Аңдатпа
Жануарлар мен құстарды азықтандыруда өсіруді қарқындату үшін антибиотиктерді қолдануда жаһандық теріс пікірлер қалыптасуда. Осыған орай антибитоиктерді ауыстыратын, әсіресе табиғи әдістерге негізделген микробқа қарсы немесе өсіруді үдеткіш жаңа препараттарды шығаруда көп зерттеулер жүргізілуде.«Виусид Вет» препараты антибиотикке балама препарат. Ол тиімді иммуномодулятор, антиоксидант, гепатопротектор және вирусқа, стресске қарсы тұратын агент. Құрамында молекулалық белсендірілген амин қышқылдары, витаминдер мен микроэлементтер, глицирриз қышқылы бар. Құрамындағы глицеррит қышқылы организм жасушаларының белсенділігі мен репликациясына әсер етпей, құрамында вирустар бар ДНҚ мен РНҚ-ның әртүрлі типтерінің репликациясын тежейді және үзеді. Ол антивирустық, қабынуға қарсы және антиаллергиялық әсерге ие. Алма қышқылы - бос радикалдарды бейтараптандыратын антиоксидант. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысатын ең маңызды метаболит. ATФ синтезі арқылы энергия өндірісін ынталандырады. Вирусқа қарсы әсері бар. Глюкозамин дәнекер тінін құрайтын протеогликандардың негізі болып табылады. Ол қабынуға қарсы, антиоксиданттық, гепатопротекторлық және хондропротекторлық әсерге ие, дәнекер тінінің қалпына келуіне ықпал етеді. Аргинин – амин қышқылы, азот оксидінің медиаторы, қан мен лимфаның микроциркуляциясын жақсартады, мочевина деңгейін төмендетеді. Пуриндердің, порфириндердің, креатининнің және фосфолипидтердің синтезіне қатысады. Аскорбин қышқылы (С дәрумені) липидтердің, ақуыздардың және басқа жасуша компоненттерінің тотығуын тежейтін және зақымданудан қорғайтын антиоксиданттық, антирадиалды қасиеттерге ие. Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) антиденелер мен эритроциттердің синтезіне қажет, ол зат алмасу процестеріне қатысып және оны жақсартады, иммундық жауапты ынталандырады. Фолий қышқылы (Вc дәрумені) – бір көміртекті топтарды тасымалдауға қатысады, пурин және пиримидиндік негіздердің биосинтезіне қатысады, метионин алмасуына қатысады. Ұрықтың жатырішілік аномалиясын, оның өсуі мен дамуын болдырмайды. Цианокобаламин (В12 дәрумені) – метионин алмасуын қалыпқа келтіреді, бауырдың майлануын болдырмайды, оттегінің тұтынылуын арттырады, ақуыз синтезін ынталандырады.
Мақалада «Виусид Вет» препаратының сұйық түрін етті бағыттағы «Arbor Acres» құс кросына қолдану арқылы оның өндірістік көрсеткіштерінің артуы көрсетілген.
Зерттеудің мақсаты:
- Құс басының өміршеңдігін арттыру
- Жұмыртқан өнімділігін арттыру
- Инкубациялық жұмыртқа санын арттыру
- Бастапқы жұмыртқалағыш тауықтардан тәуліктік балапан санын арттыру
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Антипова Л.В. Методы исследования мясо и мясныхпродуктов/Л.В. Антипова, И.А. Голотова, И.А. Рогова. –М.:Колос, 2001.
