Аңдатпа
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігі түр құрамының жоғарғы деңгейін көрсетеді. Әсіресе, сүтқо-ректілер мен құстарға өте бай. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы орнитофаунасының жазғы аспекті – 130 түрден тұрады, яғни Қазақстанда ұя салатын құстардың 30%-ын құрайды. Жалпы, жыл бойына парк аумағында 236 түрлі құстарды кездестіруге болады (Қазақстан орнитофаунасының 48,1%), оның ішінде Қызыл кітапқа енгені – 22 түр, яғни Қызыл кітапқа кірген құстар санының 39,2%-ын құрайды. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жалпы 34 түрлі сүтқоректі мекендейді, оның ішінде ҚР Қызыл кітабына енгені – 4, соның бірі – бүркіт (Aquila chrysaetos). Мақалада «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мекендейтін бүркіттерді есепке алу әдістері, далалық есепке алу жұмыстары, есептік ақпарат жазбасы, санын есептеу тәртібі сипатталған. 2011-2020 жылдар аралығындағы анықталған бүркіт туралы мәліметтер, бүркітті маршрутты есепке алу нәтижелері (19 наурыз 2020 жыл), бүркіттің 2020 жылдың көктемгі санағы туралы мәлімет мен бүркіттердің салыстырмалы сандық көрсеткіші келтірілді. «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі бүркіттердің сандық динамикасы тұрақты екендігі анықталды. Ұялар мен аймақтық жұптар туралы бастапқы мәліметтер картаға түсіріліп, бүркіт кездесетін аймақтар анықталды. Табылған ұялардағы балапандарды ай сайын жағдайын тексеріліп, дәлел ретінде фотосуреттер келтірілді.
Соңғы онжылдықта Қазақстанда ерекше қорғалатын аумақтар 2 есеге ұлғайғаны белгілі, бұл іс жүзінде көптеген жойылып бара жатқан жыртқыш құстарды құтқарудың және сақтаудың жолы болып отыр.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Shynybekov M.K., Ahmetov E.M., Sartbaev J.T., Abaeva Q.T., Borısova Iý.S. Almaty oblysy, Sharyn ózeni jaǵalauyndaǵy soǵdy shaǵanunyń tabıǵı jańaruyn zertteý. // «Izdenister, nátıjeler» gulumi zhurnaly. №4, Almaty, QazNAZU 2020 j.
- 2. Batylbek B., Baibatshanov M.K., Kerimbaev S.S., Akoev M.T. Almaty oblysyna qurǵauyldardy jersindirý jumystary jáne onyń kásiptik mańyzy. // «Izdenister, nátıjeler» ǵulumi jurnaly. №4, Almaty, QazNAZU 2016 j.
- 3. Baibatshanov M.K., Beisenbaeva M.T., Akilbekov S.O., Ádilaeva U.B. Almaty haiuanattar baǵyndaǵy ósiriletin tyrnalardyń tumsyǵy men qanattaryna bailanysty aiyrmashylyqtary. // «Izdenister, nátıjeler» ǵylymi junaly. №4, Almaty, QazNAZU 2019 j.
- 4. Kovshar A.F. Mir ptis Kazakhstana. Alma-Ata, Mektep. 1988, 294 s.
- 5. Kovshar A.F., Kovshar V.A. Qazaqstannyń janýarlar álemi. Almaty, Almaty kitap. 2006, 128 b.
- 6. Krasnaiya kniga Kazakhstana. Almaty, Atamura. 1999, 253 s.
- 7. Koblik E.A., Redkin Ia.A., Arhipov V.Iý. Spisok ptıs Rossiiskoi Federasii. – M.: Tovarishestvo naýchnyh izdanii KMK. 2006, 345 s.
- 8. Krasnaya kniga Rossii. Moskva, Eksmo. 2019, 455 s.
- 9. Dzhanyspaev A.D. O gnezdiyáshihsyá ptitsah istokov reki Shilik (yujnye sklony Zailiiskogo Alataý, Severnyi Tyán-Shan) // Rýsskii ornitologicheskii jýrnal 2017, Tom 26, Ekspress-vypýsk 1463: 2631-2644 str.
- 10. Metody ucheta osnovnyh ohotniche-promyslovyh i redkih zhivotnyh Kazahstana. Almaty, Atamura. 2003, 215 s.
- 11. Ótebekova A.D., Maisýpova B.J., Mámbetov B.T., Dosmanbetov D.A., Adilbaeva J.B. Aǵash saqinasy hronologiasynyń esebi jáne olardyń statistikalyq taldauy // «Izdenister, nátıjeler – Issledovanıa, rezýltaty», 2018. - №1(77) – S. 238-242.