Аңдатпа
Жұптұяқтылар - табиғаттың маңызды элементтерiнiң бiрi. Әртүрлi аңшылық жануарларының қорлары елiмiздiң табиғат ресурстарының бөлiгiн құрайды. Сондықтан, жабайы жануарларды қорғаудың маңызы зор. Зерттеудің негізгі мақсаты Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жұптұяқтылардың таралуын қыс уақытында бақылауға алып, есепке алу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Далалық зерттеу жұмыстары Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи парк территориясында 2023-2024 жж. аралығында жүргізілді. Жабайы жануарлардың қазіргі жағдайы мен таралуы, сандық динамикасы қарастырылған. Далалық зерттеу жұмыстарымызда қысқы маршруттық есепке алу, фототұзақтар орнату, сауалнама алу, көзбен шолу əдістері қолданылды.
Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жұптұяқтыларды бақылау кезінде есепке алу қыс мезгілінде жүргізілді. Қысқы маршруттық санақ кезінде 2024 ж. санақ бойынша жануарлардың саны 1532 дана басты құрады. Парк территориясында жануарлардың мекендеу ортасы қайыңды-көктеректі ағаштар өсетін ормандар. Сонымен қатар, орманды алқаптарда және қосымша азықтанатын науалар жанында жануарлардың белсенділігі орнатылған фототұзақтар арқылы байқалды. Жүргізілген ғылыми далалық зерттеудің нәтижесінде жұптұяқтылардың көптеген ерекше биологиялық қасиеттері мен санының динамикасын анықтауға мүмкіндік туды. Зерттеу нәтижесінде жұптұяқтылардың жыныстық және жастық құрылымы есепке алынды және олардың саны анықталды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1 Сәтімбеков, Р., Е. Келемсейіт, Шілдебаев Ж. "Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік" (2012): 157-160.
- 2 Минаков А. И. Краткий обзор орнитофауны Государственного национального природного парка «Буйратау» и сопредельной территории//Fundamental and Experimental Biology. – 2015. – Т. 80. – №. 4. – С. 38-44.
- 3 Оспанова Г. К., Ауезхан С. А. Экологическое состояние Государственного национального природного парка" Буйратау" //экологические проблемы региона и пути их разрешения. – 2018. – С. 260-265.
- 4 Рахматулин Т. С., Сағындық Т. Ғ., Омарбеков А.Ш., (2023). План управления РГУ «Государственный национальный природный парк «Буйратау» на 2024-2028 гг. п.Молодежный. 130.
- 5 Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК. Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық. -2012. URL:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007492/links#to
- 6 Кузякин В. Учёт численности охотничьих животных. – Litres, 2022. Стр 84-90
- 7 Кондратов, А. В., Кретинина, Н. С., & Вашукевич, Е. В. Учет животных ресурсов: учебное пособие для вузов. – Иркутск, 2017. Стр 11-14.
- 8 Машкин, В. И. Методы изучения охотничьих и охраняемых животных в полевых условиях: учебное пособие. Санкт-Петербург. Издательство Лань. 2013. Стр 432 с.
- 9 Суворов А.П. Основы полевых наблюдений. Следы жизнедеятельности зверей и птиц: учебник для вузов. Санкт-Петербург: Лань, 2020. Стр 260.
- 10 Қарағойшин Ж. М. Орман аңдарының биологиясы. Оқу құралы. Астана: С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 2023. 66-80б.
- 11 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Омыртқалылар. – Алматы, Нұр-Принт «DPS»,–I: 1. 2010. 324б.
- 12 Рашитов С. С., Қарағойшин Ж. М., Нұрғожаева Н. М., Бұршақбаева Л. М. Кәсіптік аңдар биологиясы. Оқулық. Нұр-Сұлтан: С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ. 2020. 256б.
- 13 Исмаилова Ф. М. Анализ комплексного многолетнего исследования флоры «ГНПП «Буйратау» //Актуальные проблемы современности. – 2020. – №. 1. – С. 204-209.
- 14 Kali A. et al. Protected, Rare and Medicinal Plant Species of the Buiratau State National Natural Park (Republic of Kazakhstan). – 2023. DOI:10.20944/preprints202309.0226.v1
- 15 Исмаилова Ф. М. РАСТЕНИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ПРИРОДНОГО ПАРКА «БУЙРАТАУ», ЗАНЕСЕННЫЕ В КРАСНУЮ КНИГУ //Актуальные проблемы современности. – 2020. – №. 2. – С. 163-166.
- 16 Мазаржанова К., Акижанова Н., Акимжанов Д. Жабайы қабандардың орманда және далалы алқаптарда таралуы //Izdenister natigeler. – 2025. – №. 1 (105). – С. 248-254. DOI: https://doi.org/10.37884/1-2025/29