Бедел Калиев, Капар Усен , Лилия Димеева , Валерия Пермитина , Лаура Шадманова , Нурымжан Аубакиров
Мақалада далалық зерттеулер мен әдеби дереккөздерді талдау нәтижелері ұсынылып, оған сәйкес Жетісу Алатауы флорасының 58,6% түрлері экономикалық тұрғыдан маңызға ие. Экологиялық топтар ішінде петрофиттік өсімдіктер басым. Экономикалық маңызы бар түрлердің арасында малазықтық өсімдіктер ең ірі үлесті (23,4%) құрайды. 100-ден астам өсімдік түрі (8,7%) халықтық және ресми медицинада қолданылады, олардың ішінде өндірістік қорлармен шәйқұрай, мыңжапырақ, бәрпі, киікоты және т.б. қамтамасыз етілген. Сәндік өсімдіктер (10,5%) петрофиттік және жайылма бұталарынан, қызғалдақ, жанаргүл, сепкілгүл, бәйшешек, жыланбас, шырыш, таушымылдық түрлерінен тұрады. Балды өсімдіктер (4,1%) жайылма ормандары мен шалғындарына тән. Илік және танинді өсімдіктер пайдалы өсімдіктердің 2%-ын құрайды. Улы өсімдіктер (69 түр) отарлы мал шаруашылығы аймақтары мен табиғи малазықтық шөптесін қауымдастықтарында өседі. Арамшөп түрлері (аймақ флорасының 14,9%-ы) тау аралық және өзен аңғарларында, мал айдау жолдарының бойында және деградация белгілері байқалатын учаскелерде кең таралған. Алынған нәтижелер Жетісу Алатауы флорасының экономикалық маңызға ие түрлерін басқару, рационалды пайдалану және сақтау бойынша іс-шаралар жоспарын жасауға негіз болады.
Турсунай Василина, Гульсун Баядилова, Бағлан Махамедова, Динара Сейдазимова, Айгуль Жаппарова, Джансулу Есенбаева
Мақалада көкөніс дақылдарының өнімділігін арттырумен қатар, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту мақсатында табиғи цеолитті, атап айтқанда, Шанқанай (Қазақстан) кен орнының клиноптилолитін модифицирленген тыңайтқыштар негізі ретінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Вегетациялық тәжірибе барысында күңгірт қара-қоңыр топырақта цеолит пен модифицирленген цеолит тыңайтқышының (МЦТ) қызанақ пен ас қызылшасының өсуі, өнімділігі және сапасына оң әсері анықталды. Қызанақта цеолит өркен ұзындығын 48 см-ге, жеміс массасын 64 г-ға дейін, жапырақ бетінің ауданын 28,9 см²-ге дейін арттырды. МЦТ жапырақ бетінің ең жоғары ауданын (32,1 см²), құрғақ заттардың (5,9%) және қанттың (3,75%) жоғары мөлшерін, сондай-ақ нитраттардың төмен деңгейін (89 мг/кг) қамтамасыз етті. Ас қызылшасында МЦТ қолдану кезінде тамыржемістің массасы 342 г-ға, қант мөлшері 8,4%-ға жетіп, нитраттар 224 мг/кг-ға дейін төмендеді. Цеолит пен МЦТ өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін азайтуға ықпал етті. Цеолит қоректік заттардың шайылуын баяулатып, тыңайтқыштардың әсер ету мерзімін ұзартуға және өсімдіктердің стрестік факторларға төзімділігін арттыруға ықпал етеді. Модифицирленген цеолит тыңайтқышын қолдану ең жоғары синергетикалық әсер көрсетіп, дақылдарды оңтайлы қоректендіру мен өнімнің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Женис Кеишилов, Алма Кохметова , Мадина Кумарбаева , Мақпал Нұржұма, Қанат Бахытұлы
Бұл ғылыми зерттеу жұмысында бидайдың аса қауіпті ауруы пиренофороздың (P. tritici-repentis) таралуы мен дамуына 2024 жылы мониторинг жұмыстарын жүргіздік. Зерттеу жұмысында Қазақстанның солтүстік аймақтарының (Ақмола және Қостанай облыстары) жаздық жұмсақ және қатты бидай сорттары зерттелінді. Мониторинг нәтижелері бойынша бидайдың пиренофороз ауруының таралуы мен залалдану дәрежесі әр аймақта әр түрлі нәтижелер көрсетті. Ақмола облысы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жаздық бидай сорттарының көпшілігі пиренофорозға (P. tritici-repentis) төзімсіз екендігі анықталынды. Патогеннің таралу деңгейі 24%-дан 98% аралығында болды, ал аурудың дамуы 6,60%–дан 34,60% аралығын құрады. Зерттеу нәтижесінде Ақмола облысының бидай егіс алқаптарында патогенмен ең аз мөлшерде залалданған Экстенсив сорты болып табылды, патогенмен залалдану деңгейі 6,90%, ал таралу деңгейі 24% құрады. Сонымен қатар, Қостанай облысы бойынша пиренофороздың таралуы мен залалдануын анықтау барысында, (P. tritici-repentis) патогенінің егіс алқаптарына айтарлықтай зиянын тигізгені анықталынды. Айна, Августина, Карабалыкская 7 және Айым жаздық бидай сорттарында қоздырғыштың таралуының жоғары деңгейі 88%, 76%, 74% және 82%-ды көрсетті. Аурудың даму индекісі 6,60%, 10,80%, 8,60% және 22,00%-ды құрады. Қостанай облысы егіс алқаптарында P. tritici-repentis қоздырғышына жоғары төзімділік (IT–R, 0%) танытқан Казахстанская раннеспелая, Хазрет, Ламис және Кудесница сорттары үлкен қызығушылық танытып отыр. Зерттеу нәтижелері бойынша, Ақмола облысында егілген бидай сорттарының барлығы пиренофороз ауруына төзімсіздік танытты. Ал Қостанай облысы, бидай сорттары, Ақмола облысына қарағанда басым бөлігі ауруға жоғары төзімділік танытты. Болашақта P. tritici-repentis-ке төзімділік танытқан барлық бидай сорттарын селекциялық бағдарламаларға пайдалануға ұсынылады.
Ырысжан Жакыпбек, Медеу Калыбеков , Мұрат Тоқтар, Серик Турсбеков , Төлеужан Нурпеисова
Қоршаған ортаның ластануы адам өмірінде және экожүйеде көбірек орын алуда. Мұнда қазба отынды пайдаланудан, тау-кен өндірісін дамытудан, қалдықтарды жағудан, өнеркәсіптік ағынды сулары төгілуден су, топырақ және ауа сияқты табиғи ресурстар ластануда. Қазіргі уақытта ауыр металдар улылығымен, атмосферада ұзақ өмір сүруімен және биоаккумуляция арқылы адам ағзасында жиналу қабілетімен қоршаған ортаны ластаушы көздердің негізгісі болып отыр. Сондықтан негізгі ластаушы факторларды анықтау мен қадағалау өте маңызды мәселе ретінде қарасырылуда.
Мақала Атырау облысы Мақат ауданынадағы мұнай – газ игерудегі ластаушы заттардың құрамын зерттеу, топырақтағы мұнай қалдықтарының таралуын зерханалық талдау және экожүйеге әсерін бағалау мақсатында қарастырылды. Сонымен қатар мұндағы мұнай қалдықтарымен, соның ішінде әртүрлі көмірсутектермен, ауыр металдармен және басқа химиялық қосылыстармен ластанған, тұзданған топырақты қалпына келтіру мен жақсарту әдістерін әзірлеу мақсатында жүргізілді.
