Мәзір

№ 03-1(special) (2025): Ізденістер, нәтижелер

Шілде - Қыркүйек 2025

Жарияланды: 15.10.2025

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, АГРОХИМИЯ, АЗЫҚ ӨНДІРУ, АГРОЭКОЛОГИЯ

АСТЫҚТЫ САҚТАУ КЕЗІНДЕ БҰЗЫЛУЫН БОЛДЫРМАУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ РЕТТЕУІШ ГАЗДЫҚ ОРТАЛАР

Қазақстан – әлемдегі астық өндіруші ірі елдердің бірі, алайда астықты ұзақ уақыт сақтау барысында сапасын жоғалтпай қорғау өзекті мәселе болып отыр. Астық сақтау кезінде ауа алмасуының жеткіліксіздігі мен ылғалдылықтың жоғары болуы биохимиялық өзгерістерге алып келіп, астықтың бұзылуына себеп болады. Астық зиянкестері мен микрофлораға қарсы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, тиімді әдістердің бірі – йодид калий мен молекулалық йод негізіндегі реттелетін газ ортасын (РГО) қолдану. Жүргізілген зерттеулер РГО-ның қамба бізтұмсығына (Sitophilus granarius L.), кіші ұн қоңызына (Tribolium confusum Duv.), астық егеуіші (Rhizopertha dominica F.), қойманың күрең тері жеміріне (Attagenus simulans Sols.) және Penicillium, Alternaria, Mucor зең саңырауқұлақтарына қарсы жоғары тиімділігін көрсетті. Аэрозольді нанотехнологияны пайдалану астық шығынын азайтуға және инсектицидтерді қолдануды қысқартуға мүмкіндік береді.

ЖҮЗІМДІ ТАҢҚУРАЙ БҰТАЛЫ ЕРГЕЖЕЙЛІ ВИРУСЫНАН IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА САУЫҚТЫРУ ҮШІН «КАГОЦЕЛ» ПРЕПАРАТЫ МЕН ТЕРМОТЕРАПИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Бұл жұмыста жүзімнің 16 сортын (Vitis vinifera L.) вирустық инфекциялардан in vitro жағдайында сауықтыру үшін кешенді биотехнологиялық әдістерді қолдану нәтижелері берілген. «Кагоцел» препараты вирусқа қарсы агент ретінде 10 және 30 мг/л концентрацияда таза түрінде және термотерапиямен бірге қолданылған. Өсімдік материалында вирустық қоздырғыштардың бар-жоғы сауықтыруға дейін және сауықтырудан кейін иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісімен жүргізілді. Өркеннің өсуі мен дамуы және өсімдіктердің микрокөбеюі үшін құрамында витаминдері, 30 г/л сахароза және 6,3 г/л агар қосылған, өсімдік өсу реттегіштері жоқ, темір хелаты бар жартылай тұзды MS (1/2) қоректік ортасы қолданылды; каллус түзілу, өсінді ұштарында гипергидроз немесе некроз байқалмады.Таңқурай бұталы ергежейлі вирусын (RBDV) жою тиімділігі аралас сауықтыру – химиотерапия («Кагоцел» препараты) және in vitro термотерапия (50 күн бойы 36-38 ° C) кезінде айтарлықтай жоғарылайтыны анықталды. K10+T және K30+T нұсқаларында RBDV жойылуы тиісінше 77,2% және 79,8% құрады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ЖЕМІС ӨСІРУ АЙМАҒЫНДА ГРЕК ЖАҢҒАҒЫНДАҒЫ ALTERNARIA ALTERNATA САҢЫРАУҚҰЛАҒЫНЫҢ ПАТОГЕНДІЛІГІ

