Аңдатпа
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында карантиндік нысан болып саналатын зиянкестер саны артуда. Солардың бірі жеміс дақылдарының қауіпті зиянкесі – калифорниялық қалқаншалы сымыр (Diaspidiotus perniciosus). Жыл сайын елімізге әлемнің түкпір-түкпірінен жеміс-көкөніс дақылдарының өнімдері көптеп кіргізіліп жатыр, бұл біздің еліміздің аумағына аса қауіпті карантиндік организмдердің әкеліну қаупін туғызады. Бұл мақалада карантиндік зиянкес – калифорниялық қалқаншалы сымырдың Алматы облысы жағдайындағы биологиялық ерекшеліктері келтіріліп, биоэкологиясы сипатталған. Жоғары зияндылыққа байланысты калифорниялық қалқанша сымыры карантиндік нысандарға жатады. Бұл зиянкестің зияндылығы өте жоғары болып келеді. Сондықтан зиянкестің ошақтарын анықтау, биоэкологиясын тереңдетіп зерттеу өзекті жұмыстардың бірі. Калифорниялық қалқаншалы сымырды анықтау үшін визуалды әдіс өте тиімсіз, өйткені ол үлкен уақыт пен физикалық шығындарды, көптеген білікті мамандарды қажет етеді. Сондықтан жыл сайын алма бақтарында феромон тұзақтары қолданыла отырып, феромониторинг жүргізіледі. Зерттеу барысында феромонды тұтқыштар қолдану арқылы аталған зиянкеске феромониторинг жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде калифорниялық қалқаншалы сымырдың ұшу динамикасы анықталды және калифорниялық қалқаншалы сымырдың дамуының фенологиялық күнтізбесі жасалды. Сонымен қатар мақалада зиянкестердің даму фазасы мен ұшу динамикасын анықтау барысында қолданылған бақылау әдістері келтірілген.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Мауленова С. С. и др. Перспективы развития и особенности производства яблони в Казахстане //Научный форум: Инновационная наука. – 2020. – №. 9 (38). - С. 9-16
- 2. Динасилова, Г. А. Томатный трипс - потенциально опасный вредитель закрытого грунта Казахстана / Г. А. Динасилова, М. Е. Ержанова // Защита и карантин растений. – 2017. – № 3. – С. 38-39.
- 3. Попова А. И. Калифорнийская щитовка // Защита растений. – 1938. – №. 17. – С 61-77.
- 4. Константинова Г.М., Мордкович Я.Б., Филиппова В.М. Калифорнийская щитовка // Сельское хозяйство за рубежом. – 1967. - № 9. - С. 55–59.
- 5. Вредные организмы, имеющие карантинное фитосанитарное значение для Российской Федерации. Справочник под ред. Данкверта С.А., Маслова М.И., Магомедова У.Ш., Мордковича Я.Б. – Воронеж: Научная книга, 2009. - 449 б.
- 6. Матесова Г.А. Насекомые Казахстана. Изд. Академии наук Каз. ССР. Материалы по биологии калифорнийской щитовки (Quadraspidiotus perniciosus comst.) на юге-востоке Казахстана, 1980.
- 7. Копжасаров Б. К., Бекназарова З. Б. К вопросу изучения особенностей развития калифорнийской щитовки (Quadraspidiotus perniciosus Comst.) в садах на юге-востоке Казахстана //АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР СЕРИЯСЫ. – 2016. – С. 30.
- 8. Дубровин В.В Методы фитосанитарного мониторинга в защите растений от вредных насекомых. Федеральное государственное образовательное учреждение высшего профессионального образования "Саратовский государственный аграрный университет имени Н.И. Вавилова". Саратов, 2011.-232 с.
- 9. Палий В.Ф. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж: Центр //Чернозем. кн. изд-во. – 1970.113 с.
- 10. Мегаев В.А. Выявление вредителей полевых культур, М., Колос, 1968. Т.5