Аумақтағы зерттелген нүктелердегі топырақтар ауыр металдардың ішінде қорғасынмен (Pb) ластанғанын көрсетті, оның құрамы барлық тереңдікте 4 есе шекті рұқсат етілген концентрациядан асатындығы дәлелденді. Сондымен қатар батпақ тұзданудың жоғары деңгейімен сипатталынды, ал тұздардың кальций-натрий мен сульфатты-хлоридті түрінің басым болып, топырақ жоғары карбонатты екендігі анықталды.
Gulaisha Abdramanova , Rustem Kadyrbekov
Aphidina тұқымдастығына жататын ксеробионтты бітелер туыстары — Protaphis Börner, 1940, Brachyunguis B. Das, 1918, Xerobion Nevsky, 1928 — жүйелілігі мен таксономиясы бойынша мәселелер әлі де өзекті болып отыр. Бұл туыстардың өкілдері Қазақстан аумағында кең таралған, олар сазды, құмды, тасты және тұзды шөлдерде, сондай-ақ дала және орманды дала аймақтарында кездеседі. Xerobion Nevsky, 1928 туысы Оңтүстік Палеарктиканың құрғақ аймақтарына тән. Қазіргі уақытта бұл туысқа әлемдік фаунада белгілі 21 түр кіреді. Қазақстанда осы туысқа жататын 15 түр анықталған. Барлық белгілі түрлер — Chenopodiaceae және Asteraceae тұқымдастарына жататын өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктерінде тіршілік ететін тар маманданған олигофагтар немесе монофагтар.
2022 жылы Тарбағатай жотасының солтүстік макробөктерінде (Сынтас шатқалы) Seriphidium sublessingianum өсімдігінде Xerobion hortobagyi (Szelegiewicz, 1978) түрінің бірнеше дарасы алғаш рет жиналды. Бұған дейін бұл түр тек Венгрия мен Словакия далаларынан белгілі болған. Бұл жұмыста аталған түрдің морфологиялық сипаттамалары келтіріліп, оның ықтимал таралу аймақтары талқыланды. Сонымен қатар ақпараттық таралу картасы жасалды.
Евгений Тен, Ирина Ошергина, Юлия Дорогова
Бұл мақалада экологиялық-географиялық шығу тегі әртүрлі жаздық рапстың үлгілері зерттелген. Сорт үлгілері, Майқұдық жергілікті селекциясының стандартты сортымен салыстырылды. Зерттеулер "А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізілді. Себу жұмыстары дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың селекциясы зертханасының стационарда, БРӨШИ мен АШӨО-да әзірленген әдістемелерге сәйкес, алғы дақыл сүрі танаптан кейін жүргізілді.. Мақалада жаздық рапстың коллекциялық үлгілерінің құрғақшылық пен артық ылғалға реакциясы, олардың дамуы, өсуі және ылғалдылығы әртүрлі жылдардағы өнімділік көрсеткіштері қарастырылады (2023-2024 жж.). 2023 жыл өте құрғақ (ГТК = 0,10) болды, ал 2024 жылы (GTK = 1,53) жауын-шашын мөлшері алдыңғы жылдан 2 есе артық болды. Осылайша, тәжірибе барысында алынған деректер рапстың шаруашылыққа пайдалы белгілер кешені бойынша Солтүстік Қазақстан жағдайында селекция үшін неғұрлым қолайлы, өнімділігі жоғары, иілгіш үлгілерді (түрішілік будандастыру үшін ата-аналық жұптарды іріктеу) анықтауға мүмкіндік берді. Мәселен, әлемдік рапс коллекциясының қарастырылған сорттарының ішінде (37 дана) климаттың күрт өзгеруіне барынша бейімделген 9 сорт үлгісі бөлінді: Майқұдық, ст., RY105, Ярвэлон, VNIIMK-21, ОР005, Ole, Викинг, 44c73, K601.
Исатай Нұрпейісов , Жұмақыз Кадырбекова
Алғышарт және мақсат. Қазақстанда 2013 жылдан бастап алғаш рет Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының (ҚазЕжӨШҒЗИ) ЖШС факультативті жұмсақ бидай сорттарының мақсатты селекциялық жұмысы басталды және олардың негізгі нәтижелері осы шолу жұмысында ұсынылып отыр. Зерттеудің мақсаты мен жаңалығы факультативті жұмсақ бидай селекциясының әдістемелік қағидаларын анықтау және оның жаңа бәсекеге қабілетті желілері мен сорттарын құру болды.
Зерттеу нысаны ретінде халықаралық питомниктерден алынған бидайдың сорттық үлгілері; өндірісте пайдалануға рұқсат етілген Қазақстан Республикасы мен Қырғызстанның сорттары; жаңа буданды популяциялар мен конкурстық сорт сынау питомнигіндегі (КСИ) факультативті бидайдың болащақты желілері алынды. Тәжірибелер Іле Алатауының тау бөктерінде ашық каштан топырақтарында жүргізілді. Зерттелетін нысандар күзде және көктемде егілді. Селекциялық көшеттерді себу, өсімдіктерді есепке алу, бақылау, будандастыру, бағалау, олардың құрылымдық және VRN гендерін талдау, сондай-ақ алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу отандық және шетелдік әдістемелерді пайдалана отырып жүргізілді.
Нәтижелер. Факультативті бидай селекциясының әдістемелік қағидалары анықталды, бастапқы материал ретінде жаңа үлгілер, буданды популяциялар және шаруашылыққа құнды белгілері мен биологиялық қасиеттері бойынша болащақты желілер анықталды және құрылды. Қазіргі уақытта бағалы белгілер мен қасиеттер кешені бойынша факультативті бидайдың үздік желілері Мемлекеттік сорттық сынаққа беруге дайындалуда.
Алия Омирзакова , Ерсултан Сонгулов, Азамат Ершибулов , Сезай Делибачак
Түркістан облысындағы Шәуілдір суармалы массивінің топырағының минералогиялық құрамы алғаш рет зерттеліп отыр. Зерттеудің мақсаты – суармалы сұр топырақтарды ұтымды пайдаланудың ғылыми негіздерін әзірлеу және Қазақстанның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайын бағалау. Оңтүстік сұр топырақтың жыртылған қабатында (0–10 см) SiO₂ мөлшері 56,8%, Al₂O₃ — 19,8%, Fe₂O₃ — 9,73%, MgO — 4,75% болды. Ил фракциясында мынадай минералдар анықталды: иллит (16,8%-ға дейін), глауконит (12,5%-ға дейін), каолинит (9,1%-ға дейін), хлорит (12,6%-ға дейін), дала шпаты – 4,7%-ға дейін. Шабындық-сұр топырақтың орта қабатында трона минералының (13,2%-ға дейін) кездесуі тіркелді.
Оңтүстік сұр топырақтардың жұп үлгілеріндегі жұқа дисперсті фракцияны талдау нәтижесінде келесі минералогиялық құрам анықталды: иллит, глауконит (гидрослюда), аралас қабатты иллит-смектит түзінділері, каолинит, галлуазит, хлорит (клинохлор), дала шпаты және кварц. Шабындық-сұр топырақтарда да иллит, глауконит (гидрослюда), каолинит, галлуазит, хлорит (клинохлор), кварц және дала шпаттары кездеседі. Сонымен қатар, хлорит-каолинит-гидрослюдалық минералдық ассоциацияда магнийлі алюмосиликаттар бар.