Жаңғақ (Juglans regia L.) – экономикалық тұрғыдан маңызды дақыл болып табылады, әсіресе Оңтүстік Қазақстанда. Мұнда Alternaria alternata саңырауқұлағы тудыратын қоңыр дақ ауруы өнімділікке елеулі қауіп төндіреді. Бұл зерттеудің мақсаты – Алматы және Түркістан облыстарының әртүрлі климаттық аймақтарындағы бақтардан алынған жаңғақ жапырақтарындағы A. alternata изоляттарының патогендік қасиеттерін анықтау болды. Саңырауқұлақ морфологиялық белгілері бойынша анықталып, ПТР әдісі арқылы расталды. Патогенділікті бақыланатын жағдайда жаңғақ жапырақтарын қолдан жасанды жұқтыру арқылы тексерді. Нәтижелер A. alternata әртүрлі климаттық жағдайларда да патогендік қасиет көрсететінін дәлелдеді, ол хлороз бен жапырақ некрозын тудыратын қоңыр дақтың белгілерін шақырды. Бұл деректер аурудың кең таралғанын әрі қауіпті екенін көрсетеді және өсімдікті қорғаудың тиімді стратегияларын әзірлеуге бағытталған әрі қарайғы зерттеулерге ғылыми негіз қалайды.

РАПСТЫҢ ТҰҚЫМДЫҚ САПАСЫ МЕН ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҚОРҒАНЫШ ЫНТАЛАНДЫРҒЫШ ҚҰРАМДАР ҚОЛДАНУ

Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған тиімді агротехнологиялық шешімдерді іздестіруге ерекше назар аударылады. Осындай перспективалы бағыттардың бірі ретінде тұқымды себуге дейінгі өңдеуде қорғаныш ынталандырғыш құрамдарын қолдану болып табылады. Мақалада қорғаныш ынталандырғыш құрамдарын рапс тұқымының сапасына және оның өнімділігіне әсері қарастырылған. Қостанай облысындағы «Қазақ тұлпары» ЖШС жағдайында жүргізілген далалық тәжірибелердің нәтижелері келтіріліп, бұл құрамдардың тиімділігі дәлелденген.

ҚАЗАҚСТАНДА РЕМОНТАНТТЫ ТАҢҚУРАЙДЫ ӨСІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

 Таңқурай Rosacealus тұқымдасына жатады (RosaceaLuss.). Rubus L. субгенус таңқурай (Idaebatus) 120-дан астам түрді қамтиды. Олардың көпшілігінде жемістері қызыл, сары, ақ формада. Өндірісте қызыл таңқурайдың әртүрлі сорттары өсіріледі (Rubusidaebatus L.). Соңғы жылдары ремонтантты таңқурай сорттарын шығаруға көп көңіл бөлінді. Таңқурай ең құнды жидек дақылдарының бірі. Бұл ерте пісіп жетілетін және өнімді дақылдардың түрі [1]. Мақалада шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін перспективті дақыл ретінде ремонтантты таңқурай өсірудің экономикалық тиімділігі қарастырылады. Шаруашылықты құру және күтіп-ұстау шығындарына, өнімділікке, өткізу деңгейіне және рентабельділігіне талдау жүргізілді. Тиімділік көрсеткіштерінің есептеулері және кірісті арттыру үшін агротехнологияларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар берілген.              Зерттеу жұмыстары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты «Айдарбаев», «Хишков» шаруа қожалықтары мен «Семиречье» питомнигінде жүргізілді. Зерттеу объектісі болып remontant таңқурай сорттары болды. Ресейде өсірілген ремонтантты таңқурайының перспективті сорттары: Брянское Диво, Карамелька, Оранжевое чудо, Нижегородец, Малиновая гряда, Гибрид-39, Поляк селекциясының сорттары - Полка және Полана сорттарына жүргізілді. Бақылау ретінде «Полка» таңқурай сорты алынды.

Ремонт таңқурай фермерлер арасында жоғары өнімділікке, маусымда екі өнім алу мүмкіндігіне және ауруға төзімділікке байланысты танымал бола бастады. Жаңа піскен және өңделген жидектерге сұраныстың артуы жағдайында оны өсірудің экономикалық орындылығын талдау ерекше маңызға ие.

Ремонт таңқурай формаларының артықшылығы-агротехникалық шараларды механикаландыруға және фунгицидтерге шығындарды болдырмауға мүмкіндік беретін арзан технологияны қолдану. Сонымен қатар, бұл дақыл әлемдік өндірісте де, Қазақстан Республикасында да құлпынайдан кейінгі екінші маңызды жидек дақылы болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта біздің республикада таңқурай плантацияларының алаңдары құлпынайдан асып түсе бастады.

