Аңдатпа
Суару үшін пайдаланылатын судың сапалық көрсеткіштері сапалы екпелі материал алу үшін міндетті түрде ескерілуі керек. Судың қышқылдығы мен электр өткізгіштігі ең маңызды көрсеткіштер болғандықтан оларды далада оңай басқаруға болады. Бұл зерттеу жұмыстары бұршақ пен дәнді дақылдарды суару үшін қолданылатын судың сапалық құрамының әсеріне арналған. Мақалада көрсетілген зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - әтүрлі химиялық-биологиялық көрсеткіштері бар суарылатын судың сапасын бақылау.
Нақты топырақ-климаттық жағдайларда суару мақсатында белгілі бір сападағы су қажет (кесте 1). Дақылдардың қалыпты өсуі мен дамуы үшін негізгі қоректік элементтерден басқа – азот, фосфор және калий, биохимиялық катализаторлар болып табылатын заттар қажет, олар негізгі қоректік заттардың сіңуіне, биомасса өндіруге және дақылдың қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай микроэлементтер-мырыш, мыс, марганец, темір, кадмий. Олардың суармалы судағы құрамы рұқсат етілген мөлшерде болуы керек.
Агрономиялық тұрғыдан су сапасының 3 маңызды параметрі ерекшелінеді: қаттылық (әктілік), тазалығы және рН.
Судың сапасына көптеген тәуелсіз факторлар: биологиялық құрамы немесе органикалық заттардың (балдырлар мен саңырауқұлақтар) тұрақты бөлшектерінің болуы, бірақ ең алдымен судың кермектігі мен қышқылдығын (рН) анықтайтын кальций мен магнийдің екі валентті катиондарының, мыс, темір, марганец және мырыш иондарының құрамымен байланысты химиялық құрамы әсер етеді. Суару үшін пайдаланылатын судың қышқылдық деңгейі әдетте 6.5-тен 8.5-ке дейін болуы қажет, және де осылай болса өсімдіктерге сирек қиындық тудырады. Дегенмен, рН фактор су мен топырақтағы көптеген химиялық реакцияларда маңызды рөл атқарады, сондықтан оның деңгейін бақылауға назар аудару керек, алайда бастапқы рН тамшы жүйесі темір немесе карбонат шөгінділерімен судың бітелу ықтималдығын анықтай алады.
Жүргізілген зерттеулер жер учаскесінде іріктеліп алынған суармалы судың барлық зерттелетін үлгілерінде карбонаттар мен сульфаттар ионының қалдық мөлшері бойынша ШРК-дан асып кету анықталмағанын көрсетті.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Безднина, С.Я. Научные основы оценки качества воды для орошения / – Рязань: Изд. РГАТУ, 2013. – 171 с.
- 2. Применение микрофильтрационных мембран с цилиндрическими порами для очистки природных вод / А. В. Десятов [и др.] // Водоочистка, водоподготовка, водопотребление. – 2008. – № 2. – С. 11–19.
- 3. Государственный доклад о состоянии окружающей среды в 2013 г. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.mnr.gov.ru/upload/iblock/6c7/gosdokladeco.pdf
- 4. Регулирование качества поливной воды на оросительных системах в. П. Максименко, с. А. Зайцев природообустройство № 5’ 2011 стр 15-20.
- 5. Методическое пособие и нормативные материалы для разработки адаптивно- ландшафтных систем земледелия / Под ред. А. Н. Каштанова, А. Л. Щербакова, Г. Н. Черкасова. – Курск-Тверь: ЧуДо, 2001. – 260 с.
- 6. Доспехов Б. А. Методика полевого опыта (с основами статистической обработки результатов исследований). — 5-е изд., доп. и перераб.—М.: Агропромиздат, 1985. — 351 с, ил. —(Учебники и учеб. пособия для высш. учеб. заведений).
- 7. O.D. Kuchanwar, C.K. Kale, V.P. Deshpande, D.M. Dharmadhikari. Irrigation water quality and farm management decisions. Water Science and Technology. Volume 40, Issue 2, 1999, Pages 97-103
- 8. Пригун И. В., Краснов М. С. Умягчение или нанофильтрация? Выбор за вами // Водоочистка. Водоподготовка. Водоснабжение. – 2009. – № 2. – С. 10–18.
- 9. Гукалов В.Н. Трансформация валовых и подвижных форм тяжелых металлов в агроландшафтных системах. Краснодар: Кубанский ГАУ, 2014. 219 с.
- 10. Зимовец Б.А. Экология и мелиорация почв сухостепной зоны. М.: ВАСХНИЛ, 1991. 247 с.
- 11. Mohammad Zaman, Shabbir A. Shahid, Lee Heng. Irrigation Water Quality. Guideline for Salinity Assessment, Mitigation and Adaptation Using Nuclear and Related Techniques 2018. Pages 113-131
- 12. Савич В.И. Физико-химические основы плодородия почв. М.: РГАУ-МСХА, 2013. 431 с.