Аңдатпа
Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы құрғақ климат жағдайында жайылымдық мал шаруашылығын дамыту тікелей тұрақты сумен қамтудың болуына байланысты. Беткі сулармен салыстырғанда анағұрлым сенімді ресурс ретінде жерасты сулары мал мен қызмет көрсетуші персоналды ауыз сумен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Бұл мақалада Жамбыл облысы аумағында жүргізілген гидрогеологиялық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – жайылымдарды суландыру тұрғысынан жерасты суларының жай-күйі мен әлеуетін бағалау. Жер асты суларының сапасы, минералдануы және дебиті әртүрлі геологиялық жағдайларда – тау бөктері жазығы, құмды массивтер және тауаралық шұңқырларда талданды. Далалық зерттеулер барысында жұмыс істеп тұрған құдықтар мен ұңғымалардан су үлгілері алынып, су көздері картаға түсірілді, сондай-ақ су тарту инфрақұрылымының тозу деңгейі бағаланды.
Нәтижелер көрсеткендей, өңірде мал шаруашылығы қажеттіліктеріне жарамды тұщы және әлсіз тұзды жерасты суларының мол қоры бар. Сонымен қатар, сумен қамту инфрақұрылымының елеулі түрде тозғаны анықталды: көпшілігі жөндеуді қажет етеді, ал механикаландыру деңгейі төмен. Заманауи технологияларды енгізу мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту арқылы суару жүйесін жаңғыртуға бағытталған нақты шаралар ұсынылады. Мал шаруашылығын орнықты дамыту мақсатында жерасты су ресурстарын басқарудың тиімді тәсілдерін енгізудің қажеттілігі негізделген.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Кульмаганова А.Е., Груздев К.И., Усков Э.Н. Обеспеченность народного хозяйства Казахстана подземными водами. – Алма-Ата, КазНИИНТИ, 1987. – 80 с.
- 2. Омбаев А., Мирзакулов С., Чиндалиев А. Научно-технологические аспекты развития животноводства Казахстана. – Izdenister natigeler. – 2023. – №3(99). – 36-48 с. https://doi.org/10.37884/3-2023/04
- 3. Усипбаев Г., Омарбекова А., Сагандыкова Д., Бегазимов Д. Анализ формирования земель сельскохозяйственного назначения в Казахстане. – Izdenister Natigeler. – 2024. – №4(104). – 358-367 с. https://doi.org/10.37884/4-2024/37
- 4. Касенов М.Р., Копанев Г.В. Обводнение пастбищ Казахстана. – Алма-Ата: Кайнар, 1989. – 209 с.
- 5. Подземные воды Казахстана. Ресурсы, использование и проблемы охраны. - отв. ред. акад. НАН РК Ж.С. Сыдыков. – Алматы: Ғылым, 1999. – 284 с.
- 6. Adenova, D.; Tazhiyev, S.; Sagin, J.; Absametov, M.; Murtazin, Y.; Trushel, L.; Miroshnichenko, O.; Zaryab, A. Groundwater Quality and Potential Health Risk in Zhambyl Region, Kazakhstan. – Water. – 2023. – Vol. 15. – P. 482. https://doi.org/10.3390/w15030482
- 7. Оңласынов Ж.Ә., Рахимов Т.А., Муратова М.М., Акынбаева М.Ж. Оценка качества подземных вод пастбищных территорий Южного Казахстана. – Многопр. научный журнал “3i – интеллект, идея, инновация”. – 2025. – № 1. – 174-181 с. https://doi.org/10.52269/22266070_2025_1_174.
- 8. Murtazin, Ye.Zh., Adenova, D.K., Tazhiyev, S.R. Assessment of the potential of self-discharging hydrogeological wells for sustainable development of rural areas of Zhambyl region. – News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciences. – 2022. – Vol. 5. – Р. 143-155. https://doi.org/10.32014/2518-170x.223
- 9. Серимбетов, А. Е., Асу А.А. Подземные источники обводнения пастбищ юга Казахстана. - Integration of the Scientific Community to the Global Challenges of Our Time – Materials of the III International Scientific-Practical Conference. – Kyoto, Japan. – 2018. – Р. 412.
- 10. Аденова Д. К., Муртазин Е. Ж., Мирошниченко О. Л. Оценка состояния и качества гидрогеохимических показателей артезианских подземных вод Жамбылской области. – География и водные ресурсы. – 2024. – №4. – 75-83 с. https://doi.org/10.55764/2957-9856/2024-4-75-83.41
- 11. Ресурсный потенциал подземных вод Казахстана как источник устойчивого питьевого водообеспечения. - под ред. акад. НАН РК М.К. Абсаметова. – Алматы:«Print express». – 2023. –304 с.
- 12. Смоляр В.А., Буров Б.В., Мустафаев С.Т. Ресурсы подземных вод Республики Казахстан: Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление. – Алматы. – 2011. – 632 с.