ҚЫСҚЫ БИДАЙДАҒЫ ТАСБАҚА ҚОҢЫЗДАРЫ ЖӘНЕ ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ

Қысқы бидай егіншілігінде зиянкестерден қорғау — ауыл шаруашылығы өнімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Бұл зерттеуде Түрікменстан жағдайында қысқы бидайға зиян келтіретін негізгі жәндіктердің бірі — қалқаншабас кандала (Eurygaster integriceps) — туралы мәліметтер ұсынылған. Авторлар қалқаншабастың биологиялық даму кезеңдерін, тіршілік ету ерекшеліктерін және өсімдікке келтіретін зиянын анықтады. Зерттеу нәтижесінде зиянкестердің көбею күнтізбесі жасалып, мамандардың тәжірибелік жұмысында қолданылуда. Өсімдікті зиянкестерден қорғау үшін биологиялық және агротехникалық әдістермен қатар, химиялық тәсілдер де қарастырылған. Пайдаланылған инсектицидтердің тиімділігі мен олардың егістік жағдайында қолдану нәтижелері сипатталған. Сонымен қатар, энтомофагтар мен теленоминдер сияқты биологиялық агенттердің рөлі мен зертханалық өсіру жолдары көрсетілген. Жалпы алғанда, зиянкестермен күресте кешенді тәсіл — экологиялық және экономикалық жағынан тиімді екені дәлелденді. Бұл бағытта болашақта кең ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі аталып өтті.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КӨКТЕМГІ СУ ТАСУДАН КЕЙІНГІ СУАРАТЫН СУ САПАСЫ-2024

Климаттың өзгеруіне байланысты гидрологиялық режимдердің жиі бұзылуы Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының шығыны мен азық-түлікпен байланысты аурулар қаупінің артуына алаңдаушылық туғызуда. 2024 жылғы көктемгі тасқыннан кейін біз Солтүстік Қазақстан облысындағы суармалы егістіктерде қолданылатын жер үсті және құдық суларынан сынамалар алдық. Зерттеу барысында колиформа және E. coli бактерияларының бастапқы деңгейі анықталып, далалық сынама алу әдістемесі жетілдірілді. Алты шаруа қожалығы мен Петропавл қаласы бойынша алынған су сынамаларының микробиологиялық сапасы жақсы болды. Су тасқынынан үш ай өткен соң ауру таралу қаупі төмен болғанымен, су көздерін үнемі бақылап отыру ұсынылады

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘРТҮРЛІ ТАБИҒИ СТАНЦИЯЛАРЫНАН БАКТЕРИОЗ БЕЛГІЛЕРІ БАР ӨЛІ ЖӘНДІКТЕРДІ ІЗДЕУ

Табиғи субстраттарды жинау және бактериоз белгілері бар өлі жәндіктерді іздеу мақсатында Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» және Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының жалқарағайларында маршруттық зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар, Ақмола облысындағы Бурабай орман алқаптары, Шығыс Қазақстан орман алқаптары, сондай-ақ Алматы облысының Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінің табиғи резерваттары мен Кеген, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарының орман алқаптары қамтылды. 

Жүргізілген зерттеу барысында барлығы 580 үлгі жиналды, оның 479-ы талдаудан өткізіліп, нәтижесінде Bacillus thuringiensis түріне жататын 30 изолят анықталды.

БЕЛОРУС РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЫҒЫРДЫ ЗИЯНДЫ НЫСАНДАРДАН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮЙЕСІ

Мақалада Беларусь Республикасында зығыр және оның дәйектілігін қорғау бойынша шаралар жүйесін енгізу қажеттілігінің негіздемесі келтірілген. Салалық нормативтердің талаптарын және фитосанитарлық бақылау шараларының жүйелі сипатын қатаң сақтау зығыр талшығы мен зығыр тұқымының жоғары өніміне кепілдік береді, сонымен қатар жоғары сапалы зығыр өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Жұмыста осы тақырып бойынша көп жылғы өз зерттеулеріміз бен әзірлемелердің нәтижелері пайдаланылады.

ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚАЙТА ҚҰРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Мақалада өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау мәселесінің негізгі тұстары берілген, мұнда автордың пікірінше, жағдайды қайта құру қажет, бұл осы қызметтің тиімділігін айтарлықтай арттырады. Оларға мыналар жатады: агротехникалық әдісті қайта қарау – қыркүйек айында шитті мақтаны екі-үш рет жинағаннан кейін мақта аралығына күздік бидайды себу, себу алдында тұқымды қосымша өңдеу, биолабораториялардағы биоагенттердің сапасын оларды өндіру технологиясына сәйкес жақсарту, ғылыми негізделген өңдеу уақытын дәл пайдалану, балдың сыртқы талаптарға сай жойылуына жол бермеу шаралары; мемлекетаралық сауда қатынастарын белсендіру контексттері және т.б.

КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА ҚҰЛПЫНАЙДЫҢ ЗИЯНДЫ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ

Өзгермелі климат жағдайында Қазақстанның Алматы облысында аурулар мен зиянкестердің таралуын, сондай-ақ агрохимикаттардың әсерін бағалау мақсатында құлпынай плантацияларына кешенді фитосанитариялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2024–2025 жылдары жүргізілген зерттеулер көктемгі шамадан тыс ылғалдылық пен жазғы құрғақшылық сияқты климаттық аномалиялар өсімдіктер иммунитетінің әлсіреуіне және патогенді микрофлораның белсенділігіне ықпал еткенін көрсетті.

Фитоэкспертиза барысында келесі саңырауқұлақ қоздырғыштары анықталды: Fusarium sp., Botrytis cinerea, Alternaria sp., Rhizopus sp., сондай-ақ сапрофитті түрлер (Penicillium, Mucor). Кейбір тамыр жүйесінің бөлімдерінде нематодтармен зақымдануы байқалды. Бактериологиялық талдау Pectobacterium carotovorum бактериясының бар екенін көрсетті, ол жұмсақ шірік ауруын туғызады. Энтомологиялық талдау жұмыстары  өсімдіктердің өрмекші кенелер мен трипстермен зақымдануын тіркеді, бұл ретте «Мурано» сорты аса сезімтал болып шықты.

Құлпынайға ұсынылмаған пестицидтердің қолданылғаны қосымша анықталып, фитоуыттылықтың байқалуына, сондай-ақ топырақ пен өсімдік материалында әсер етуші заттардың іздік мөлшерде табылуына себеп болды.Бұл жағдай агрохимиялық қорғау схемаларын экологиялық және уыттылық критерийлерін ескере отырып қайта қарау қажеттігін көрсетеді.

Алынған нәтижелер өсімдіктерді қорғау жүйелерін жаңа климаттық жағдайларға бейімдеудің маңыздылығын, сондай-ақ фитосанитарлық мониторингті және агрохимикаттарды қауіпсіз қолдануды тұрақты бақылау қажеттігін көрсетеді.

BEAUVERIA BASSIANA САҢЫРАУҚҰЛАҒЫН КҮРІШ ҚОРЕКТІК ОРТАСЫНДА ӨСІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ LOCUSTA MIGRATORIA L.-ГЕ ҚАРСЫ ПАТОГЕНДІК ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

Азиялық шегіртке (Locusta migratoria L.) — құрғақ аймақтарда, соның ішінде Қазақстанның оңтүстігінде ауыл шаруашылық дақылдарына ең көп зиян келтіретін қауіпті зиянкестердің бірі. Химиялық инсектицидтерге балама ретінде энтомопатогенді саңырауқұлақтарды қолдану экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі тиімді әдіс болып табылады. Бұл зерттеуде күріш субстратында қатты фазалық ферментация әдісімен өсірілген Beauveria bassiana саңырауқұлағының үш штаммының патогенділігі зерттелді. Құрғақ субстраттың әр грамында орташа спор мөлшері 2,3×10⁹–4,1×10⁹ аралығында болды, ал споралардың тіршілікке қабілеттілігі 85–95% аралығында анықталды. Биосынақтар шегіртке нимфаларын 1×10⁸ конидия/мл концентрациясындағы суспензияға иммерсиялау әдісімен жүргізілді. Ең жоғары вируленттілікті BLе1(k)-07 штаммы көрсетті — 15-күні 95%-ға дейін өлім байқалды. Зерттеу нәтижелері бұл штаммдардың биоконтроль агенттері ретінде жоғары тиімділігін дәлелдеді және оларды құрғақ аймақтардағы өсімдіктерді кешенді қорғау жүйелерінде қолдануға негіз бола алады.