Суармалы және суарылмайтын сұр топырақтардың минералогиялық құрамын зерттеу нәтижесінде калийдің әртүрлі көздерден бекітілуі және ірі фракциялы слюдалардың диспергациясы есебінен иллиттердің жиналуы арқылы ил фракциясының артуы байқалды. Жыртылған қабаттарда гидрослюданың көбеюі ірі слюдалардың физикалық ұсақталуы және смектиттік фазаның бір бөлігінің бұзылуы салдарынан илдің гидрослюдаға айналуын көрсетеді. Бұл өз кезегінде суару әсерінен топырақтың жұқа дисперсті бөлігі құрылымдық өзгеріске ұшырағанын дәлелдейді.
Гульвира Есенбаева , Серік Кененбаев , Елдос Жанбырбаев, Қаламқас Құланбай , Аружан Ильяс , Ақниет Құсбек
Бұршақ тұқымдас дақылдар, биоклиматтық ресурстарды барынша толық пайдалануға және заманауи егіншіліктің биологиялық және экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған органикалық ауыл шаруашылығының негізгі буыны болып табылады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірі жағдайында дәстүрлі түрде күздік бидай, күздік арпа және күздік тритикале өсіріледі, ал осы аймақ үшін күздік ас бұршағы мүлдем жаңа дақыл болып табылады. Ұсынылып отырған мақалада Серб селекциясының, далалық күздік ас бұршағы (пелюшка) «Космаj» сортының көк балаусасының, дәнінің және сабанының өнімділігі мен сапалық көрсеткіштері бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген. Қазақстанның оңтүстік-шығысында күздік ас бұршақ 13,2 ц/га дән, 21,1 ц/га сабан, 288,5 ц/га жасыл және 93,8 ц/га құрғақ масса берді. Күздік ас бұршағының көк балаусасы, сабаны және дәні тиісінше 21,13%, 15,43% және 25,67% ақуызбен қамтамасыз етті. Майдың максималды мөлшері (4,53%) көк балаусасында, ал минималды мөлшері (0,48%) дәнінде болды. Крахмалдың максималды мәні (16,40%) дәнінен, ал минималды мәні (0,85%) сабанынан алынды. Талшық (33,61%) сабанда көбірек кездеседі. Бір килограмм астықта 1,16 мал азықтық бірлік, 225,87 г қорытылатын ақуыз, 11,71 мдж алмасу энергиясы және 1,17 энергетикалық мал азықтық бірлік болды. Ал бұл көрсеткіштер ас бұршағының көк балаусасы мен сабанында айтарлықтай төмен.
Нуржан Мухамадиев , Нурбакыт Курмангалиева , Айжан Чадинова , Гүлназ Меңдібаева , Махсат Жүзбаев
Қызанақ жалпы көкөніс дақылдарының аумағының шамамен төрттен бірін алады және өсімдік тектес тағам өнімдері арасында әлемде оныншы орын алады. Қызанақ егістіктерінің ең үлкен аумақтары АҚШ, Қытай, Италия, Түркия, Египет және Ресейде орналасқан. Қазіргі уақытта мақта көбелегі ауылшаруашылық дақылдарының кең таралған зиянкестерінің бірі болып табылады, ол 100-ден астам өсімдік түрлеріне зиян келтіруі мүмкін. Қызанақ егістіктерінде мақта күйе көбелегі барлық вегетациялық кезең бойы басым болады. Әсіресе зиянкестің жас жұлдызқұрттары айтарлықтай зиянды болып табылады, олар негізінен өсімдіктердің бүршіктері мен жапырақтарын зақымдайды, ал үлкен жастағы жүлдызқұрттар жемісті зақымдайды. Жалпы алғанда, қызанақтың өнім жоғалуы 35%-ға дейін жетеді. Химиялық пестицидтер көбінесе мақта көбелектерімен және басқа зиянкестермен күресу үшін қолданылады, бұл жемістерде пестицидтердің жиналуында қиындықтар тудыруы мүмкін. Соңғы уақытта биологиялық препараттар немесе табиғи жыртқыштар сияқты органикалық бақылау әдістерін қолдану үрдісі байқалды.
Ғылыми мақалада қызанақ егістігінде мақта көбелегіне қарсы биоагенттерді қолдану нәтижелері келтірілген. Алматы облысында қызанақ егістігінде трихограмма мен браконды екінші ұрпақтағы мақта көбелегіне қарсы қолданудың биологиялық тиімділігі 75,9%, үшінші ұрпақта – 85,6% және шаруашылық тиімділігі 82,8% болды. Түркістан облысында қызанақ егістігінде трихограмма мен габробраконды бірінші ұрпақтағы мақта көбелегіне қарсы қолданудың биологиялық тиімділігі екінші ұрпақтағы – 77,0%, үшінші ұрпақтағы – 82,7%, шаруашылық тиімділігі 84,5% құрады.
Олжас Курманбаев, Наурузбай Тажетдинов, Рахат Турапова, Умут Кожахметова, Гүлбан Байдаулетова , Ержан Абилхасим
Ғылыми мақаланың мақсаты «Фабричный» базалық станциясында статика әдісімен орындалған геодезиялық өлшемдерді өңдеуді жетілдіру болып табылады. Бақылау және мониторинг құрылғыларынан келетін сигналдарды өңдеудің әртүрлі тәсілдері қарастырылады, сондай-ақ алынған деректердің тұрақтылығы мен сапасын арттыру әдістері бағаланады. Нәтижесінде статикалық өлшеу жағдайында базалық станциялардан сигналдар мен деректерді талдаумен айналысатын мониторинг жүйесін жасаушылар мен инженерлер үшін пайдалы деректер алынғаны жазылған. Мақаланың ғылыми жаңалығына келсек, өлшеулер жүргізу кезінде аталмыш әдіс, нүктелердің координаталарын жоғары дәлдікпен анықтайды, артық өлшеулердің үлкен саны анықтаулардағы қалдық қателерді жеткілікті дәлдікпен есептеуге, бастапқы нүктелердің сапасын бағалауға және өлшеудің өрескел қателерін жоюға мүмкіндік береді. Ғылыми еңбекте салыстырмалы түрде дәлдіктері келтірілген. Фабричный базалық станциясында GNSS өлшемдерін өңдеу нәтижесін қорыта келгенде оның координаттары мен кеңістіктегі орны жоғары дәлдікпен анықталады. Бұл мәліметтер станцияның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге және телекоммуникациялық желіні одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Деректерді өңдеу барысында бастапқы деректер статикалық жағдайда жинақталып, кейіннен BERNESE немесе SGO бағдарламалары арқылы өңделеді. Бұл өңдеу кезеңінде спутник сағаттарының қателіктері, атмосфералық әсерлер және спутниктердің орбиталық ауытқулары ескеріледі. Практикалық маңыздылығы GNSS технологиясын статикалық өлшемдерді өңдеуде қолдану базалық станциялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және желілік инфрақұрылымның дамуын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Дәл және уақтылы өлшеу жабдықтың ықтимал ақауларының алдын алуға, байланыс сапасының жоғары деңгейін сақтауға және пайдаланушыларға тұрақты қосылымды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Белгіленген анықтамалық станция өлшемдердің орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ белгілі бір объектінің кеңістіктік орнын анықтауға арналған. Мәліметтерді спутниктік (ГНСС) геодезиялық және навигациялық қабылдағыштардың, арнайы БҚ, компьютерлік және өзге де жабдықтардың көмегімен алуға және BERNESE 5.2 жәнк South Geomatics Office бағдарламалық құралы арқылы жүзеге асырылу нәтижесінде өңдеуге болды. Ғылыми мақаланың мақсаты «Фабричный» базалық станциясында геодезиялық бақылау және мониторинг құрылғыларынан келетін сигналдарды өңдеу болып табылады және «Фабричный» базалық станциясында статика әдісімен орындалған геодезиялық өлшемдерді өңдеуді жетілдіру жұмыс барысында жасалынған, бірақ-та оның нақты өлшемдері мен жұмыс процессінің қалай жетілдірілгені жайлы ғылыми патент жасалынып жатқандықтан, көп ғылыми жаңалықтар құпия сақталынып отыр.
