Аңдатпа
Мақалада Сарыарқа қой тұқымының (Жаңаарқа типі) әртүрлі аталық іздерінен алынған 4 және 7 айлық еркек қозылардың ет өнімділігі мен еттің сапалық көрсеткіштері кешенді түрде зерттелді. Зерттеу нысаны ретінде 12 бас қозы алынып, бақылау сойыс, химиялық, аминқышқылдық, витаминдік, физика-химиялық және микроструктуралық әдістер қолданылды. Нәтижелер бойынша 7 айлық қозылардың тірілей салмағы 39,5 кг болып, 4 айлық қозылардан (37,5 кг) 2,0 кг-ға жоғары болды. Алайда 4 айлық қозыларда ұша шығымы 46,4 %, сойыс шығымы 53,6 % болып, 7 айлық қозыларға (41,5 және 50,3 %) қарағанда жоғары деңгейде анықталды. 7 айлық қозыларда май ұлпасының жинақталуы күшейіп, құйрық шығымы 6,7 %, ішкі май шығымы 2,37 % құрады. Еттің химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде жас ұлғайған сайын май мөлшерінің 6,44 %-дан 18,03 %-ға дейін артқаны, ал ылғал мөлшерінің 73,18 %-дан 61,64 %-ға дейін төмендегені анықталды. Аминқышқылдық талдау 4–7 айлық қозылар етінде ауыстырылмайтын аминқышқылдардың жоғары деңгейін (8,93–11,47 г/100 г белок) көрсетті. Сонымен қатар еттің витаминдік құрамы (В₁, В₂, РР), сіңімділігі, нәзіктігі және микроструктуралық көрсеткіштері оның жоғары биологиялық және тағамдық құндылығын дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері Сарыарқа (жаңаарқа типі) қозыларын 4 айлық жаста сою жоғары сапалы, экологиялық қауіпсіз ет өндіру үшін тиімді екенін көрсетеді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- Пайдаланған әдебиеттер
- 1. Садыкулов, Т. С., Адылканова, Ш. Р. (2022). Селекционно-генетические аспекты совершенствования курдючных пород овец (монография). Альманах, 9 с.
- 2. Есентаев, Е. (2001). Сарыаркинская порода овец. Алматы.
- 3. Садыкулов, Т. С., Адылканова, Ш. Р. (2009). Рекомендации по ведению племенной работы с сарыаркинской грубошерстной курдючной породой овец (жанааркинский внутрипородный тип). Алматы: Бастау.
- 4. Орақбаева, А. Д., Адылканова, Ш. Р., Садыкулов, Т. С., Сансызбаева, Б. Қ. (2023). Формирование мясной продуктивности ягнят сарыаркинской курдючной породы овец (внутрипородный жанааркинский тип). Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты, 4.https://doi.org/10.37884/4-2023/03
- 5. Оракбаева, А. Д., Адылканова, Ш. Р., Садыкулов, Т. С., Сансызбаева, Б. К., Койшибаев, А. М., Досыбаев, Қ. Ж. (2025). Продуктивные и некоторые биологические особенности овец сарыаркинской породы (внутрипородный жанааркинский тип).Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты, 3(107). ISSN 2304-3334.https://doi.org/10.37884/3-2025/07
- 6. Прманшаев, М., Юлдашбаев, Ю. А., Атайбеков, Б. (2019). Клинические и гематологические показатели молодняка овец разных курдючных пород на юго-востоке Казахстана.Овцы, козы, шерстяное дело, 3, 49–51. https://www.elibrary.ru/item.asp?id=41110286
- 7. Ataybekov, B., Prmanshaev, M., Chortonbaev, T., Bekturov, A., Shergaziev, U. (2024). Meat productivity and interior features of fat-tailed coarse wool lambs in the south-east of Kazakhstan. BIO Web of Conferences, 83, 02011.
- https://doi.org/10.1051/bioconf/20248302011
- 8. Traisov, B. B. (2025). The structure of the skin of young crossbred sheep.
- 3i: Intellect, Idea, Innovation, 1, 223–227.
- 9. Uzakov, Y. M., Ospanova, D. A. Research of chemical and amino-acid composition of the complex cutting of carcass. Almaty Technological University. http://journal.agrojournal.org/
- 10. Bai, F., Yu, L., Maerziya, Y., et al. (2024). Meat quality characteristics of Kazakh sheep. Meat Research. http://sciopen.com/
- 11. Сансызбаева, Б. Қ. Құйрықты Сарыарқа қой тұқымының (Жаңаарқа типі) жаңа заводтық аталық із қойларының өнімдік және тұқымдық қасиеттері. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация.