Аңдатпа
Мақалада оригиналды вируссыз отырғызу материалын өсіру, оригиналды базистік аналықтар мен аналық-қалемшелік бақтарды отырғызу жүйесінде алманың шетелдік және жергілікті селекцияның клонды телітушілері мен сорттарын клонды микрокөбейту сатыларын түрлендіру бойынша мәліметтер берілген. Ұлпалар культурасына алманың дақылының шетелдік және жергілікті клонды телітушілері мен сорттары енгізілді: Арм18, Б7-35, Б16-20, 62-396 және Жетісу 5, европалық селекция сорттары - Ред Эльстар, Пинова, Джонапринц және жергілікті отандық селекция сорттары - Айнұр, Восход, Мақсат.
Белсенді хлорлы және саңырауқұлақтарға қарсы препараттардың көмегімен залалсыздандырудың оңтайлы режимі анықталды және стерильді апекстердің шығымы 93%-ға жеткізілді. Екі бос аминқышқылдар – глицин мен пролиннің әсері зерттелді, олар ұлпалар культурасында апекстердің регенерациясын сәйкесінше 33-46%-ға арттырды. Алты пассаждан кейін Ред Эльстар сортында көбейген микроөсімдіктердің саны 50%, Айнұр сортында 40%, Пинова сортында 35%, сондай ақ Джонапринс, Восход және Мақсат сорттарында 30% құрады. Сиверс және Арм18 алма ағаштарының вируссыз тамыр сабақтарында жергілікті және шетелдік селекцияның алты сортының вируссыз оригиналды алма көшеттері өсірілді және олармен бастапқы негізгі аналық-қалемшелік бақ отырғызылды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1 OEPP/EPPO Standards. Testing method for viruses of frees present in the EPPO region, virus-free or virus-tested fruit trees and rootstocks // Certification Schemes. – 1998. – PM 4/26. – P. 14-22.
- 2 Упадышев М.Т. Теоретические основы и практические аспекты оздоровления плодовых и ягодных культур от вирусов / Плодоводство и ягодоводство России / Сб. научных работ. – 2011.-Т.26.- с.109-118.
- 3 Долгих С.Г., Сапахова З.Б., Кабылбекова Б.Ж., Гриценко Д.А., Шамекова М.Х. Международный опыт сертификации посадочного материала плодовых и ягодных культур.- Альманах.- Алматы.-2022.-261 с.
- 4 Карычев К.Г., Янкова А.И., Савеко И.П., Карычев Р.К. Генофонд подвоев in situ / ex situ и его использование в плодоводстве Казахстана / Рекомендации. - Алматы,2009.- 98 с.
- 5 Ушкемпирова Г.М., Казыбаева С.Ж., Уразаева М.В., Ормахаев А.М. Қазақстанның оңтүстік шығысы жағдайында әртүрлі клондық телітушілермен отандық восход алма сортының өнімділігі // Журнал КазНАУ, «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты». - 2020. – No1(85). - C. 382-387.
- 6 Долгих С.Г., Ташкенбаева А., Саршаева М. Ж., Ирсалиева Ж.С. Производство безвирусного посадочного материала сортов яблони зарубежной селекции, обладающих высокой адаптивностью на юго-востоке Казахстана / Питомниководство России – проблемы и перспективы развития. Материалы II-й международной дистанционной научно-практической конференции, посвященной 105-летию со дня рождения доктора сельскохозяйственных наук С.Н. Степанова 27 августа 2020 г. – Воронеж: Кварта, 2022. – С.48-55
- 7 Долгих С.Г. Рекомендации «Технология производства безвирусного посадочного материала плодовых, ягодных культур и винограда».- 2020.- 57 с.
- 8 Методические указания по клональному микроразмножению подвоев и сортов яблони.- Москва.- 1984.- 20 с.
- 9 Колбанова Е.В., Кухарчик Н.В. Методика микроразмножения плодовых культур in vitro // Плодоводство: науч. тр. ин-т плодоводства НАН Белоруссии. – Самохваловичи, 2006. – т. 18, ч.2 – с.163-168.
- 10 РадюкинаН.Л., ШашуковаА.В., МакароваС.С., КузнецовВ.В. Экзогенный пролин модифицирует экспрессию генов при UV-B облучении. // Физиология растений, - 2011.- 58.- С.49-57.
- 11 КузнецовВ.В., РадюкинаН.Л., ШевяковаН.И. Полиамины и стресс: биологическая роль, метаболизм и регуляция // Физиология растений, .- 2006.- 53.- С.658-683.
- 12 Matysik J., Alia, Bhalu B., Mohanty P. Molecular mechanisms of quenching of reactive oxygen species by proline under stress in plants// Curr. Sci..- 2002.- 82.- Р.525-532.