Салима Мизанбекова, Ирина Богомолова , Ирина Василенко , Наталия Шатохина
Астық саласы мен астықты сақтау саласын қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өндірістерінің алдына ел халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының астық салалары дамуының үрдістері қаралып, оң серпіні атап өтілді. Салалық кәсіпорындардың техникалық жабдықталу деңгейін талдау негізінде олардың жетекші технологиялық жабдықтарының физикалық және моральдық тозуының жоғары дәрежесі анықталды, ҚР мен Ресей Федерациясының жекелеген аумақтарында астықты қабылдаудың, бастапқы өңдеудің және тиісті сақтаудың біржолғы көлемін қамтамасыз ету үшін қуаттардың жетіспеушілігі атап өтілді, бұл астық ресурстарының сапалық-сандық көрсеткіштеріне теріс әсер етеді, элеваторлар мен астық ресурстарының тиімділігін төмендетуге әкеледі. наубайхана кәсіпорындары. ҚР көпжылдық тәжірибесін зерделеу жағдайында өсімдік шаруашылығы елдің ауыл шаруашылығының базасы болып табылады, астық өндіретін негізгі облыстар бөлінді, орындардың саны, біржолғы сақтау сыйымдылығының көлемі және өңірлік бөліністегі жүктеме деңгейі бойынша астықты сақтауға арналған қоймаларды дамыту трендтері айқындалды, бұл инфрақұрылымды жаңғырту және мемлекеттің аграрлық саясатындағы өзгерістер аспектісінде елдің әлеуетті мүмкіндіктерін сипаттайды. Ресей Федерациясының астық саласын бағалау оның динамикасы көрсеткіштерінің мемлекеттік қолдау жүйесінің деңгейімен және сипаттамаларымен корреляциялық тәуелділігін растады, әсіресе қосымша қуаттарды жедел іске қосу және инновациялық жетістіктерді ескере отырып, технологиялық модернизацияны жүргізу және Ресей Федерациясының 2035 жылға дейінгі астық кешенін дамыту стратегиясын іске асыру жағдайында астықты сақтау процестерін цифрландыру.
Светлана Долгих , Балнур Кабылбекова, Саги Солтанбеков , Акерке Ташкенбаева , Молдир Саршаева , Зарина Юсупова
Қазіргі заманғы бау-бақша шаруашылығы бақшаның қарқындылығы мен жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін вируссыз, жоғары сапалы, аласа бойлы және жинақы бөрікбасты көшеттерді қажет етеді. Вируссыз отырғызу материалын өндіру жүйесінде клондық микрокөбейту әдісіне айтарлықтай орын берілген. Көшет шаруашылығында биотехнологиялық әдістерді қолдану өсімдіктерді сауықтырудың тиімділігін 100% - ға дейін арттыруға, көбею коэффициентін 5-10 есе әрі одан да көп арттыруға және өндіріске жаңа сауықтырылған сорттар мен формаларды енгізуді 2-3 жылға жеделдетуге мүмкіндік береді. Ұсынылған зерттеулерде алма телітушісінің аналық екпелеріндегі вирустық аурулардың құрамы анықталды және клондық микрокөбейтудің ризогенез сатысында қоректік ортаның құрамын өзгертумен, сондай-ақ оларды in vivo жағдайларына ауыстыруға бейімдеу жолдары оңтайландырылды. Контейнерлік культуралармен жұмыс нәтижесінде вируссыз пребазистік аналық өсімдіктерді қалемшелеу кезінде Арм 18 алма телітушісінің 126 және Жетісу-5 телітушісінің 31 базалық өсімдіктері алынды.
Лайла Табынбаева , Шолпан Бастаубаева , Керімқұл Қонысбеков , Ақгул Оспанбекова , Фарида Нусубалиева , Куаныш Мырзамуратов
Мақалада қант қызылшасын отырғызудың тығыздығының өнімділік пен өнім сапасына әр түрлі себу әдістеріне әсері қарастырылады. Максималды өнімділік пен сапаға қол жеткізу үшін өсімдіктердің оңтайлы қоректену аймағын анықтайтын негізгі факторлар себу уақыты, себу әдістері және себу жылдамдығы болып табылады.
50 см жол аралығы бар дәстүрлі кең қатарлы егу қызылшаның арамшөптерге қатысты бәсекеге қабілеттілігін арттырудың артықшылығына ие, бұл кейде қатар аралықтарын болдырмайды. Егу әдісін және өсімдіктердің тығыздығын таңдау белгілі бір аймақтағы топырақтың ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты, бұл себу нормасы бойынша әртүрлі ұсыныстарды анықтайды.
Зерттеу барысында өсімдіктердің тығыздығы гектарына 84-тен 110 мыңға дейін өскен кезде қызылша өнімділігіндегі сорттық айырмашылықтар анықталды. "Болашақ" жаңа буданы үшін оңтайлы себу мерзімдерін және өсімдіктердің тығыздығын анықтауды қоса алғанда, қызылша өсірудің сорттық технологиясын әзірлеу өндіріс қажеттіліктеріне байланысты.
Тамыр дақылдарының ең жоғары өнімділігі (745,5 ц/га) гектарына 100 мың өсімдіктің тығыздығымен (бір метрге 5 өсімдік) қол жеткізіледі, бірақ бұл ретте бір метрге 4,2 өсімдіктің тығыздығымен салыстырғанда қанттың шамалы төмендеуі (0,2% - ға) байқалады. Дақылдардың тығыздығының одан әрі артуы (гектарына 120 мыңнан астам өсімдік) өнімділіктің де (569,8 ц/га дейін) және қанттың (16,6% дейін) төмендеуіне әкеледі.
Орингожин Ерназ, Чаимгүл Алипбекова , Құрманкүл Абаева, Наталья Милетенко , Кайрат Аугамбаев , Римма Турекельдиева
Бұл ғылыми мақалада ауыл шаруашылығындағы инфрақұрылымның тұрақтылығын экологиялық-ландшафтық аймақтауды зерттеудің негізгі мағлұматтары берілген. Қазіргі кезеңде қоғамды жасылдандыруға байланысты ландшафттық аумақтық бірліктердің шекарасында экологиялық талаптарды ескере отырып аудандастыру үлкен қызығушылық тудырады. Экологиялық-ландшафтық жер-кадастрлық аудандастыру күрделі сипатқа ие және дербес мәнге ие, өйткені ол аймақтардың нақты қалыптасқан экономикалық заңдылықтарын және олардың экологиялық ерекшеліктерін есепке алуға бағытталған. Оның негізгі мақсаты – жер ресурстарын пайдалануды қоса алғанда, ғарыштағы адам қызметі мен табиғаттың арақатынасын сандық және сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін кеңістіктік экологиялық-ландшафттық біртекті аумақтарды анықтау. Нәтижесінде жерді экологиялық-экономикалық аудандастырудың теориялық және әдіснамалық принциптері табиғаттың, экологияның және экономиканың байланыстары туралы философиялық, экологиялық және экономикалық идеяларға негізделуі тиіс, ол тұрақты түрде дамып келе жатқан біртұтас кешенді табиғи экологиялық-экономикалық жүйені құрайды. Экологиялық-ландшафтық жер-кадастрлық аудандастыру экологиялық-экономикалық және ландшафттық бағалау нәтижелерін көрсетеді және тек сапалық емес, сонымен қатар сандық жер-кадастрлық сипаттамаларды белгілеуге мүмкіндік береді. Мұндай аймақтарға бөлу қоршаған ортаны қорғау, топырақты қорғау және қалпына келтіру шараларын немесе өндірісті неғұрлым ұтымды орналастыруды қажет ететін әртүрлі аумақтарды салыстыруға, сондай-ақ белгілі бір аумақтың әлеуметтік-экологиялық қасиеттерін белгілеуге мүмкіндік береді, соның нәтижесінде ең қолайлы өндірістің даму бағытын анықтауға болады.
Ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен мақсатты қаржыландыру шеңберінде «2.0 технологиялары мен қағидаттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кеңістіктік деректер инфрақұрылымын қалыптастыру» ғылыми-техникалық бағдарламасының (жеке тіркеу нөмірі – БР 22886730) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.
Нуржан Мухамадиев , Айжан Чадинова , Гүлназ Меңдібаева , Нурбакыт Курмангалиева , Малик Тайшиков
Майбұршақ құнды майлы және жоғары ақуызды дақыл болып табылады, сондықтан оның өндірісі әлемде үнемі өсіп келеді. Соңғы 20 жылда әлемде майбұршақ егіс алқабының 1,82 есеге, ал жалпы өндірістің 2,64 есеге ұлғаюы байқалады. Егістіктерде майбұршақ өсіру үшін қолайлы экологиялық және топырақ-климаттық жағдайларға байланысты аурулар мен зиянкестер кең таралған.
Майбұршақ бұршақтарының пайда болуы мен пісуі кезінде Түркістан өрмекші кенесі (Tetranichus urticae Koch) көбірек зиян келтіреді. Ауа температурасының жоғарылауы кенелердің көбею жылдамдығы мен қарқындылығына оң әсер етеді, олардың санын едәуір арттырады. Мұндай жағдайларда кененің жылжымалы кезеңдерінің белсенділігі және олардың зияндылығы күрт артады. Ересектер мен кене дернәсілдері маусымнан қыркүйекке дейін, бұтақтану - бүршіктену кезінде жапырақтардың төменгі тақтасынан шырынды сорып, жапырақтарды, гүлдерді, жас бұршақтарды зақымдайды.
Мақалада майбұршақ дақылдарына зиянды организмдерге қарсы сұйық пестицидтерді қолдану технологиясы бойынша сынақ нәтижелері келтірілген. Ақтарофит 1,8 (Streptomyces avermitilis), 0,9 л/га сұйық пестицидтерді қолдану кезінде Түркістан өрмекші кенесінің зиянкестеріне қарсы сынақ нәтижелері ҰҰА көмегімен жоғары биологиялық тиімділікті көрсетті - 84%.
Айгүл Маденова, Қанат Ғалымбек, Серік Бакиров, Динара Калдыбаева, Балнұр Кабылбекова, Гулзат Есенбекова
2024-жылы Алматы облысының алма бақтарында ақ ұнтақ және таз-қотыр ауруының таралуы мен дамуын анықтау мақсатында фитосанитарлық диагностика жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылы, ШҚ "Қорам" шаруа қожалығының бақтарында өсірілген алма ағаштары қарастырылды. Бақтың аумуғу 110 га құрайды. Гала, Фуджи, Голден Делишес, Квинти, Ред Делишес, Диво, Корей және Старк Эрлиест сорттары өсірілген, екпенің жасы 2-5 жыл, жылдық өнім орташа гектарына 50 тонна, жалпы өнім 5500 тонна. Фитопатологиялық бағалау нәтижесінде . Гала, Голден Делишес және Старк Эрлиест сорттарының жапырақтары мен жемістерінен таз-қотыр инфекциясы айқын көрінді. Гала, Фуджи, Голден Делишес және Ред Делишес сорттарынан ақ ұнтақ ауруы анықталды. ШҚ "Қорам" шаруа қожалығының бақтарында таз-қотыр 16-20% аралығында таралса, аурудың дамуы 0,43-1,27% аралығында. Ақ ұнтақ ауруының таралуы 1,9-30% аралығында таралса, дамуы көрсеткіші 0,32-1,5% аралығында төмнгі деңгейде дамыды. Бұл аурулар өндірістік бау-бақшаларға айтарлықтай зиян келтіреді, сондықтан үнемі бақылау және сараптама жүргізу қажет етеді. 2024-жылғы фитосанитарлық мониторинг қортындысына негізделе отырып бақта таз-қотыр және ақ ұнтақ ауруларының таралуы мен дамуы сыни тұрғыда емес
Сауле Корабаева , Мөлдір Асқарова , Сабина Туруспекова , Гулшария Каирова
Алма ағашы Қазақстан Республикасында негізгі жеміс дақылы. Халықты жыл бойы жеткілікті мөлшерде жемістермен қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады. Жеміс өнімдерінің сапасы мен санын арттыру жолдарының бірі аурулар мен зиянкестерден қорғау жүйесін жетілдіру болып табылады. Химиялық препараттарды қолданудың жыл сайынғы өсуі қоршаған ортаға теріс әсер етеді. Агроценоздағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, төзімді ұрпақтардың пайда болуы туралы мәселе туындайды, бұл күресу санының артуына немесе препараттың дозасының жоғарылауына әкеледі. Қазіргі кездегі бақшаны қорғауда зиянды организмдерді белсенді түрде күресу басым, бұл қоршаған ортаға қауіпті, сонымен қатар қорғаныс шараларының шығындары азаяды. Сондықтан өсімдіктердің зиянды заттармен зақымдануының белгілі бір деңгейінде олармен күресу құралдарын қолдану қаншалықты орынды екенін білу маңызды. Әрине, зиянды организмдер келтіргенге дейін егіннің ықтимал шығындарының санын болжауға болады. Ол үшін зиянкестерді анықтау және есепке алу жүргізіледі. Алма жеміс жемірі бүкіл әлем бойынша 62 миллиард доллардан асатын жыл сайынғы шығынды тудырады. Еуропалық Одақта, Түркияда, АҚШ-та азинфосметилмен бүркуге тыйым салынады. Сондықтан биоагенттерді қолдану арқылы зиянкеспен күресу перспективалары талқыланады. Химиялық заттарды бақылаусыз қолдану кейбір пайдалы жәндіктердің жойылуына, бақтардағы қоректік тізбектердің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Химиялық қорғаудың балама әдісі - бақшаны қорғаудың биологиялық жүйесін қолдану.
Алма жеміс жемірімен күресудің перспективалық әдісі гранулез вирустарын биоагент ретінде қолдану болып табылады, өйткені бұл микроорганизмдер пайдалы энтомофауна мен қоршаған ортаға теріс әсер етпейді. Қазақстанның оңтүстік-шығысында алма жеміс жемірінің дамуының биологиялық ерекшеліктерін және зияндылығын зерттеу негізінде зиянкеспен күресте қорғау іс-шараларын жүргізудің оңтайлы мерзімдері белгіленді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алма жеміс жемірімен (Cydia pomonella) күресте Вайрософт МС СР 4, с.к. жаңа препаратының жеткілікті жоғары биологиялық тиімділігі анықталды.
Ирина Булгакова , Ирина Рукавицина, Ольга Нелис , Владимир Заболотских
Мақалада бу прекурсорларын дайындаудың дәстүрлі – жалпақ кесу және жасыл көң жүйесіндегі жасыл көң қоспаларының топырақтың уыттылығы мен супрессивтілігіне әсері қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты – Солтүстік Қазақстанның дала аймағы жағдайында оңтүстік карбонатты қара топырақтың биологиялық уыттылығы мен супрессивтік қасиеттеріне бұршақ-дәнді, дәнді-майлы және бұршақ-майлы жасыл көң қоспаларының әсерін және оларды ендіру тәсілдерін бағалау.
