Аңдатпа
Қазіргі экологиялық және жалпы жаһандық дағдарыс жағдайында оны еңсеру үшін жалпыға бірдей және үздіксіз экологиялық білімнің маңызы артып келеді. Рио-де-Жанейрода 1992 жылы өткен Қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық конференцияда қабылданған Күн тәртібі 21 құжатында, адамзаттың жаңа дүниетанымы ретінде тұрақты даму тұжырымдамасын бекіткен болатын. Аталған құжат экологиялық білім беру басты мақсат емес, сәйкесінше, тұрақтылыққа қол жеткізу үшін қажетті білімді, құндылықтарды, мінез-құлық пен өмір салтын өзгертудің, мәдениетті қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде көрсетілген.
Экологиялық білім беру арқылы экологиялық мәдениетті көтеру, қоғамдық экобелсенділікті қалыптастыру тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің тетігі ретінде айқындалған. Мақалада Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік экологиялық саясаттың басым бағыттары қарастырылып, экологиялық білім беру бойынша шетелдік озық тәжірибелерге талдау жасалынған. Отбасылық тәрбиеден бастап жоғарғы оқу орындары және барлық топтағы азаматтарға арналған үздіксіз білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде жүргізбейінше қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мүмкін еместігі сипатталған. Халықтың экологиялық жауапкершілігінің артуына байланысты тұрмыстық экобелсенділік мәселесі де өзекті. Экологиялық мәдениетті кешенді түрде дамыту – ұрпағымызды отан сүйгіштікке баулудың, азаматтардың қоршаған ортаға үнемі ұқыптылықпен қарауының бірден бір кепілі болмақ. Осындай тың бастамалардың нәтижесінде елімізде жаңа мәдениет пен жаңа әлеуметтік этика орнығып, нағыз патриоттық, ұлттық, отансүйгіштік сезімді, қоршаған табиғи ортаға деген қамқорлықты орната аламыз. Мұндай іс шаралар қоғамның барлық салаларында экологиялық мәдениетті, «жасыл трансформацияны» қалыптастырудың құралы ретінде тануға негіз бар.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Аитова Б.Н., Тилекова Ж.Т. Развитие экологической политики природопользования для школьников. //Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Естественно-географические науки». №3(61). – 2019. – С.71-78. https://sdgs.abaiuniversity.edu.kz/uploads/related_materials/
- 2. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2 қыркүйек 2024 жыл. https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-181416
- 3. Aitkhozhayeva G.S., Zhildikbaeva A.N., Pentaev T.P., Bauhan A.G., Zhumagalieva N.Sh., Gurskiene V. The Current state of agricultural Land use in the context of sustainable development // Research. Results. - No3(103). – 2024. – P. 380-384. DOI: https://doi.org/10.37884/3-2024/42
- 4. Алиева Н.Т., Ибрагимов С.К., Мамедова Р.И., Ибадова С.Я., Абдуллаева К.С. Засоленные почвы Прикаспийской низменности и пути их экологического восстановления //Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты. №2(98). - 2023, - С. 69-82. DOI: https://doi.org/10.37884/2-2023/07
- 5. Нургабылова А.Ш. Особенности экологического образования молодежи в Республике Казахстан. //Вестник Оренбургского государственного университета. – 2018. №1 (213). – С.58-62. https://cyberleninka.ru/article/n/osobennosti-ekologicheskogo-obrazovaniya-molodezhi-v-respublike-kazahstan
- 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы. 2021 жылғы 12 қазандағы №731 қаулысы.
- 7. Указ Президента Республики Казахстана О внесение изменения и дополнения в Концепцию по переходу Республики Казахстан к "зеленой экономике", от 10 июня 2024 года № 568 https://adilet.zan.kz/rus/docs/U2400000568
- 8. Қазақстан Республикасы Халық санасында экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы. Астана. 2024 жыл.
- 9. Sh. Khamzina, G. Satybaldiyeva, E. Boribay, S. Ussubaliyeva. The role of Green Media in solving environmental problems in the Republic of Kazakhstan// Rivista di Studi sulla Sostenibilita. 13(1). 2023. – P.183-197. Doi:10.3280/RISS2023-001-S1012
- 10. Соляник, С. Экологическое образование в Республике Казахстан [Электронный ресурс] / С. Соляник. – Режим доступа: http://www. greensalvation.org /old/Russian/Publish/ 02_rus/02_01.htm.
- 11. Ещенко, С. М. Механизм формирования экологического мировоззрения / С. М. Ещенко. — Текст: непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 24 (158). — С. 94-96. — URL: https://moluch.ru/archive/158/42384/ (дата обращения: 03.09.2024).
- 12. Чернядьева Н.А. Цели устойчивого развития как фактор развития международного и национального права // Океанский менеджмент. 2021. № 3(12). С.19-23.