Аңдатпа
Шығыс Қазақстанда климаттың өзгеруіне және егіншіліктің ілгерілеуіне байланысты қарқынды түрдегі жаздық жұмсақ бидай сорттарын жасау және енгізу қажеттілігі пісіп-жетілді. Авторлар зерттеу аймағында алғаш рет морфотиптері бойынша сараланған: жартылай ергежейлі (өсімдік биіктігі 66...80 см), орташа бойлы (81...95) және жоғары (96 см-ден) бидай селекциялық линияларын құруды, іріктеуді және салыстырмалы зерттеуді бастады. 2020 жылы СТ-2 тәлімбағында осы үш тобы кірістілік, оның компоненттері (15 про-және 16 индекстік) және дақыл құрылымының белгілері мен мөлдектің өнімділігі ара-сындағы корреляциялық байланыс сипаты бойынша зерттелді. Зерттеу мақсаты – дақыл құрылымының ерекшеліктерін және оның элементтерінің әр топтағы өнімділікпен арақаты-насын анықтау, сонымен қатар морфотиптерді таңдалған интенсификация стратегиясына сәйкестігін алдын-ала бағалау болды.
Егіннің құрылымын талдау көрсеткендей, сызықтық өлшем мен биомассаға байлан-ысты белгілер жартылай карликтерден жоғары линияларға дейін артады; стерильді масақшалардың саны және индекстер (салыстырмалы өнімділік және дән саны), керісінше, азаяды; 1000 дәннің массасы шамамен бірдей, ал жеке өнімділіктің бірқатар параметрлері бойынша орташа линиялар тобының артықшылығы бар.
Корреляциялық талдау көрсеткендей, жартылай ергежейлілердің өнімділігі өсімдік саны және масақтың тығыздалуымен байланысты болды; әлсіз байланыстар өсімдіктің биіктігімен және 1000 дән салмағымен белгіленеді. Зерттеу аймағындағы осы топтың болашағы даулы деп танылды, әрі қарай зерттеу қажеттілігі туындады. Биік линиялар экстенсивті заңдылықтарды көрсетті: өсімдіктің биіктігі мен (әлсіз) – биомассасы, масақ-шалар саны, жалпы өміршеңдік (құю индексімен теріс байланыс) өнімділікпен байланысты болды. Жоғары бойы линиялар астық өндірісін қарқындату мақсатына сәйкес келмейді. Орташа линиялар тобында кірістіліктің 7 белгімен (масақшалар саны, сабан мен масақтың массасы, масақ пен өсімдіктің дән саны мен өнімділігі) және 8 индекспен орташа корреляцияның сенімді оң күші анықталды. Негізгі масақтың дән санына байланысты белгілермен корреляциялар ең айқын болды. Орташа күштің сенімді теріс байланысы – дән құю индексі, бұл бейімделу қасиеттерінің оң әсерін көрсетеді (жоғары өміршеңдік). Орташа бойы линиялар тобы зерттеу аймағында қарқынды сорттарды құру үшін оңтайлы деп танылды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Коробейников Н.И., Березникова Н.А. Особенности реагирования новых сортов мягкой яровой пшеницы интенсивного типа на понижение нормы высева семян // Исследования и разработки учёных и студентов для АПК Сибири, Казахстана и Узбекистана: м-лы конф. - Барнаул, 2020 .- С. 62-70.
- 2. Степанов К.А., Чимкенова А.Е. Отбор селекционных линий яровой мягкой пшеницы различных морфотипов в предгорной зоне ВКО в 2019 году // Исследования и разработки учёных и студентов для АПК Сибири, Казахстана и Узбекистана: м-лы конф. - Барнаул, 2020, - С. 123-127.
- 3. Кумаков В.А. Физиологическое обоснование моделей сортов пшеницы: монография.- М., 1985 .- 270 с.
- 4 Байдюсен А.А., Кушанова Р.Ж., Джатаев С.А., Жубатканов А.А. Изучение хозяйст-венно-ценных признаков сортообразцов ярового ячменя международной коллекции на устойчивость к стрессовым факторам в условиях Северного Казахстана // «Исследования, результаты» КазНАУ.- 2020, №4.- С.185-191.
- 5. Сайкенова А.Ж., Кудайбергенов М.С., Нургасенов Т.Н., Сайкенов Б.Р. Скрининг признаковой коллекции чечевицы в условиях Алматинской области // «Исследования, результаты» КазНАУ .- 2021, №1.- С. 293-301.
- 6. Кочерина Н.В., Драгавцев В.А. Введение в теорию эколого-генетической органи-зации полигенных признаков растений и теорию селекционных индексов.- СПб, 2008 // https://www.agromage.com/stat_id.php?id=632.
- 7. Воробьев В.А., Воробьёв А.В. Роль селекционных индексов в оценке продуктивности яровой пшеницы // Достижения науки и техники АПК.- 2018.- Т. 32, №9.- С.37-39.
- 8. Патент РФ №2710056 (А01Н1/04). Способ отбора высокопродуктивных селекци-онных образцов озимых зерновых культур / Манукян И.Р., Бекузарова С.А., Басиева М.А., Мирошникова Е.С. // ФГБУН «Владикавказский научный центр РАН»; опубл. 24.12.2019, бюл. №36.
- 9. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта: учебник. – М., 1985. – 351 с.
- 10. Лепехов С.Б. Стерильные колоски в колосе как показатель засухоустойчивости яровой мягкой пшеницы // Достижения науки и техники АПК .- 2015 .- Т. 29, №6 .- С. 27-30.
- 11. Степанов К.А. Изучение корреляций признаков продуктивности у яровой пшеницы в предгорной зоне Восточного Казахстана // «Исследования, результаты», КазНАУ.- 2008, №1 - С. 146-148.
- 12. Моргунов А.И., Наумов А.А. Селекция зерновых культур на стабилизацию урожайности: обзорная информация.- М. - 1987 .- 61 с.