- 2. Костомахин Н.М. Глютеновые корма и их использование в птицеводстве и рыбоводстве/ Н.М. Костомахин//Кормление сельскохозяйственных животных и кормопроизводство.-2007. №10
- 3. Костомахин Н.М. Глютеновые корма и их использование в птицеводстве и рыбоводстве/ Н.М. Костомахин//Главный зоотехник.-2006.-№12
- 4.Флоров А.Н. Промышленное куроводство:ХХI-М.:ПДМ, 2017
- 5. Мухаметшин С.С. Влияние препарата «Виусид Вет» на пролдуктивность карпа. Аграрный научный журнал-2018 №9
- 6. Семенов В.Г., Успешный А.В., Гладких Л.П., Никитин Д.А., Тиханов А.С., Михайлова Р.В. Иммунотропные препараты серии pigstim в прфилактике транспортного стресса и реализации репродуктивных качеств ремонтных свинок, 2020
- 7. Йорси Н. : Insights from ethnopharmacology potential, chemical constituents, clinical studies, pharmacological utility and nanomedicine//Biomedicine and pharmacotherapy. – 2023
- 8. Остапчук П.С., Зубоченко Д.В., Куевда Т.А. Роль антиоксидантов и использование их в животноводстве и птицеводстве, 2019
- 9. Фисинин В. И., Кавтарашвили А.Ш. Тепловой стресс у птицы, 2015
- 10. Фисинин, В.И Птицеводство России - стратегия инновационного развития.- М.: Типография Россельхозакадемии, 2009. - 147с.
- 11. Фисинин, В. И. Природные минералы в кормлении животных и птицы / В. И. Фисинин, П. Сурай / Животноводство России. 2008. - № 8. - С. 6668.
- 12. Хохрин, С.Н. Корма и кормление животных / С.Н. Хохрин//СПб.: Лань, 2002. – 512 с.
- 13. Л.И. Подобед Оптимизация пищеварения и протеиновое питание сельскохозяйственной птицы / Л.И. Подобед [и др. ]; ред. Л.И. Подобед, 2017. – 348 с.
- 14. Ш.А. Альпейсов, Г.А. Молдахметова Влияние кормовой добавки «Альбит БИО» на продуктивные качества цыплят-бройлеров. Исследования, результаты. №3 (91) 2021г. С. 5-10.
- 15. А.Б. Таңатаров, Ш.Ә.Әлпеиісова, С.Т.Дабжанова.-Т19Құс шаруашылығы.-Алматы, 2005. 239-254 б.
- 16. Таңатаров А.Б. Влияние прерывистого освещения на продуктивность птицы/КазНИНТИ, инфор.Листок.-Алма-Ата, 2000. 35 б.
- 17. Э.Аблаева, А.Кавтарашвили, Б.Махатов, Ж.Кусаинова, Н.Саркулова Эффективность применения антистрессового препарата «Гидро рекс витал» при выращивании цыплят-бройлеров в переходный период года. Исследования, результаты. №1 (101) 2024г. С. 13-22.
- 18.Сурай П. Современные методы борьбы со стрессами в птицеводстве: от антиокси-дантов к витагенам / П. Сурай, В.И. Фисинин // Сельскохозяйственная биология. – 2012. – № 4. – C. 3-13.
- 19. Miftakhutdinova E.A. An effect of anti-stress feed additives on broiler productivity and meat quality / E.A. Miftakhutdinova, S.L. Tikhonov, N.V. Tikhonova, R.T. Timakova // Theory and practice of meat processing. – 2020. – Vol. 5(2). – P. 4-11.
- 20.Альпейсов Ш.А., Танатаров А.Б., Кумганбаева Р.М. Продуктивные качества цыплят-бройлеров при использовании в кормлении биологически активных добавок// Исследования, результаты. -2020.-№1.- с. 15-20.
- 21.Orumbaev A., Tanatarov A.B., Alpeisov Sh. African Octrich (Struthio camelus) Biohemical analysis of blood and meat samples from octrich tarms around Almaty, Kazakhstan// Int. journal of poultry Science 10, 2011, p.1-3.
- 22. Е.А.Капитанова, М.Б.Сагинтаева, В.В.Янченко Актуальность введения в рационы цыплят-бройлеров регулярного комплекса «Байпас», 13-19 б.