – Л.: Колос, 1970. – 207 с.
- 8 ГОСТ 12044-93. «Семена сельскохозяйственных культур». – Москва, 1993. – С. 145-156.
- 9 Джаймурзина А.А., Сагитов А.О., Есжанов Т.К., Умиралиева Ж.З. «Способ определения эффективности препаратов против грибной и бактериальной инфекции в семенах». Инновационный патент РК №28979. – 2014.
- 10 Джаймурзина А.А., Сагитов А.О., Есжанов Т.К., Умиралиева Ж.З., Копжасаров Б.К. «Способ обеззараживания семян защитно-стимулирующими составами». Инновационный патент РК №28978. – 2015.
- 11 Syltanova, N.Z., Sarsenbaeva, G.B., Jaimurzina, A.A., Bekezhanova, M.M....Ussembayeva, Z.S., Sagitov, R.K. Efficiency of treating maize seeds with fungi and bacterial microflora protective stimulating compositions. Ecology, Environment and Conservation, 2020, 26 (2), стр. 583–587.
- 12 Bekezhanova M.M., Sultanova N.Zh., Temreshev I.I., Zhumakhanuly O., Tusupbaev K. Эффективность защитно-стимулирующих составов при оздоровлении сортов семян сои. Международный научный журнал Наука и мир. - № 12 (88), 2020, Том 2. Импакт-фактор – 0.325.