Дәстүрлі бу және жасыл көң қоспаларын дайындау технологиясының нұсқаларында оларды отырғызудың әртүрлі әдістерімен таңдалған топырақ бүкіл вегетациялық кезеңде бидай көшеттерінің дамуына улы әсер етпегені көрсетілді. Бидайдың бастапқы тамырлары мен өскіндеріне қатысты фитотоксикалық әсер байқалмады. Зерттелген барлық нұсқаларда бұл көрсеткіш 20%-дан аз болды.
Жасыл көң қоспаларының құрамы және оларды отырғызу әдістері топырақтың супрессивті белсенділігіне тікелей әсер етті. Саңырауқұлақтардың дамуы F. equiseti (1/3) және F. poae (302/1) 67%-ға дейін шабу кезінде дәнді-майлы дақылдар (сұлы+қыша) қоспасынан алынған топырақта төмендеді. Бұршақ-жарма қоспасы (бұршақ+сұлы) беткейлік жарықпен шабу кезінде F. equiseti (1/3) белсенділігін 22%-ға, ал дәнді-майлы дақылдар (сұлы+қыша) F. poae өсуін 31%-ға және F. equiseti (1/3) өсуін 41%-ға дейін төмендетті.
Вера Волобаева, Владимир Коберницкий
Қарақұмықтың өнімділігін шектейтін ауа-райының көпжылдық метеодеректеріне және онымен байланысты факторларға жүргізілген талдау Ақмола облысының жағдайлары үшін сорттың теориялық моделін құрудың негізгі тәсілдерін тұжырымдауға мүмкіндік берді. Қарақұмық мәдениетінің қолда бар генофондын зерттеуге және осы негізде модельдік сорттарды құруға негізделген. Өнімділік пен сапа параметрлеріне, сондай-ақ қатаң континенттік климат жағдайында қолданылатын агротехнологиялардың ерекшеліктеріне көпжылдық бағалау жүргізілді. Қолданыстағы сорттарды жақсартуды қажет ететін ең маңызды белгілер анықталды. Қысқа вегетациялық кезеңде астықтың ерте жетілуі және достық пісуі мәселесі ерекше маңызға ие. Мәдениеттің шектеулі тармақталу қасиеті маңызды белгі болып табылады. Модельді жобалаудағы негізгі бағыттардың бірі ірі дәнді және төмен пленкалы формаларды құру болады, бұл өңдеу кезінде ядро шығымдылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Сапа параметрлерінің ішінде дәннің табиғаты, жемістердің туралануы, ботқаның аспаздық бағасы ірі дәнді және пленкамен қатар ерекшеленеді. Технологиялық көрсеткіштердің қосындысы астықтың туралануымен, мөлшерімен, қайнау коэффициентімен және жалпы аспаздық бағалаумен анықталады. Жүйеленген мәліметтер негізінде сорт моделі ұсынылады. Қарақұмықтың жаңа сортының техникалық деңгейінің картасы келесі параметрлерді қамтиды: астық өнімділігі, 1000 дәннің массасы, өсімдіктің биіктігі, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, тұруға және төгілуге төзімділік, пленка және суыққа төзімділік.
Нұрлыбай Манабаев , Шамшиддин Юсупов, Азимов Абдуғани, Зауре Ибрагимова , Руслан Манабаев, Алтынбек Усеров
Бұл мақалада гидрогель қоспасының әртүрлі нормаларының су ресурстарын пайдалану тиімділігіне және күздік бидайдың өнімділігін арттыруға әсері талданады. Зерттеулер Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы «Айтубай» егістік шаруашылығында жүргізілді. Тәжірибе 2024 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін аймақтың метеостанцияларының деректері негізінде климаттық жағдайларды бағалады. Зерттелетін учаскеде жауын-шашынның жалпы мөлшері 412,7 мм, ауа температурасының жалпы сомасы 1020С-қа жетті, ал топырақтың ылғалдылығы 23,86% құрады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері көпжылдық мәліметтерге сәйкес келгеніне қарамастан, маусым мен шілдеде күздік бидайдың белсенді өсуі кезінде жаңбырдың болмауына байланысты ылғал тапшылығы байқалды.
Зерттеулер гидрогельді қоспай-ақ, оның қатысуымен барлық нұсқалардан едәуір төмен екенін көрсетті. Үшінші нұсқада 25 кг/га гидрогель қоспасы қолданылды. Топырақтың жоғарғы қабатында (0-10 см) ылғалдылық 9,7%, ал 10-20 см қабатта 18,5% болды. Бақылау нұсқасы үшін бұл мәндер сәйкесінше 9,5% және 15,9% болды. Жоғарғы қабатта 35 кг/га гидрогель қосылған кезде ылғалдылық 11,6%, ал төменгі қабатта 19,5% жетті. Бұл топырақтың ылғалмен жоғары қанықтылығын көрсетеді.
Сондай-ақ, 35 кг/га гидрогельді қолдану топырақтағы қоректік заттардың деңгейін жоғарылататыны анықталды. Гидрогель тыңайтқыштардан немесе табиғи көздерден азот, фосфор және калий сияқты суда еріген қоректік заттарды сіңіру және ұстау арқылы резервуар ретінде әрекет етеді. Топырақ құрғаған сайын гидрогель бұл элементтерді біртіндеп топыраққа қайта шығарады, бұл оларды өсімдіктерге ұзақ уақыт бойы қол жетімді етеді. Бұл жуу және булану арқылы қоректік заттардың жоғалуын азайтады. 1000 бидай тұқымының Салмағы 48 граммды құрады, ал өнімділігі гектарына 36,1 центнерге жетіп, өнімділігін 10,1 ц/га арттырды.Түркістан облысы Қазығұрт ауданы жағдайында 35 кг/га енгізу ұсынылады. осылайша, гидрогель дозасын дұрыс таңдау климаттың өзгеруі жағдайында табысты ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды болуы мүмкін.
Нурдана Салыбекова, Гани Исаев , Алтынай Мамаева, Мурат Ерденов , Жибек Накипова
Жоғары декоративтілігі мен экологиялық қасиеттеріне байланысты Catalpa speciosa L. урбанизацияланған аумақтарды көгалдандыруда перспективалы түр болып саналады. Зерттеу жұмысында Ботаникалық бақ жағдайында интродукцияланған Catalpa speciosa L. тұқым арқылы көбейту мен биологиялық ерекшеліктерінің зерттеу нәтижелері берілді. Зерттеудің мақсаты – өсу динамикасы, морфологиялық және физиологиялық параметрлер арқылы жергілікті климаттық жағдайларға бейімделуде Catalpa speciosa L. әлеуетін бағалау болды.
Тұқымның өнгіштігін, өсімдіктердің төзімділік дәрежесі мен вегетациялық кезеңдегі өсу динамикасын қарастырылды. 2022-2024 жылдар аралығында жүргізілген тәжірибелерде тұқымның өнгіштігі, көшеттердің өсуі мен дамуына маусымдық ерекшеліктерінің қоршаған орта факторларының өсімдіктердің өсуіне әсері, атап айтқанда топырақтың ылғалдылығы, жарық деңгейі және температура режимі талданды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері тұқымның өнуін арттырудың стратификациясы мен агротехникалық әдістерінің тиімділігін көрсетті.