ЗЫҒЫР ТҰҚЫМЫНА АРНАЛҒАН ҚОРҒАНЫШ-ЫНТАЛАНДЫРҒЫШ ҚҰРАМДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТХАНА ЖАҒДАЙЫНДА КЕШЕНДІ ФИТОЭКСПЕРТИЗА НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ

Мақала зығыр тұқымын себу алдындағы өңдеуге арналған қорғаныш-ынталандырғыш құрамдардың (ҚЫҚ) тиімділігіне арналған. Тұқымдарға жүргізілген фитосараптама нәтижесінде Alternaria, Mucor зең саңырауқұлақтары мен Pseudomonas, Xanthomonas туыстарына жататын бактериялар анықталды.

ҚЫҚ қолдану тұқымның себу сапасына кері әсер етпей, керісінше, оларды бақылау деңгейінде немесе одан да жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік берді. Патогенді микрофлораның айтарлықтай тежелуі байқалды: ауру тұқымдардың мөлшері бақылауда 14,6 %-дан тәжірибелік нұсқаларда 0,6–14,7 %-ға дейін төмендеді (эталон - 0,6 %). Зерттеу нәтижесінде ең тиімді ҚЫҚ комбинациялары іріктеліп алынды.

Нәтижелер көрсеткендей, фитосараптама негізінде таңдалған ҚЫҚ тұқымдардың фитосанитарлық жағдайын жақсартып, зығыр өсімдігінің толыққанды дамуына ықпал етеді. Іріктелген ҚЫҚ комбинациялары алдағы далалық зерттеулерде қолданылатын болады.

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ СОРТТАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ЛАСТАНҒАН АУМАҚТАРДАҒЫ ФИТОРЕМЕДИАЦИЯ: КӨКШЕТАУ Қ. ҚТҚ ПОЛИГОНЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫ ОҢАЛТУ ТӘЖІРИБЕСІ

Топырақтың техногендік ластануы жағдайында табиғи қасиеттерді қалпына келтіруге және экожүйелердің тұрақтылығын арттыруға бағытталған экологиялық оңалтудың тиімді әдістерін дайындау өзекті міндет болып табылады. Бұл жұмыста Көкшетау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтардың жабық полигонының аумағында стресске төзімді өсімдік түрлерінің қатысуымен фиторемедиацияны қолдану қарастырылады. Ауыр металдарға төзімділік, өсу қарқындылығы және тозған топырақтардың құрылымын жақсарту қабілеті критерийлері бойынша іріктелген он дақылға зертханалық және далалық сынақтар жүргізілді. Ең айқын бейімделу қасиеттері, жоғары өнгіштігі, қарқынды биомасса түзілуі және дамыған тамыр жүйесінің қалыптасуы шалғынды бетеге (Festuca pratensis), арпа (Hordeum vulgare), рапс (Brassica napus) және ақ қыша (Sinapis alba). Сонымен қатар, фитоуыттылықты, ластаушы заттардың биожетімділігін және топырақ профилін қалпына келтіру динамикасын бағалау ұсынылады. Жергілікті өсімдік түрлері мен биотехнологияларды экологиялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік беретін рекультивация процестеріне біріктірудің заманауи тәсілдері қарастырылуда. Алынған нәтижелер бейімделген дақылдардың тұрақты табиғат пайдалану құралы ретіндегі жоғары тиімділігін растайды және ҚТҚ полигондары мен өнеркәсіптік аймақтарда табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлау кезінде қолданылатын фиторемедиацияның қолданбалы аспектілерін дамытуға үлес қосады.

АЛҚА ТҰҚЫМДАС ӨСІМДІКТЕРІНДЕГІ PHYTOPHTHORA INFESTANS ТУДЫРҒАН ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ТАРАЛУ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН ӘРТҮРЛІ СПОРАНГИЙ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БАҒАЛАУ

