Аңдатпа
Кіріспе. Қорықтар ел аумағының шамамен оннан бір бөлігін қамтиды. Олардың кейбіріне кіру шектелген, алайда танымал нысандар реттелмеген туризм салдарынан күшті әсерге ұшырап, бұл экожүйелерге теріс ықпал етеді. Материалдар мен әдістер. Мақалада 2024 жылдың көктем–қыс кезеңінде ерекше қорғалатын Щучинск–Бурабай курорттық аймағы аумағында орналасқан Бурабай МҰТП-нің негізгі көлдеріне — Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Шортанды, Текекөл, Қатаркөл және Жүкей көлдеріне жүргізілген гидрохимиялық және токсикологиялық зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Зерттеудің мақсаты Бурабай МҰТП негізгі көлдерінің экологиялық жай-күйін гидрохимиялық және токсикологиялық көрсеткіштер негізінде бағалау болып табылады. Нәтижелер мен талқылау. Аталған су объектілеріндегі органикалық заттар салыстырмалы түрде біркелкі таралған және тоғандық балық шаруашылығы үшін белгіленген орташа нормативтік деңгейден жоғары көрсеткіштерге ие, бұл көлдердің гүлдену үдерістерімен тығыз байланысты. Алынған деректерге сәйкес, жеті көл бойынша зерттеудің төрт маусымы ішінде ауыр металдардың концентрациясы төмен деңгейде анықталды. Мырыш, никель, мыс, қорғасын, кадмий, хром және марганец сияқты элементтер су құрамында аз мөлшерде кездеседі және балық шаруашылығы мақсатындағы су айдындары үшін белгіленген сапа стандарттарынан аспайды. Қорытынды. Зерттелген барлық элементтер көл акваториясы бойынша жалпы алғанда біркелкі таралған және барлық зерттеу нүктелерінде көрсеткіштердің белгілі бір тұрақтылығымен сипатталады, мұнда маусымдық динамика зерттелген металдардың мөлшеріне елеулі әсер етпейді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- Алекин О.А. Основы гидрохимии. Л.: Гидрометеоиздат. 1970. — 444 с. ojs.wkau.kz/index.php/gbj/article/view/3049 [на рус.]
- Aubakirova, M., Krupa, E., Mazhibayeva, Z., Isbekov, K., & Assylbekova, S. The Role of External Factors in the Variability of the Structure of the Zooplankton Community of Small Lakes (South-East Kazakhstan). Water, 13(7), 962. 2021. — Рp. 1–25. doi.org/10.3390/w13070962 [in Eng.]
- Бадмаев О.В. Содержание фенолов в морской среде прибрежных акваторий залива Петра Великого Японского моря // Изв. ТИНРО. Т. 204, вып. 3. 2024. — 609–628. doi:10.26428/1606 [на рус.]
- Жумангалиева З.М. Озерный фонд Казахстана: автореф… канд. геогр.-х наук. – Санкт-Петербург, 2014. — 3 с. dissercat.com/content/ozernyi-fond-kazakhstana [на рус.]
- Zhang, H. Seasonal Stability of Dissolved Organic Carbon //Science of the Total Environment № 1. 2020. — Рp. 11–19. researchgate.net/publication/397611546 [in Eng.]
- Мезенцева О.В., Ломакина С.С. Геоэкологический мониторинг водосборного бассейна реки Ишим на территории Республики Казахстан в условиях весеннего половодья за период 2002–2017 гг. // Успехи современного естествознания. №12. 2018. — С. 368–373. natural-sciences.ru/article/view?id=37167 [на рус.]
- Мұқатай А.А., Минат А., Долгополова С.Ю. Современные гидрохимические исследования Алакольской системы озер. Электронный научный журнал «Central Asian Scientific Journal», № 4, Нур-Султан, 2021. — С. 146–154 ru.scribd.com/document/970538268/Central-Asian-Scientific-Journal-Vol4-Removed [на рус.]
- Мұкатай А.А., Долгополова С.Ю., Айткалиева А.А, Аблайсанова Г.М. Шу ауданындағы су айдындардың гидрологиялық жағдайлары мен су сапасы. Научный журнал «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», №3, (107), 2025. — Б. 549–558. doi.org/10.37884/3-107-2025 [на каз.]
- Пилип Л. В., Сырчина Н.В. Влияние синтетических поверхностно-активных веществ на микробный состав биопленки навозных стоков. Научный журнал «Известия КГТУ», №74, 2024. — С. 24–26. cyberleninka.ru/article/n/vliyanie-sinteticheskih-poverhnostno-aktivnyh-veschestv-na-mikrobnyy-sostav-bioplenki-navoznyh-stokov [на рус.]
- Toxabayeva B., Isbekov K., Litvinenko A., Assylbekova S., Ablaisanova G., Dolgopolova S., Baibatshanov M. and Bazarbayeva Z. Rare and endangered populations of Fringebarbel sturgeon, Acipenser nudiventris Lovetsky, 1828, in Kapshagai Reservoir and Ili River on the territory of the Republic of Kazakhstan. Caspian Journal of Environmental Sciences, 23(1), 2025. — Рp. 63–70. doi:10.22124/cjes.2025.8538 [in Eng.]
- Schemmer, A., Wolfram, J., Roodt, A.P. et al. Pesticide Mixtures in Surface Waters of Two Protected Areas in Southwestern Germany. Bull Environ Contam Toxicol 112, 10, 2024. — Рp. 1–8. doi.org/10.1007/s00128-023-03830-5 [in Eng.]
- Шарипова О.А. К вопросу определения статуса водопользования водоемов карагандинской области по гидрохимическим признакам. Гидрометеорол. и эколог. изд-во №1, 2019. — С. 161–165. cyberleninka.ru/article/n/k-voprosu-opredeleniya-statusa-vodopolzovaniya-vodoemov-karagandinskoy-oblasti-po-gidrohimicheskim-priznakam [на рус.]