C.speciosa L. топырақ пен климаттық жағдайларға бейімделудің жоғары қабілетін көрсетті, бірақ құрғақшылыққа төзімділіктің төмен деңгейі арнайы күтім шараларын қажет етеді. Зерттеу нәтижелері C.speciosa L. сәндік және экологиялық қасиеттерін тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жасауға негіз болды. Бұл жұмыс жергілікті экожүйелердің тұрақтылығын арттыруға, қалалық және қала маңындағы жасыл аймақтарды көгалдандыруда C.speciosa L. пайдалануды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бакытжан Сайкенов , Марат Жуматаев , Айгуль Жамангараева, Алма Сайкенова , Кенжали Хидиров , Нурымжан Аубакиров
Жасымық дақылына қысқаша сипаттама беретін болсақ, жасымық құнды жоғары белокты азық-түлік дақылдарының қатарына жатады. Тамақ өнеркәсібінде, өнімі нан пісіруге және аспаздыққа, медицинада, бояғыштар дайындауда кеңінен қолданылады. Мал азық ретінде, жасыл массасы мен сабаны, жоғары тұтынушылық құндылығын білдіреді. Жасымық дақылының тұқымы екі түрге бөлінеді: ірі тұқымды және ұсақ тұқымды болып. Биіктігі 30-75 см болатын біржылдық өсімдіктер. Сабағы тік, жұқа, қырлы. Мақалада жасымық өнiмiнiң құрылымына себу тәсiлдерi мен мөлшерлерінің әсерiн зерттеу жөнiндегi ақпарат қамтылған. Қазіргі уақытта ғылымның алдына да, шаруашылықта да жасымықты жандандыру міндеті қойылған. Біздердің ғылыми зерттеулерімізде, жаңадан шығарылған, ірі тұқымды Шырайлы сортымен, ұсақ тұқымды Крапинка сорты зерттелді. Зерттеулер нәтижесiнде жасымық дақылының Шырайлы сортының қатараралығын 30 см, себу мөлшерін гектарына 1500 дана еккен кезде, өнiмдiлiгi 21,2 ц/га болды. Ал себу мөлшері гектарына 1200 дана және гектарына 1800 дана еккенде өнімділік гектарына 1,9-2,5 центнерге дейін төмендеді. Шырайлы сортының қатараралығын 15 см, себу мөлшері гектарына 1800 дана және гектарына 1200 дана болған кезде өнімділік 1,2-2,1 ц/га төмендеді.
Жасымық дақылының, ұсақ тұқымды Крапинка сорты бойынша қатараралық 15 см, себу мөлшері гектарына 2000 дана еккен кезде 15,9 ц/га болды. Себу мөлшері гектарына 1500 дана және гектарына 2500 дана егілгенде. өнімділік гектарына 2,1-4,0 центнерге дейін төмендеді. Қатараралық 30 см, себу мөлшері гектарына 1500 және 2500 дана егілген кезде Крапинка сортының өнімділігі 1,3-3,8 центенерге дейін төмендеді.
Салтанат Мауленова , Айгүл Жаппарова, Хайырниса Айсакулова, Тұрсынай Василина, Жеңісгүл Бакенова, Қарлыға Караева
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы құрғақ климат пен суару қажеттілігімен сипатталатын жағдайларда бақ шаруашылығында органикалық биологиялық белсенді препараттарды қолдану болашағы зор бағыт болып табылады. Бұл мақалада Агрофлорин, Al Karal және Биосок Energy плюс препараттарының Голден Делишес сортының алма ағашына биометриялық көрсеткіштерге әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеуде негізгі назар өсінділер ұзындығының, бұтақтардың диаметрінің, жапырақ бетінің ауданының және өсімдіктердің басқа да морфологиялық белгілерінің қалыптасуына аударылды.
Бұл зерттеудің ғылыми жаңалығы – топырақ микроорганизмдерінің белсенділігін арттыратын органикалық тыңайтқыштар мен биопрепараттарды қолдану технологиясын әзірлеуде болып табылады. Бұл микроорганизмдер топырақтағы биологиялық үдерістерді реттеп, өсімдіктердің тамыр жүйесі арқылы қоректік заттарды тиімді сіңіруіне ықпал етеді.
Оңтүстік-шығыс Қазақстанның суармалы ашық қоңыр топырақтарында жүргізілген тәжірибелік зерттеулер органикалық тыңайтқыштар мен биопрепараттардың, әсіресе «БиоСок Energy Plus», Агрофлорин және Alkaral препараттарының, пайдалы топырақ микроорганизмдерінің тіршілік белсенділігін арттырып, өсімдіктердің қоректенуін жақсартатынын көрсетті.
Топырақ микроорганизмдері органикалық заттарды минералдандыру және көміртек пен азотты пайдалана отырып, жасушалық ақуыздарды синтездеу үдерісінде маңызды рөл атқарады. Актиномицеттер, зең саңырауқұлақтары және бактериялар секілді микробтар топтары органикалық заттарды ыдырату арқылы топырақтағы азот қорын толықтырады. Олар үшін азоттың негізгі көзі – тез еритін азот қосылыстары, бұл органикалық тыңайтқыштар мен биопрепараттарды енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Зерттеу нәтижесінде, әсіресе БиоСок Energy Plus пен Агрофлорин органикалық тыңайтқыштарының, аммонификациялаушы бактериялар, псевдомонадтар, амилолитикалық бактериялар және микромицеттер флорасының санына оң әсер ететіні анықталды. Бұл өз кезегінде алма ағаштарының тамыр жүйесінің қоректенуін жақсартып, олардың жалпы физиологиялық жағдайын күшейтеді.
Чингиз Канапин , Ерлан Утельбаев, Қажымұрат Мұсынов , Нуреттин Тахсин
Соя (Glycine max) - дүние жүзіндегі ең көп таралған бұршақ және майлы дақыл. ФАО классификациясы бойынша соя майлы дақылдар қатарына жатады, бірақ ақуыздың, майлардың және көмірсулардың көп болуына байланысты ол әмбебап дақыл болып табылады. Соңғы онжылдықта соя Қазақстанның ауыл шаруашылығында, әсіресе, солтүстік астық өсіруші аймақтарында өте танымал болды. Дегенмен, ең ірі өндіруші елдермен салыстырғанда тұқым өнімділігі бойынша артта қалу байқалады, оның негізгі себептері – табиғи жағдайлар, өнімділігі төмен сорттарды пайдалану, техникалық және технологиялық артта қалу. Сондай-ақ, соя тұқымдарының өнімділігі мен сапасының төмендеуіне әкелетін әртүрлі аурулардың дамуы мен таралуы да маңызды себеп болып табылады. Осыған байланысты, күресу шараларын уақытылы, дұрыс және тиімді жүзеге асыру үшін ауру қоздырғыштарын, атап айтқанда, саңырауқұлақ ауруларын терең зерттеу және анықтау өзекті болып табылады. Мақалада соя дақылының зақымданған мүшелерiнен бөлiнген Alternaria Spp саңырауқұлақтарын зерттеу бойынша зерттеу нәтижелерi келтірілген. Саңырауқұлақ штаммдарын анықтау үшін ITS аймағының тікелей нуклеотидтер тізбегін анықтау әдісі қолданылды, содан кейін халықаралық гендік банк дерекқорында сақталған реттіліктермен нуклеотидтердің сәйкестігін анықтау, сондай-ақ нуклеотидтер тізбегі бар филогенетикалық ағаш кескінін салу. Талдаулар нәтижесінде Alternaria destruens штаммдары анықталды.