Phytophthora infestans — алқа (Solanaceae) тұқымдас дақылдарда кездесетін ең экономикалық маңызды аурулардың бірі болып табылатын фитофтороз ауруының қоздырғышы. Жеке жапырақтарды бөліп алып зерттеу әдісі әртүрлі қоршаған орта жағдайлары мен агротехникалық тәсілдердің аурудың даму процесі мен қауіптілігіне қалай әсер ететінін тиімді бағалауға мүмкіндік береді. Алайда бұл әдістерді табиғи жағдайда инфекцияның даму ерекшеліктерін дәлірек көрсету үшін жетілдіру қажет. Бұл зерттеуде жапырақтарды бөліп алып жұқтыру әдісі қолданылып, бастапқы спорангий концентрациясының фитофтороздың даму деңгейіне әсері зерттелді. Жылыжайда өсірілген қызанақ (Solanum lycopersicum), картоп (Solanum tuberosum) және баялды (Solanum melongena) үлгілері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде айқын дозаға тәуелді жауап байқалды: жоғары концентрациялар (50 000/мл және 10 000/мл) ауру белгілерінің жылдам әрі кең таралуына себеп болды, ал төмен концентрацияда (2 000/мл) ауру белгілері әлсіз байқалып, бақылау үлгілерінде ауру болмады. Жапырақтағы дақтардың таралуы мен зақымдалған ауданның пайызы 7 күн ішінде ImageJ бағдарламасының көмегімен бағаланды.

Нәтижелер жапырақпен жұмыс істеудің бұл әдісінің патогеннің агрессивтілігін сандық тұрғыда бағалауда тиімді екенін және өсімдік пен патоген арасындағы ерте кезеңдегі әрекеттестікті зерттеуге мүмкіндік беретінін көрсетті.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ TETRANYCHUS URTICAE KOCH (ACARI: TETRANYCHIDAE) ӨРМЕКШІ КЕНЕ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ИНСЕКТИЦИДТЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ

Tetranychus urticae Koch өрмекші кенесі ауылшаруашылық дақылдарының кең спектріне әсер ететін ең зиянды полифагты зиянкестердің бірі болып табылады. Оның жоғары репродуктивтік белсенділігі, инсектицидтер мен акарицидтерге төзімділікті тез дамыта алу қабілеті, сондай-ақ қоршаған орта жағдайларына жоғары бейімділігі оны өсімдік шаруашылығы үшін айтарлықтай қауіпке айналдырады. Осы зерттеуде Алматы облысынан алынған далалық популяциялардың абамектин және лямбда-цигалотрин пестицидтеріне төзімділік деңгейі бағаланды. Кенелердің түрлік сәйкестігін растау үшін митохондриялық цитохром оксидаза I (COI) генінің фрагментін амплификациялау және секвенирлеу негізінде молекулалық идентификация жүргізілді. Алынған нуклеотидтік тізбектер T. urticae-нің референстік тізбектерімен ≥99% деңгейінде жоғары ұқсастық көрсетті. Пестицидтердің уыттылығы жапырақты батыру, содан кейін пробиттік талдау арқылы бағаланды. Зерттеу нәтижелері бойынша далалық популяция абамектинге сезімтал болғанымен, лямбда-цигалотринге қатысты төменнен орташа деңгейге дейін төзімділіктің белгілерін көрсетті. Бұл деректер T. urticae популяцияларының резистенттілігін тұрақты бақылаудың және пестицидтерге төзімділіктің дамуын шектеу мақсатында кешенді зиянкестерге қарсы күрес стратегияларын енгізудің өзектілігін көрсетеді.

ЖАБЫҚ АЛАҢ ЖАҒДАЙЫНДА ҚИЯР ДАҚЫЛЫНА ЗИЯН КЕЛТІРЕТІН БІТЕЛЕР КЕШЕНІМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

Бұл зерттеуде жылыжай жағдайында өсірілетін қияр дақылын (Cucumis sativus L.) зақымдайтын ең қауіпті зиянкестердің бірі – бақша бітесіне (Aphis gossypii Glover) қарсы биологиялық тәсілдерге негізделген интегралды қорғау жүйесінің тиімділігі зерттелді. Жұмыс барысында сорғыш зиянкестердің түр құрамын анықтау және олардың санын бақылау мақсатында апта сайын мониторинг жүргізілді. Зиянкестердің тығыздығын бағалау үшін жылыжайдағы модельді өсімдіктер пайдаланылып, әртүрлі биологиялық агенттердің әсері зерттелді. Зерттеу нәтижесінде Aphidius colemani паразитінің 3 мәрте қолданылуы бақша бітесінің санын 69,3%-ға дейін төмендеткені анықталды. Алайда, маусым айының соңында ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты паразиттің белсенділігі төмендеп, бұл кезеңде Актарофит 1,8 биологиялық препараты (1,0 л/га) қолданылды. Оның тиімділігі 84,2%-ды құрады. Зерттеу қорытындысы бойынша, энтомофагтар мен биопрепараттарды кешенді түрде қолдану өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың экологиялық қауіпсіз, биологиялық тиімді және заманауи әдісі болып табылатыны дәлелденді. Алынған нәтижелер жылыжай шаруашылықтарына зиянкестермен күресте жаңа биологиялық тәсілдерді енгізу үшін ғылыми негіз бола алады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІ МЕН ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІҢ ОРМАНПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ИНВАЗИЯЛЫҚ ЗИЯНКЕСТЕРДІҢ ТАРАЛУЫ

