Аңдатпа
Ғылыми зерттеу тақырыбы жануарлар құтырығына қарсы «Rhabdovac®» вакцинасының иммуногенді белсенділігін өндірістік жағдайда анықтауға арналған.
Жұмыстың негізгі мақсаты антирабиялық «Rhabdovac®» вакцинасының иммуногенді қасиетін жануарларға өндірістік сынақтар жүргізу арқылы анықтау, вакцинаның иммуногенді белсенділігі антирабиялық вирустық бейтараптау реакциясы арқылы антиденелердің өндірісін индукциялау қабілеті бойынша сынақтан өткізу болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында «Антиген» Ғылыми-өндірістік кәсіпорнының мал шаруашылық фермасында жануарлар құтырығына қарсы инактивацияланған сұйық «Rhabdovac®» вакцинасы 4-12 айлық жастағы 5 бас қойға бір рет егілді (сынақ хаттамасы №33, 14.07.2019 ж), және нәтижені салыстырмалы анықтау үшін референс ретінде алынған «Biocan-R» вакцинасы 4-12 айлық жастағы 5 бас қойға егіліп, бақылау ретінде дені сау, вакцинацияланбаған 5 бас қой алынып, тәжірибе жүргізілді. Зерттеу алдында қойларда құтырыққа вирусты бейтараптандыратын антиденелердің бар-жоғы анықталды. Сондай ақ, келесі зерттеуімізде «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының вивариінде иммуногенді белсенділігі 2,0 ХБ/мл құрайтын «Rhabdovac®» вакцинамен 2 - 5 айлық 4 итке тері астына 1,0 см3 дозада егіліп, 12 ай ішінде иммуногенді белсенділігі вирусты бейтараптау реакциясындағы титрі динамикасы зерттелді (сынақ хаттамасы №29, 07.02.2020ж).
Жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмысының нәтижесінде құтырыққа қарсы «Rhabdovac®» вакцинасын жануарларға өндірістік жағдайда иммуногенді белсенділігін вирусты бейтараптау реакциясы арқылы анықталды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Barrat J. Rabies diagnosis / J. Barrat, E. Picard-Meyer, F. Cliquet // Dev Biol (Basel). – 2006. – Vol. 125. – P. 71-77. Theodorides J. Histological research on rabies in the 19th century / J. Theodorides // Clio Med. – 1981. – Vol. 16, № 2-3. – P. 83-92.
- 2. Rabies vaccine: traditional and novel approaches / Kieny Marie Paule, Desmettre Philippe, Soulebot Jean-Paul, Lathe Richard // Biotechnol. and Сотр. Med.- Basel, 1987.-P. 73-111.
- 3. Осидзе Д.Ф. Бешенство // Ветеринарные препараты: Справочник. - М., 1981.-С. 61-66.].
- 4. A comparison of the Pasteur and Pitman-Moore strains of rabies virus for the production of rabies vaccine in human diploid cells / Majer M., Herrmann Annelies, Hilfenhaus J. et al. // J. Biol. Stand.- 1977.-Vol. 5, №3. - P. 249-256.
- 5. Осидзе Д.Ф., Деметрадзе Л.Г., Сафаров Р.К. и др. Антигенная и иммуногенная активность культуральной концентрированной инактивированной вакцины // Ветеринария. -2001. - №1. - С.34-35.
- 6. Wu X., Franka R., Svoboda P., Pohl J., Rupprecht CE Development of combined vaccines for rabies and immunocontraception. Vaccine. 2009 Nov 27; 27(51):7202-9.
- 7. Рожаев Б.Г. Эпизоотология и иммунопрофилактика бешенства в Казахстане:афтореф. ... док.в.-х. наук: 06.02.02 / Кыргызский национальный аграрный университет им. К.И. Скрябина. – Бишкек, 2016. – 46с.
- 8. Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан/ Комитет ветеринарного контроля и надзора/ Государственный реестр ветеринарных препаратов и кормовых добавок Глава 3. Раздел 1 (По состоянию на 20 февраля 2022 года) Нур-Султан 2022 г.
- 9. Абдуалиева А.А., Ахметсадықов Н.Н., Батанова Ж.М., Абдел З.Ж., Иманбекова Т.А. ҚҰТЫРЫҚ ВИРУСЫ CVS-11 ШТАММЫНА СЕЗІМТАЛ ТОРША ӨСІНДІСІНІҢ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ// Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №1 (81). ISSN 2304-3334 Алматы 2019 5-11 б.
- 10. Википедия материалы – еркін энциклопедия. 24.04.2021
- https://ru.wikipedia.org/wiki/GMP
- 11. Абдуалиева А.А., Ахметсадыков Н.Н. Кулманбетов К.Д., Иманбекова Т.А. CVS-11 құтырық вирусының штамын өсірудің оңтайлы параметрлері //С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ҒЫЛЫМ ЖАРШЫСЫ (пәнаралық) №1 (104) Нұр-Сұлтан 2020 142-151 б.
- 12. Abdualiyeva A.A., Akhmetsadykov N.N., Valdovska A., Shanbaev B.U. Improving the technology of obtaining an inactivated Аntirabic vaccine from CVS-11 strain // RJPT-AVP - Research Journal of Pharmacy and Technology (ISSN0974360X-India-Scopus). - Research J. Pharm. and Tech. Vol.13(12).- December 2020 P. 5929-5934