Ізбасар Темрешев , Гүлнар Қожабаева
Қостанай облысындағы майбұршақ агроценозында шегірткелердің (Acrididae) 17 түрі анықталды. Сан жағынан басымдыққа ие болған 3 түрі: дала шегірткесі Euchorthippus pulvinatus (Fischer von Waldheim, 1846), итальяндық прус Calliptamus italicus (Linnaeus, 1758) және Фишердің шөп шегірткесі Stenobothrus fischeri (Eversmann, 1848). Тіршілік формаларына қарай, сан жағынан басым түрлердің көпшілігі факультативті және астық тұқымдас хортобионттарға жатады, Oedaleus decorus (Germar, 1825) қаражолақты шегірткенің ерекшелігі бар. Барлық доминанттар зияндылығы жоғары түрлер болып табылады. Алматы және Қостанай облыстарының соя агроценоздарындағы шегірткелердің түрлік құрамының Серенсен-Чекановский индексі 0,59-ға тең болды. Бұл климаттық жағдайлары мен географиялық орналасуы әртүрлі биоценоздар үшін едәуір жоғары көрсеткіш. Алдағы уақытта Қостанай облысындағы майбұршақ агроценозында шегірткелердің басқа түрлері де анықталуы мүмкін. Жалпы, Қостанай облысында майбұршақ егістіктерінен шегірткелердің 24 энтомофаг түрі анықталды. Табиғи реттеушілердің ішінде ең маңыздыларының бірі болып - энтомопатогенді саңырауқұлақ Entomophaga grylli (Fresenius) A. Batko табылады. Болашақта бұл бағыттағы зерттеулерді жалғастыру қажет.
Ботакоз Тезекбаева, Алтын Хасейн , Хорлан Беркімбай , Гульвира Есенбаева , Мария Георгиева, Наталья Малахова
Мақалада бөрткен өсімдігінің Heaven Can Wait сортының in vitro жағдайында микроклоналды көбеюіне әртүрлі өсу реттегіштердің әсерін зерттеудің нәтижелері берілген. Тәжірибе барысында өсу гормондарының әртүрлі концентрациясы мен нұсқалары: BAP (6-бензиламинопурин), IBA (индол-3-май қышқылы), NAA (нафтилсірке қышқылы) және GA3 (гиббереллин) зерттелді. Ең жоғары көбею коэффициентіне (8,4) 1,0 мг/л BAP және 0,2 мг/л IBA өсу гормондарын біріктіріп қолданғанда қол жеткізілетіні анықталды. Деректерді талдау, IBA гормоны NAA гормонымен салыстырғанда микро өсінділердің пайда болуына неғұрлым жоғары әсер ететінін көрсетті. Сонымен қатар, GA3 гормонын қоректік ортаға енгізу, көп жағдайда көбею жылдамдығын төмендегенін көрсетті, дегенмен, 1,0 мг/л BAP және 0,2 мг/л GA3 нұсқасы өскіндердің айтарлықтай ұзаруына (4,23 см-ге дейін) ықпал етті, бұл нәтижені тамырлану және акклиматизация кезеңінде қолдануға болады. Алынған нәтижелер бөрткеннің жекелеген сорттарын микроклональды көбейту кезінде өсу реттегіштерінің оңтайлы концентрациясын таңдаудың маңыздылығын және Heaven Can Wait сортын коммерциялық мақсатта кеңінен енгізу үшін пайдалануға болатындығын көрсетеді.
Ахылбек Куришбаев, Ділмұрат Ержан , Исмаил Токбергенов, Жанна Алманова, Григорий Звягин, Исламбек Какимбек, Гүлайым Аймұхамбет
Қостанай облысының кәдімгі қара топырақтарында жүргізілген ғылыми-тәжірибелік зерттеу барысында әртүрлі топырақ өңдеу жүйелері мен ауыл шаруашылығы дақылдарының органикалық көміртек, жалпы азот мөлшеріне және гумус фракцияларының құрамына әсері зерттелді. Тәжірибе жаздық бидай, бұршақ және пар алқаптарында дәстүрлі және нөлдік (No-Till) топырақ өңдеу технологиялары жағдайында жүргізілді. Органикалық көміртек пен жалпы азоттың, сондай-ақ гумин қышқылдары (Сгк) мен фульвоқышқылдар (Сфк) арасындағы өзара байланысқа корреляциялық талдау жүргізілді. No-Till жүйесі көп жағдайда органикалық заттардың жиналуына ықпал ететіні анықталды. Пар алқаптарында Сорг. мен Nжалпы арасында жоғары оң корреляция (r = 0.78), ал Сгк мен Сфк арасында күшті байланыс (r = 0.978) тіркелді. Зерттеу нәтижелері топырақтағы органикалық заттардың жинақталу механизмдерін тереңірек түсінуге және агротехнологиялардың көміртек-азот теңгеріміне әсерін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақбота Рахатқызы, Лаура Ерболова , Карлыгаш Аубакирова , Жібек Бақытжанова , Нурбол Галиакпаров
Зерттеу жұмысы алманың клондық телітушілері (М.9, ММ.106) мен сорттарын (Zarya Alatau, Golden Delicious) бастапқы in vitro қоректік ортасына енгізуді оңтайландыру мақсатында жүргізілді. Нәтижесінде алма экспланттарын in vitro ортасына енгізудің ең қолайлы уақыты наурыз − сәуір айлары екені анықталды. Бастапқы эксплант ретінде қолданылған бір жылдық жас өркендердің ұштары және ұйқыдағы қолтық бүршіктерді залалсыздандыру схемасы әзірленді. Ең белсенді микроөскіндердің дамуы МS-1 қоректік ортасында жүрді. Ал антиоксидант ретінде қосылған поливинилпирролидон (ПВП) қоректік ортаға фенолдық қосылыстардың шығу деңгейінің тежелуіне ықпал етті және қоректік ортаны жиі жаңартуды қажет етпейдігін көрсетті. Алынған мәліметтерді талдау барысында, микроөскіндердің дамуы алма сорттары мен клондық телітушілердің генотиптік ерекшеліктеріне тәуелді екендігін айқындады. Экспланттардың өсу деңгейінің ең жоғары пайызы келесі алманың сорттары мен клондық телітушілерінде байқалды: Zarya Alatau (98% регенерация қабілетіне ие), Golden Delicious (77%), клондық телітушілерден М.9 (80%). Өсу деңгейі ең төмен пайыз көрсеткіші клондық телітуші ММ.106 (43%) орын алды. Алма сорттары мен клондық телітушілерінің вегетациялық кезеңінің ұзақтығы, микроөскіндердің өсу және дамуының индукциясына әсері зерттелмеген.
Ержан Ділмұрат, Ахылбек Күрішбаев , Жанна Алманова , Тимур Савин , Григорий Звягин
Мақалада Қостанай облысының ауыл шаруашылық жерлеріне кешенді агроэкологиялық баға беру нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында геоақпараттық технологиялар (ГАТ) және статистикалық талдау әдістері қолданылып, бейімделген ландшафтық жер пайдалану жүйесін (БЛЖЖ) жобалау жүзеге асырылды. Агроэкологиялық жер топтары мен түрлеріне сүйене отырып, ауыл шаруашылығы жерлерінің жарамдылығы санаттар бойынша карталанған.
Гумус, нитратты азот, жылжымалы фосфор, калий, топырақ ерітіндісінің рН мәні және күкірт мөлшері бойынша электронды картограммалар жасалды. Сонымен қатар, корреляциялық талдау жүргізіліп, гумус мөлшері (r = 0.978), нитратты азот (r = 0.965), жылжымалы фосфор (r = 0.930) және калий (r = 0.942) мөлшері мен өнімділік арасында күшті оң байланыс анықталды. Регрессиялық талдау нәтижесінде гумус мөлшері өнімділіктің 95.7% ауытқуын түсіндіретіні, ал фосфор мен калийдің сәйкесінше 86.4% және 88.7% әсер ететіні расталды. БЛЖЖ енгізу Қостанай облысының континенттік климат жағдайында жер ресурстарын тұрақты басқаруға, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға және топырақ құнарлылығын сақтауға ықпал етеді.