Жасыл желектердің экологиялық және эстетикалық маңызы зор. Алайда зиянды ағзалар жасыл желектердің жалпы жағдайына кері әсерін тигізеді. Олар ағаштар мен бұталарды әлсіретіп, қурауына әкеледі. Зиянды ағзалармен күресу көбінесе түрлік құрамы мен жаңа тіршілік ету жағдайларындағы биологиясының жеткіліксіз зерттелуіне байланысты күрделі болады.

Мақалада Алматы, Шымкент, Тараз және Қызылорда қалаларының жасыл желектерінің орман патологиялық жағдайы сипатталып, зиянкестердің инвазиялық және басым түрлері, олардың қоныстануы мен зияндылығы туралы деректер келтірілген.

Аталған аймақтарға мониторинг жүргізу барысында қалалар мен орман алқаптарына айтарлықтай зиян келтіретін 30-дан астам түрлері анықталды. Солардың ішіндегі бұрын соңды болмаған  инвазивті зиянкестер: охрид немесе талшын ағашының егеуші (Cameraria ohridella Deschka et Dimic.), қарағаштың зигзаг жасап егеуіші (Aproceros leucopoda Takeuchi), еменнің үңгі егеуіші (Profenusa pygmaea), қоңыр мәрмәр қандаласы (Halyomorpha Halys Stål) және қараағаш жапырақжегіші (Xanthogaleruca luteola) кездесті. Сонымен қатар, жасыл желектерде жапырақжегіштер (Chrysomelidae), жапырақкеміргіштер (Tortricidae), мүр (Geometridae) және жұпсыз жібек көбелектері (Bombyx), жұлдызшалы (Acantholyda posticalis Mats) және қызылбасты жұлдызшалы тоқығыш егеуіштер (Acantholyda erythrocephala Linneus) табылды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫ БАҚТАРЫ МЕН ТАУЛЫ ОРМАНДАРЫНДАҒЫ СИВЕРС АЛМАСЫНЫҢ ПАЙДАЛЫ ЭНТОМОФАУНАСЫНЫҢ ТҮР ҚҰРАМЫН НАҚТЫЛАУ

Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы бақтарда және таулы жабайы жеміс ормандарындағы Сиверс алма ағашындағы алма жеміс жемірі (Cydia pomonella L) мен қабыршаққанатты зиянкестерінің энтомофагтарының (паразит, жыртқыш) жергілікті популяциясының мәліметтер келтірілген. Алма жеміс жемірінің мамандандырылған энтомофагы Mastrus ridens анықталды, ол бақтарда алма жеміс жеміріне қарсы қолдану үшін перспективті паразит болып табылады. Сондай-ақ, алма жеміс жемірі мен Mastrus ridens-тізертханалықөсіружұмыстарыжүргізілді.Паразиттізертханалықжағдайдаөсіру5жастағы алма жеміс жемірінің жұлдызқұрттарында240Стемпературада, 60%ылғалдылықтажүзеге асырылды.

Mastrus ridensэнтомофагынбақшаныалмажеміс жеміріненбиологиялыққорғаужүйесінеқосумәселесіншешуүшінзертханалықжағдайдабірқатарбиологиялық және химиялықинсектицидтердіңэктопаразитпенүйлесімділігінеәсерібағаланды.

Зертханалық жағдайда Mastrus ridens өте қиын көбеюіне байланысты, біз институттың зертханалық коллекциясында бар бракон паразитін (Braсon hebetor) сынап көрдік. Бракон алма жеміс жемірінің жұлдызқұрттарын тиімді түрде салдандырып, паразиттеу деңгейі 68,7% құрады.